Календарь 2017

Пресс-релиз

2017 жылғы 26 желтоқсанда, сағ. 15.00-де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратының «Мәңгілік ел» залында (Өскемен қаласының Қазақстан көшесі 55, 4 қабат) Ірі компаниялар айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту серіктестік бағдарламасы аясында облыс кәсіпорындарының ынтымақтастығына қатысты мәселелерге арналған Сұхбат алаңы өткізілмек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен алғашқы, 2012 жылдың 14 мамырында, бастамасын алған  Серіктестік бағдарламасының даму жобасы, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, облыс әкімшілігі, «Қазмырыш» ЖШС, «Атамекен одағы» ҰЭКП және «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы ындымақтастық құру туралы қол қойылған меморандумның негізінде, бүгінгі таңда, өзінің оңды нәтижесін көрсете алды және арғарай да дамыды.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 168 қаулысына сәйкес, бағдарламаның іске асыру бойынша операторы «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ болып белгіленді.

Мемлекеттің және бизнестің, әлеуметтік-экономикалық даму шеңберінде бірлесіп атқарылатың іс-әрекеттері мақсатында кәсіпкерлік субъектілерді Серіктестік бағдарламасына қатысуға тарту бойынша атқарылған жұмыстарына сәйкес, бүгінгі таңда, 18 кәсіпорын серіктестік басғдарламасы бойынша ынтымақтастық құру меморандумға қол қойды.

Анықтама алу үшін тел. 87051425096 Оразбаева Шолпан Сайрановна

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жан жылуы» акциясының БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: «Ulba» орталық мәдениет үйі.

Өтетін кақыты: 2017 жылғы 19 желтоқсан, сағат 10.00

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат бақармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.

Жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қарттар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.   

Осындай шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жастарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында 2017 жылғы 19 желтоқсан  күні «Ulba» орталық мәдениет үйінде «Жан жылуы» акциясын өткізуді жоспарлауда. Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне балаларға арналған кинокөрсетілім ұйымдастырылып, «Аджика» мейрамханасында мерекелік түскі ас дайындалып, түскі астан кейін «Бампербол» спорттық шарасы өтеді.

Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әр салада қызмет атқаратын қызметкерлер кездесіп, балалармен ашық әңгіме өткізеді.

Белсенді жастардың игі бастамасы Сідер арқылы ақпараттық қолдау табатындығына сенім білдіріп, алдын ала алғыс білдіреміз.

Қосымша ақпарат үшін: 8 /7232/ 610 942

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел жастары» акциясының БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: Өскемен қаласы, «Император» сауда үйінің аумағы.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 15 желтоқсан, сағат 15.00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысында көптеген іс-шаралар өткізілуде.

2017 жылғы 15 желтоқсан күні облыстың белсенді жастарының бастамасымен және ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Өскемен қаласының «Император» сауда үйінің аумағында «Тәуелсіз ел жастары» акциясы ұйымдастырылады.

Акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары арасында Тәуелсіздік құндылығын насихаттау, отансүйгіштікке ынталандыру, жастардың патриоттық сезімін арттыру және мейраммен құттықтау.

Акция барысында автокөлік иелеріне мерекелік жапсырмалар таратылады.

Іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/ 710-234

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қарттар үйінде өтетін қайырымдылық концертінің БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: Глубокое ауданы, Солнечный кенті.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 15 желтоқсан, сағат 10.00

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат бақармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ белсенді студенттері.

Жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қарттар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. 

Осындай шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында 2017 жылғы 15 желтоқсан  күні Глубокое ауданы, Солнечный кентіндегі қарттар үйінде өтеді.

Шара барысында жастар қарттарға арнап өз өнерлерін ортаға салып, ретро әндер мен билерден тұратын концерттік бағдарлама ұсынады.

Белсенді жастардың игі бастамасы Сідер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс білдіреміз.

Қосымша ақпарат үшін: 8 /7232/ 610 942

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2017 жылдың 14- желтоқсаны күні сағат 16:00-де ШҚО драма театрында (Сәтпаев даңғ.,55) ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс және концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырады.

Бағдарламада: Мемлекеттік сыйлықтың лауреат, ҚР Еңбек сіңірген артисі, опера әншісі,Майра Мұхамедқызы, өнер жұлдызы, жерлесіміз, белгілі баритон Естай Мұқашев, облысымыздың өнер шеберлері Мапруза Умуленова, Вячеслав Ткач және т.б. өнер көрсетеді.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Анықтама үшін телефон: 711 -073, 702-065.

АҚПАРАТ-ПАРАҚ Өскеменде қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылады

Еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қала халқын ерекше сәтті оқиға күтіп тұр. 14 желтоқсан күні сағ.14.00‑де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты өткізіледі. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин. Мерекелік жиынға жергілікті билік пен жоғары оқу орындарының өкілдері, филолог-мұғалімдер, студенттер мен оқырмандар қатысады.   

Дәл осы күні жаңа әліпбимен таныстыратын алғашқы бейнежазба сабағы өткізіледі. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізеді. Бейнежазба сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттаса алады.      

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік саласында іргелі өзгерістер болды. Қазіргі таңда біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан қоғамның үшінші жаңғыруының куәгеріміз және оған қатысамыз. Жаңғырудың жаңа дәуірінде жаһандық ақпарат кеңістігінен орын алу қажеттілігі көзделген, соның бірі –  латындандыру. Яғни, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – жаңғыртудың маңызды бағыты. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша, бұл ағылшын тілін үйрену, Интернет тілін қабылдау, IT‑мамандар дайындау және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуда жағымды жағдайлар жасауы тиіс.

Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекеме – А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен, ашылған Орталық пайдаланушылары жаңа әліпбиді оқып-үйрену көшін бастап, табысты жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

«Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Домбыра party»облыстық жастар акциясының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Металлургтер мәдениет сарайы

(Тәуелсіздік даңғ., 68).

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 10 желтоқсан, сағат 17.00.

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ 2017 жылғы 10 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында «Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Домбыра party» облыстық жастар акциясын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Шараның негізгі мақсаты 2018 жылы аталып өтілетін Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді ресми бастау, қазақ халқының ежелден келе жатқан көне аспаптарының бірі – домбыра мен мәдениетін, ұлттық музыкасы мен әуендерін жастар арасында насихаттау болып табылады.

Акцияға қатысушылар еліміздің танымал күйшілерінің күйлерін орындайды.

Қатысушылардың дені 20 жасар шығысқазақстандықтар болады.

Қосымша ақпараттар бойынша 8 /7232/ 610 942 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысында 2015-2019 жылдарға арналған Үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспар мақсатты түрде іске асырылуда.

2017 жылдың 1 тамыз – 2 желтоқсан аралығында 1151 ағылшын тілі мұғалімдері ТКТ сертификатына (ағылшын тілін оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау, 2 модуль) оқытылды. Жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер үшін тікелей тіл тасымалдаушылардың шақырылуымен ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі (ТКТ Young Learners) бойынша курстар өткізілді. Ең жоғары нәтиже көрсеткен 21 мұғалімнің 11 ағылшын тілі мұғалімі CELTA халықаралық сертификатына шетелден келген жаттықтырушылардан білім алуда. Аталмыш сертификат ағылшын тілін әр түрлі санатты адамдарды халықаралық деңгейде үйретуге мүмкіндік береді.

2017 жылғы  7-8 желтоқсанда Семей қаласында, 9-10 желтоқсанда Өскемен қаласында 972 мұғалім (1 ағым); 22 желтоқсан - Семей қаласында, 23-24 желтоқсан Өскемен қаласында 179 мұғалім (2 ағым) емтихан тапсырады.

Өткізілетін орны:

- Семей қаласы - М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, (Ш. Уәлиханов көшесі, 150);

- Өскемен қаласы - «Нұрорда» мектеп-лицейі (Өтепов даңғылы, 22/1).

Ұйымдастырушылар: ШҚО ББ

Баспасөз қызметі

«Рухани жаңғыру» жобасы негізінде өткізілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – Асқақ жырымсың» атты облыстық жыр-мүшәйрасы мен ақындар айтысының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін мерзімі:

8 желтоқсан  сағ.14.00 –де басталуы;

Өтетін орыны: Металлургтер мәдениет сарайы

Шығыс Қазақстан облысының Айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету. Болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру; Талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау мақсатында:

Желтоқсанның 8 жұлдызында «Рухани жаңғыру» жобасы негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына орай Республикаға танымал ақындар Ринат Заитов, Аспамбек Шұғатаев, Мақсат Аханов, Мейірбек Сұлтанхан қатарлы айтыскер ақындардың қатысуымен «Астана – Асқақ жырымсың» атты  жыр-мүшәйрасы мен ақындар   айтысы өтеді.

Көрермендерге кіру тегін!

Байланысу телефондары:  8775 830 12 50;  740 765

Эл.пошта vko_ertis@mail.ru

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының облыстық форумы туралы БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

Өткізілетін күні, уақыты: 24 қараша 2017 жыл, сағат 12.00

Өткізілетін жері: Глубокое кенті, Балалар шығармашылық үйі

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Глубокое кентінде мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілі жастарының мемлекеттік тілді насихаттауға арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық жастар форумы өтеді.

Мақсаты – тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тіл аясын кеңейту міндетіне сәйкес, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген және жоғары, арнаулы оқу орындарында оқитын мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының тіл үйрену тәжірибесін үлгі ретінде көпшілікке насихаттау.

Форумға облысымыздағы барлық қалалар мен аудандардан 18-35 жас аралығындағы өзге ұлт жастары (әр аудан, қаладан 3 адам), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, БАҚ және зиялы қауым өкілдері қатысады.

Форумға қатысушы делегаттар мемлекеттік тілді дамытудағы жастардың рөлі, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі, үштілді білім беруді ілгерілету туралы ойларын ортаға салады.

Форум соңында делегаттардың шығысқазақстандық жастарға арналған үндеуі қабылданады.

Форум барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген жастар ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының грамоталарымен марапатталады.

2017 жылдың 22 қарашасы күні сағат 16. 00-де Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Рамазан Елібаевтің 70-ке  толуына  арналған «Әнім саған туған ел» атты мерейтойлық концерті өтеді.

Елібаев Рамазан Қабдолдаұлы, 1947 жылы 4-ші тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Мәдениет министрлігінің шешімімен әйгілі «Гүлдер» ансамблінде қызмет атқарған.

Рамазан Қабдолдаұлы «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пайда», «Жас ұлан», «Көздер-ай», «Нұрлы Алтай» т.б. әндердің авторы.

Бүгінгі кеште әнші-композитордың танымал әндерін облыстық, республикалық конкурстардың қатысушылары орындайды, атап айтсақ: XXV республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының дипломанты, сазгер – Қаршыға Ильтанов, XXV республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының «Алтын қанат» иегері – Парасат Отан, облыстық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Наурызхан Іспек, XXVI - республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының «Қола қанат» иегері – «In Coro» тобы.

«Мемлекеттік тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» республикалық семинарының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Өтетін уақыты: 22017 жылғы 20 қазан, сағат 9.30

Өтетін орны: Өскемен қаласы, «Изумрудный» шипажайы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 20 қазанда «Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация»  республикалық семинарын өткізеді.  
Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне өтудің маңыздылығын талқылап, оқу-әдістемелік шаралар мен жұмыстарды бағдарлау.
Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының  мамандары қатысады.
Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі ғалымдар тілдің өзекті мәселелері жайында баяндама жасап, әдіскерлер үздік сабақ үлгілерін көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40 83 67,  87018975047

 

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» республикалық жобасы туралы БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облысы

Өткізілетін уақыты: 16-20 қазан 2017 жыл

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтарға   мемлекеттік тілді насихаттауға арналған шарасын өткізеді.
Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.
Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы, Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Омаров қатысады.
Шара үстіміздегі жылдың 16-20 қазан аралығында өтеді.  
Барлығы жобаға 500-ге жуық адам қамтылады, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және т.б.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-97

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік байқауын өткізуді жоспарлауда. 

Байқаудың негізгі міндеттері:

Байқауға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары қатысады.

Байқау Өскемен қаласы, Комсомол көш., 43/1 (№47 орта мектеп) ғимаратында өтеді.

Қатысушыларды тіркеу – сағат 08.30-да.

Байқаудың басталуы – сағат 09.00-де. 

Байқаудың жабылуына қатысушыларды марапаттау рәсімі кіреді.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО. Тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.

  

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіБАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылады. Қазақстандықтар, мұндай шараларға қатыса отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, оларды алуға кімнің құқығы бар екендігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алудың ерекшеліктері, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі туралы және басқа да көптеген сұрақтар бойынша толыққанды мағлұматтар алды.

Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Зейнетақы жинақтарын төлеу» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Онда елімізде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты маңызды мағлұматтар жария етілді. Шараға қатысушыларға ағымдағы жағдайға сәйкес кесте бойынша төлемдер туралы толық ақпарат берілді. 

Шараға қатысушылардың барлығы белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматтар алды. 

БЖЗҚ Шығыс-Қазақстан облыстық  филиалының қызметкерлері тұрғындарға таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында да хабардар етті. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетін болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

«Бұл норма зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төленетін жиынтық зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметті демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдерді ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы біртіндеп азайып, кейін мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердің салымшы үшін ай сайынғы табыс көзіне айналатындығы сөзсіз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерінің қандай болатындығы салымшының өзіне байланысты. Осылайша, бүгінде еңбек етіп жүрген жандар үшін міндетті зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бір айта кететін жәйт, ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», - деді Дайрова Д.А. Шығыс-Қазақстан облыстық филиалының директоры.

Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен (374 940 теңге) аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленетіндігін айта кеткен жөн.

Таныстырылымнан кейін барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шараларын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Өйткені бұл күні осы шараға қатысушылар Қордың көрсетілетін қызметтерін алып қана қоймай, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы қажетті мағлұматтарды да ала алады.

Тек Шығыс-Қазақстан облыстық филиалының өзінде аталмыш шараға 150 адам қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді: «Мен жеке өзіме қатысты жағдай бойынша толыққанды жауап алдым, - деді ол, - әрине, БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады. Менің зейнеткерлікке шығуыма әлі бірнеше жыл бар. Бірақ зейнетақының қандай болатындығы туралы қазірден ойлау керектігін түсіндім».

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

«Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының (бұдан әрі - Орталық) жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 18-28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті (бұдан әрі – Слет) өткізіледі.
Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің туризмін және өлкетануды дамыту, туристік икемділігі мен дағдыларын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, тарих бойынша, Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері, табиғаты мен мәдениеті жөніндегі білімдерін зерделеу және кеңейту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.

Слетке ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысады.

15-16 жастағы 100-ден астам жоғары сынып оқушысы ғылыми жетекшілердің, мұғалімдердің, нұсқаушылар мен кәсіби гидтердің жетегімен көне көшпенділердің орындары, тарихи артефакттар, ШҚО еңбек даңқы және мәдени-тарихи құнды Берел қорғандары, Шілікті алқабының патшалық қорғандары, Ақбауыр, Аблаинкит оқшау бекінісі, облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары және т.б. маршруты бойынша экспедицияларға аттанады. Экспедицияның қорытындысы бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» зерттеу жобаларының конкурсы мен «Discover East Kazakhstan» эссе конкурсы өткізіледі.

Жас туристерді алда Вороний камень тауына шығу, Ертіс өзені бойымен рафтингпен жүзіп өту күтуде. Оқушыларға картографиялық материалдармен жұмыс істеу қабілетін көрсету мен «Туризм және спорттық бағдарлау» ойыны арқылы жерді бағдарлау әдісін игеру мүмкіндігі беріледі.

Шараны Таулы Үлбідегі «Дарын» базасында өтетін қатысушылардың Слеті қорытылындайды.  Мұнда балалар экспедицияның нәтижесі бойынша зерттеу жобаларын көрсететін, шеберлік сыныптарына, конкурстарға, оқу сабақтарына қатысады.

Жас өлкетанушылар мен туристердің «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық слетінің жеңімпаздары Республикалық кезеңге қатысады.

Қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын маршрут бойынша экспедициялық жұмыстарына, сондай-ақ 27 қыркүйек сағ. 10.00-де Слетке қатысуға шақырамыз (Бағдарлама қоса беріледі).
Қосымша ақпарат алу үшін  8(7232)55-20-12 («Дарын» ШҚ ӨҒПО) телефондарына хабарласуға болады.

Көкпекті ауданында 16-17 қыркүйек күндері «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»  бағдарламасы аясында қазақтың тарихи тұлғасы УАҚ Бармақ батырды еске алуға арналған іс-шаралар Бағдарламасы

16 қыркүйек 2017 жыл

10.00 -10.50  Биғаш селолық округніде (Көкпекті ауылынан 50  км)  Бармақ батырдың денесі жатқан бейіттің басындағы құлпытастың  ашуылу рәсімі.

12.00 – 12.40   Көкпекті ауылында Бармақ батырдың кеуде мүсіннің ашылу рәсімі

13.00 – 14.3 Бармақ батыр рухына  арналған Ас

15.00 – 16.20 Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Уақ Бармақ батыр – тағылым және рухани жаңғыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

17  қыркүйек 2017 жыл.

10.00 -13.00 Көкпекті ауылының ипподромында Бармақ батырды еске алуға арналған ат спорты жарысы

10.00 – Топ бәйге

11.00 – Жорға жарысы

11.30 – Аламан бәйге

 

«Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетінің баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының (бұдан әрі - Орталық) жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 18-28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті (бұдан әрі – Слет) өткізіледі.
Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің туризмін және өлкетануды дамыту, туристік икемділігі мен дағдыларын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, тарих бойынша, Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері, табиғаты мен мәдениеті жөніндегі білімдерін зерделеу және кеңейту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.

Слетке ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысады.

15-16 жастағы 100-ден астам жоғары сынып оқушысы ғылыми жетекшілердің, мұғалімдердің, нұсқаушылар мен кәсіби гидтердің жетегімен көне көшпенділердің орындары, тарихи артефакттар, ШҚО еңбек даңқы және мәдени-тарихи құнды Берел қорғандары, Шілікті алқабының патшалық қорғандары, Ақбауыр, Аблаинкит оқшау бекінісі, облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары және т.б. маршруты бойынша экспедицияларға аттанады. Экспедицияның қорытындысы бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» зерттеу жобаларының конкурсы мен «DiscoverEast Kazakhstan» эссе конкурсы өткізіледі.

Жас туристерді алда Вороний камень тауына шығу, Ертіс өзені бойымен рафтингпен жүзіп өту күтуде. Оқушыларға картографиялық материалдармен жұмыс істеу қабілетін көрсету мен «Туризм және спорттық бағдарлау» ойыны арқылы жерді бағдарлау әдісін игеру мүмкіндігі беріледі.

Шараны Таулы Үлбідегі «Дарын» базасында өтетін қатысушылардың Слеті қорытылындайды.  Мұнда балалар экспедицияның нәтижесі бойынша зерттеу жобаларын көрсететін, шеберлік сыныптарына, конкурстарға, оқу сабақтарына қатысады.

Жас өлкетанушылар мен туристердің «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық слетінің жеңімпаздары Республикалық кезеңге қатысады.

Қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын маршрут бойынша экспедициялық жұмыстарына, сондай-ақ 27 қыркүйек сағ. 10.00-де Слетке қатысуға шақырамыз (Бағдарлама қоса беріледі).
Қосымша ақпарат алу үшін  8(7232)55-20-12 («Дарын» ШҚ ӨҒПО) телефондарына хабарласуға болады.

 

Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай өткізілетін Іс-шаралардың пресс-релизі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абай ауданында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы кеңінен аталып өтілді.

«Дала данышпаны – Құнанбай» кітабының тұсаукесері.
Аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапханада «Дала данышпаны - Құнанбай» кітабының тұсаукесеріне аудан басшылары, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар қатысты. Аталған кітапты жинақтаушы, құрастырушы жергілікті әдебиетші Әсет Мырзақасым. Кітап аудан әкімі қызметін атқарған Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің бастамасымен, демеушілердің және аудан халқының қаржылай қолдауымен шығарылды. Кітапқа Құнанбай Өскенбайұлы туралы тың деректер, арнаулар, естеліктер, «Құнанбай қажы» қоғамдық қорының демеушілері жазылған.

Құнанбай Өскенбайұлы ескерткішінің ашылуы
Мереке аясында М.Әуезов шығармаларының басты кейіпкері Құнанбай Өскенбайұлына аудан орталығынан еңселі ескерткіш ашылды. Ескерткіш Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлер, ауданнан шыққан белгілі тұлғалар, жалпы аудан халқының демеушілігімен орнатылды. Құнанбай ескерткіші облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдаумен, басшысы болған Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің басшылығымен таза мыстан құйылып қашалған. 
«Аудан халқының көптен күткен тілегі, ойында жүрген арманы болған Құнанбай баба ескерткіші ауданның ажарын арттырып, сән беретін, рухани күш сыйлайтын көрнекті орынға айналатынына сеніміміз мол» дейді аудан әкімі қызметін атқарған Т.Мүсәпірбеков.

Қарауыл ауылындағы орталық стадионның ашылуы
Аудан орталығы Қарауыл ауылындағы орталық стадион қазіргі заманғы талапқа сай болмауы, аудан спортшыларының, спорт ардагерлерінің, жастардың көкейінде жүрген мәселе еді.
Ағымдағы жылы арнайы қаражат бөлініп, орталық стадион заманауи талапқа сай қайта жаңарды. Стадионның қоршауы толығымен ауыстырылып, 400 адамға арналған трибуна орындары, спортшылардың киім ауыстыруға арналған ғимараты, «Спорт даңқы» аллеясы салынып, баскетбол және волейбол алаңдары және төрт жолақты жүгіру жолы төселген. Жасанды төсеніш жайылып, қуаттылығы жоғары прожекторлар орнатылды. Стадионның сапалы әрі, мерзімінде пайдалануға берілуі аудан басшылығының басты назарында болса, ауданның «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» ұжымы жұмыла кірісіп, спорт алаңдарының сапалы болуына өз үлестерін қосты.
Орталық стадионның ашылуында Абай елінің түлегі, жақында ғана «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы атаған Айбек Нұғымаровты ұлықтау салтанаты өтті. Жерлестері палуанға жүрек жарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Тәттібеков аудан халқы атынан 1 500 000 теңгенің сертификатын табыстады.

«Мұхтар тойы – халық тойы» 
Орталық стадионда Ұлы жазушы М.Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» театрландырылған көрінісі аудан қонақтарының назарына ұсынылды. Көріністерде жазушының бала күніндегі, жігіттік кезіндегі және әлемге танылған шақтары, шығармаларына елдің сүйікті кейіпкерлеріне айналған тұлғалар арнайы декорациямен сахналанды.
Мереке барысында жазушы шығармалары насихатталып, өмір жолынан үзінділер көрсетілді.

«Қаламқас» халық ән-би ансамбліне 45 жыл.
Абай ауданда бір аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб үйі, 4 халық театры, 2 халықтық ән-би ансамблі жұмыс істеп тұр.
Ауданның мәдениет саласында да жаңғыру орын алуда. Аталған шара аясында Венгрия, Чехославакия, Ресей елдерінің конкурстарының лауреты «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 45 жылдық мерейтойы аталып өтті. 
Жылма-жыл дәстүрлі түрде Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей қалаларының белгілі сахналарында, ШҚО аудандарында өзінің шығармашылық консерттерін беріп жүрген шығармашылық ұжым қазіргі уақытта жас өнерпаздармен толығып, жетістіктерге жетуде. Бүгінде «Қаламқаста» 1 Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 3 «Мәдениет қайраткері», 15 мәдениет саласы үздіктері қызмет етіп. Өнер ұжымының шығармашылық концерті аудандық мәдениет үйінде өтті.
Концерт барысында ансамбльдің іргетасын қалаушыларының және жас әншілерінің репертуары, жаңа би қойылымдары қойылды. Өнерпаздар мерекеге орай облыс және басшылығының марапаттарына ие болды.
Аудан жұртышылығына арналып кешкі уақытта орталық стадионда мерекелік Гала концерт ұсынылды.

«Ұлылық пен өнердің мерекесі»
Заңғар жазушы, классик, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы Қарауыл төбеде жалғасын тапты. Түскі уақытта Қарауыл төбедегі киіз үйлер қалашығында дала данышпандарына арналып Ас берілді. 
Қарауыл төбедегі мереке ұлттық спорт ойындары түрлерінен жарыстарға жалғасты. 
«Тай жарысы», «Топ жарыс», «Аламан бәйге» сияқты ат спорты түрлерімен қатар, «Қазақ күресінен» абсолюттік деңгейде «Мұхтар тойының Бас палуаны» анықталды.

Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына келген қонақтар, аудан тұрғындары бой көтерген нысандар мен спорттық, мәдени шараларға жоғары бағаларын беріп, облыс басшысы Даниал Кенжетайұлына, аудан әкімі болған Тұрсынғазы Жантұяқұлына ризашылық сезімін білдіріп, алғыс айтуда.

 

15 қыркүйек 2017 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы аясында өткізілетін шаралар туралы ақпарат.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай мерекелік шаралар аясында:

Уақыты Іс-шара Өтетін орны Қатысушылар
9:30 «Дала данышпаны – Құнанбай» кітабының тұсаукесері М.Әуезов атындағы орталық кітапхана 35 адам,
Зиялы қауым өкілдері,
Ардагерлер,
Мәдениет қызметкерлері
10:00 «Туған жер» бағдарламасы аясында Құнанбай Өскенбайұлының ескерткішінің ашылуы Қарауыл ауылы,
Ералы көшесі 3
200 адам,
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы (лента қию, құттықтау),
Аудан халқы.
10:30 Орталық стдалионның ашылуы Қарауыл ауылы,
Ералы көшесі 1
350 адам,
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы (лента қию),
Аудан халқы.
10:40 М.Әуезовтың 120 жылығынна арналған театрландырылған көрініс Орталық стадион 350 адам,
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы 
Аудан халқы.
11:30 «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің 45 жылдығына арналған мерекелік концерт Аудандық мәдениет үйі 300 адам
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы (құттықтау)
Аудан халқы.
13:00 М.Әуезовтың 120 жылдығына келген қонақтарға түскі ас. Қарауыл төбе
Киіз үйлер қалашығы
200 адам,
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы.
14:00 Ұлттық спорт ойындарының басталуы
Тай жарыс, 
Топ жарыс, Аламан бәйге,
«Қазақ күресі»
Қарауыл төбе 400 адам,
Келген қонақтар,
Облыс басшылығы.
17:00 Келген қонақтарды шығарып салу    

Баспасөз хабарламасы
06 қыркүйек 2017 жыл

Өскеменде "Иә, сен экспорттай аласың!" атты бизнес-семинар өтеді.

Осы «Қазақстан тауарларын сыртқы нарықтарға шығаруға көмектесу» мемлекеттік бағдарламасының аясында және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің , «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП және аймақтық әкімдіктердің қолдауымен Zoodel компаниясы елдің аймақтарында бизнес-семинарлар өткізуде. Өскемен – жоспардағы жиырма қаланың он тоғызыншысы. 
Шараның мақсаты экспорттық операциялар желісін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жергілікті экспортты ілгерілетудің жаңа құралдарын ұсыну. 
Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері ТМД мен Жібек Жолы елдерінің (Түркия, Қытай, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, т.б.) нарықтарына шығуға арналған жаңа онлайн құралы туралы ақпаратпен танысады. 
Бұл құрал - экспорт және шағын және орта бизнесті дамыту бойынша толық қызмет беретін «Zoodel.com» халықаралық B2B онлайн сауда алаңы. Мысалы: оқыту, маркетинг, сауда серіктестерін анықтау, логистика, қауіпсіз төлем жасау, көп тілді контент, тендерлерде қатысу және басқа қызметтер. 
«Иә, сен экспорттай аласың!» семинары 31 шілделе Атырау қаласында басталды, аяқталуы 7 қыркүйек 2017 жыл. Роуд-шоу келесі жолы Семей қаласында өтеді. 
Анықтамалар үшін: Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдың соңындағы сыртқы саудасы  3,8 млрд. АҚШ долларын құрды . Облыстың экспорт көлемі 2,7%-ға артып, 2,2 млн. . Импорт 1,5 млрд. 1,2 млрд. АҚШ долларын құрып, 16,8%-ға азайды. 
Қазақстан аймақтарының арасында Шығыс Қазақстан облысы: 
сыртқы сауда көлемі бойынша - 8-орында (үлесі 6,1%); 
экспорт көлемі бойынша - 8-орында (үлесі 6,1%); 
өңделген экспорт бойынша - на 2-орында (14,6%). 
2016 жылы Шығыс Қазақстан обылысының экспорты 2,2 млрд. АҚШ долларын құрды . 2015 жылға қарағанда экспорт 2,7%-ға артты. Облыстың жалпы экспортында өңделген тауарлардың салыстырмалы салмағы 85% немесе 1,9 млрд. АҚШ долларын құрды. (ақпарат көзі - «KAZAKH INVEST»)

Толығырақ ақпарат алу үшін төменде көрсетілген тұлғамен хабарласыңыз: 
E-mail: kz@zoodel.com 
+7 778 817 63 64

ПРЕСС – РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің І Форумы
2017 жылдың 22 қыркүйегінде еліміздің бас қаласы Астанада, ЭКСПО Конгресс орталығында Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің І Форумы өтеді.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы – бұл оқиға емес, қандай да бір факт немесе саяси құжаттың нәтижесі емес. Бұл Қазақстан деген әлеуметтік мемлекеттің дамуының эволюциондық үрдісі. 
Әлеуметтік жұмыстың көпқырлылығы және оның тиімділігі. Сегіз секцияның әрқайсысынан отырыс қорытындысы бойынша үкіметке жолданатын нақты ұсыныстар пайда болады. Республиканың барлық өңірлері әлеуметтік қызметкерлері ашық диалог барысында өз мысалдар бойынша өзекті мәселелерді айтады және біздің еліміздің өмір жағдайын жақсарту үшін бастамаларды көтереді.
Форумның мақсаты:

Форумда келесідегідей мәселелерді талқылау жоспарланады:
1. Мүгедектігі бар тұлғалармен, соның ішінде мүгедек-балалармен және қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс.
2. Тұрмыстық зомбылық құрбандарымен әлеуметтік жұмыс.
3. Адам саудасы құрбандарымен әлеуметтік жұмыс.
4. Түрме саласындағы әлеуметтік жұмыс.
5. Тұрақты тұрғылықты орны жоқ тұлғалармен әлеуметтік жұмыс.
6. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс.
7. Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент.
8. Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
Форумға аудандардың, облыстардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының өкілдері, мүгедектермен жұмыс жасайтын мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қоғамдық срапшылар және халықаралық дәрежедегі сарапшылар қатысады.
Біздің облысымыздан форумға әлеуметтік жұмыс саласының 25 маманы барады.
Ағымдағы жылдың 31 тамызында сағта 10-00-де Өскемен қаласы Киевская көшесі, 1 үйде мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерімен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» Тамыз конференциясы пленарлық отырысының Баспасөз хабарламасы

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі – бұл педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына және жаңа педагогикалық идеяларға  есеп беретін дәстүрлі оқиға.
Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сонымен бірге  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде басқару мен инновациялар проблемаларын талқылау, білім беру саласын жаңғырту үшін әдістемелік ұсынымдамалар әзірлеу үшін сұхбат алаңына айналады.
Тамыз кеңесінің негізгі міндеттері: білім мекемелерінің 2016/17 оқу жылындағы жұмысына баға беру, білім беру қызметтерін ҚР мемлкеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарға сәйкестендіру, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, жетім балалардың отбасылық құрылымдарының баламалы формаларын дамыту (қорғаншылық пен қамқоршылық, патронат) және білімде ерекше қажеттілікті талап ететін балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау.
Пленарлық отырыс бағдарламасы төрт блоктан тұрады:
1 блок: - Ғылыми жобалардың көрмесі. «ІТ-білім беру саласының жетістіктері» және «ШҚО білім басқармасының 2016-2017 оқу жылында болған ең маңызды оқиғалары мен жетістіктері» бейнероликтерін көрсету.
2 блок: - Шығыс Қазақстан облысы білім беру жүйесі туралы спикерлердің сөз сөйлеуі.
3 блок: - Қорытындыны шығару. Секциялық кеңестердің және пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдарды қабылдау. 
4 блок: - Марапаттау рәсімі. ҚР БҒМ наградаларымен, ШҚО әкімінің алғыс хаттарымен, «Білім берудің үздік мекемесі» гранты бойынша сертификатты марапаттау. Үштілділікті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының І кезеңін жүзеге асыру қорытындысы, үздік нәтижеге қол жеткізген пән мұғалімдерін ынталандыру, сыйақы сертификаттарын табыстау.

Ұйымдастырушы: ШҚО білім басқарамасы.

Өткізу күні мен уақыты: 2017 жылғы 29 тамыз, сағат 16.30-да.

Пленарлық отырысты өткізу орны: Өскемен қ., Сәтпаев даңғылы, 55, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрларды даярлауда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Казцинк» ЖШС  арасындағы ынтымақтастықты нығайту пресс-релизі

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрларды даярлау үшін серіктестік қатынастар мен  ұзақ мерзімді  өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында 4 тамыз 2017жылы сағат 11:00-де Казақстан көшесі 59/1 кеңсе ғимаратынның 2-ші қабатында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Казцинк» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы келісімшартқа  қол қойылады.Аталмыш ынтымақтастық Қазақстандағы «Индустрия 4.0» бағдарламасы арқылы экономиканы трансформациялау туралы үрдісті қолдауға бағытталған.Бұл іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нусупова А.Б., облыстық білім басқармасының басшысы Абжапаров Н.А., «Kазцинк» ЖШС тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Лазарев А.П. және "Риддер аграрлы-техникалық колледжі" КМҚМ директоры Самойленко А.П. қатысады.
Келешекте,  сұранысқа ие 5 мамандықтың 15 біліктіліктілігі бойынша мамандар дайындауда алға қойған мақсатқа жету үшін,  пилоттық режімде  «Риддер аграрлы-техникалық колледжі" КМҚМ мен «Казцинк» ЖШС  келісім шарт жасауды жоспарлап отыр.

Пресс-релиз

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Шетелде өзіндік өкілдердің кең желісі бар.
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызмет шоғырын қолдауды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде әрекет жасайды.
Компания басшылығы алғашқы 100 күн бойынша атқарылған жұмыстар туралы Астана қаласында баспасөз брифингін өткізді. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев атап өтті: 
- "KAZAKH INVEST" компаниясының алғашқы 100 күн жұмысы барысында біз талдау өткізіп, елдегі инвестициялық ахуалды нақтылап, "бір терезе" қағидаты бойынша компания функционалын ескере отырып, инвесторлармен жұмыс істейтін нақты басым елдер тізімін анықтадық. Сондай-ақ, біз компанияның кейбір ішкі процестерін түзеттік. Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыздылығын ескере отырып, инвесторларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз.
Өңірлерде инвесторларды айтарлықтай қолдау бойынша жұмыстар атқарылды. 10 шілде күні 16 өңірлік директор және олардың 14 орынбасарлары тағайындалды (өңірлік директор облыс Әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады). Өңірлік директорлардың және олардың орынбасарларының басты міндеттері: шетелдік инвесторларды жергілікті жерде сүйемелдеу және қолдау және мүдделерін қорғау болып табылады. 
Бүгінде "KAZAKH INVEST" компаниясының өңірлік өкілдері инвесторлардың өзекті мәселелерін өңірлер әкімдерінің деңгейіне дейін жедел көтеру өкілеттілігіне ие, бұл инвесторларға жәрдем көрсетуге және бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде "KAZAKH INVEST" компаниясының аймақтық бөлімі өңірлерді зерттеу үшін және шетелдік инвестицияларды тарту үшін сапарлары жүзеге асырылды.
1 сәуір мен 11 шілде аралығында компанияның өңірлік бөлімімен 115 кездесу өткізілді және инвесторлардың 74 сұрағы қаралды, оның ішінде оң шешімін 22 мәселе тапты. Соның ішінде визалық қолдау бойынша өтініштер, лицензияларды алу мерзімдерін оңтайландыру, сертификатты ресімдеу, ШЖК тарту, өнімді өткізу, кедендік преференциялар, жер телімін рәсімдеу, газдандыру, инфрақұрылым. Қазіргі таңда тағы 52 мәселе жұмыс үстінде.

Астана күнін мерекелеуге арналған баспасөз ақпараты

Өтетін күні: 5 шілде 2017 жыл
Өтетін уақыты: 17.00
Өтетін орны: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы   (Тоқтаров көшесі, 47)
Қатысушылар: ШҚО Қазақстан халқы Ассамбеясының өкілдері, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, шығармашылық ұжымдары, ШҚО ҚХА қоғамдық институттарының өкілдері, жұртшылық, БАҚ өкілдері.

Мақсаты:  Астана қаласы күніне арналған мерекелік шара өткізу барысында ұлтаралық бірлікті нығайту
Қысқаша ақпарат:   Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарлама, Астана қаласына арналған көрме, викториналар, асфальтқа ең үздік сурет салу конкурсы, тілектер қабырғасы.

Байланыс телефондары: 26-03-61

 

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2017 жылғы 5 шілдеде сағат 11.30-да Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

2.1 Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы, сәулелік терапия орталығының төбе жабындысын жөндеу жайында;
2.2. Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында;
2.3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың және Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылардың мәселелі сұрақтары бойынша Қоғамдық кеңес ұсыныстарын орындау бойынша.

 

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95, 87751742644
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/ сайтында жарияланған.

Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының 2 – ші маусымы бастау алды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы  12 мамыр, Павлодар қаласы, Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен  өтеді.
Байқаудың негізгі мақсаты - біздің көпұлтты елімізде тұратын халықтардың тілдерінде,  балаларға арналған жаңа әндер арқылы балалар музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оқытушыларға  әдістемелік  көмек көрсету. 
«Бала дауысы» байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерті, 13- ші мамырдан  29- шы қазанға дейін созылатын республикалық шығармашылық марафонның бастауы болады.
Жобаның идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы мен Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы «Бала дауысы - 2017» байқауына бастау береді. Мәдениет сарайы сахнасында кең байтақ еліміздің түкпір – түкпірінен келетін бірінші маусымның 23 финалисті өнер көрсетеді. Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастауын алуы кездейсоқ емес. «Бала дауысы - 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая.
13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар мен жобаға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі. Ал, музыка пәні мұғалімдеріне арнайы баларға арналған жаңа ән жинақ тапсырылады. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2 – ші қыркүйек пен 21- ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі - КТК арнасының эфирінен көрсетіледі. 
Күз айында еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды.
27, 28 және 29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың  Супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау финалисттерінің қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.
Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді. 
Толық ақпарат www.baladauysy.kz сайтында.

Пресс-релизі Өскемен қаласында  Петропавл және Шымкент қалаларынан «Туған елге тағзым» жобасы бойынша «Алашорда  ізімен»  тақырыбындағы өлкетанулық-зерттеу экспедициялары жұмыс істейді.

Өтетін орны: Ақпарат  орталығы   Қазақстан көшесі  59/1   2-қабат 
Уақыты: 13 маусым, сағат 10.00 
2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (дербес білім беру ұйымы) жыл сайын  өңірлердің жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын  зерттеу, Қазақтанның біртұтастығы мен патриоттылығын қалыптастыру үшін «Туған елге тағзым» жобасы негізінде өлкетанулық -зерттеу экспедициясын ұйымдастырады. 2017 жылы бұл шара мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»  мақаласын жүзеге асыру үшін  рухани және адамгершілік құндылықтарды дамыту «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау мақсатында өткізіледі.
Шығыс Қазақстанда 10-19 маусым аралығында химия-биология бағытындағы Петропавл және физика-математика бағытындағы Шымкент қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ғылыми-зерттеу экспедициясы болады. Олардың әрқайсысында 12 оқушы, 1 мұғалім және медициналық қызметкер бар.
Арнайы бағдарлама бойынша оқушылар  «УМЗ» АҚ,  «Өскемен СЭС»АҚ,  «АЗИЯ АВТО» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ  ақпараттық-көрмелерінде, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы  мен ботаникалық бақта болып,  тарихи-өлкетану мұражайына және Семей қаласының «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде, Жидебайдағы Абайдың мұражай –үйінде сонымен қатар, «Ақ Бауыр» тарихи - археологиялық кешенінде болады. Бұдан басқа, олар тарихи зерттеу мақсатында облыстық Пушкин кітапханасына барады. Сондай-ақ олар этноауыл мен «Жастар» паркін көруге мүмкіндік алады.
Экспедицияға қатысушылардың әрқайсысы күнделік жүргізіп, эссе жазады.сапарға шықпас бұрын әр баланың Шығыс Қазақстан облысы жайлы ақпарат жинақтап,  ғылыми жобаның тақырыбын таңдауы барған соң оны үйде және мектеп қабырғасында дамытуға көмектеседі. 
Өскемен қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің экспедициясы бүгін , 13 маусымда  Атырауға бағыт алады. олар үшін де қызықты ақпараттарға толы бағдарлама әзірленген.
Роза Кумаргажина, 8 777 985 97 17

«Ювеналды сот балалар құқығын қорғауда» тақырыбындағы Ювеналды соттардың құрылуының 5 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің баспасөз  ақпараты

Өтетін күні: 30 маусым 2017 жыл
Өтетін уақыты: 14.30
Өтетін орны: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы (Тоқтаров көшесі, 47)
Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ), мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту Орталығының, ШҚО Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдлері, БАҚ өкілдері.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүргізгенде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. 
Қысқаша ақпарат: 5 жылда Семей қаласындағы ювеналды сотпен жалпы 2378 әкімшілік, 1140 азаматтық, 396 қылмыстық істер қаралды, 390 баланы азаматтар асырап алды.

Байланыс телефондары: 26-03-61

«Жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы әдіс, тәжірибе, инновация» республикалық семинар-тренингінің баспасөз ақпараты

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Халықтар достығы көшесі, 6 үй   «Эдельвейс»  конференция залы

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 29 маусым, сағат  10.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 29 маусым күні «Жексенбілік мектептерде  қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдерді жеделдете оқытудағы  әдіс, тәжірибе, инновация»  атты республикалық семинар-тренинг өткізеді.   
Семинардың  мақсаты – этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. 
Семинарға  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, жексенбілік мектеп оқытушылары қатысады.
Семинар барысында әдіскер-ғалымдар тілдерді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Жексенбілік мектеп оқытушылары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер панорамалық және шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 740509,  408367, 87013556412

«Қайратты жастар-2017» облыстық сайысының
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін күн: 2017 жылғы 24 маусым 
Өтетін уақыты: 10.00-20:30 
Өтетін орны: Өскемен қаласы, Металлургтер мәдениет сарайы 
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы 2017 жылғы 24 маусым күні жұмысшы жастар арасында «Қайратты жастар - 2017» атты іс-шара өткізуді жоспарлауда. Сайысқа Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындары қатысады.
Іс-шараның мақсаты жас жұмысшыларды мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағыттау, жұмысшы жастардың шығармашылық белсенділігін арттыру, облыстағы ірі кәсіпорындар арасында жастар бәсекелестігін арттыру және Шығыс Қазақстан облысының имиджін көтеру. Бұл іс-шара 2016 жылы ұйымдастырылып, 9 команда қатысқан болатын. Үздік шыққан ұжымдар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау 6 блоктан тұрады:
«Үздік шығармашылық бағдарлама» ;
«Үздік жанкүйерлер»; 
«Жұмысшы жастар арасында спорттық жарыстар»;
«Қайратты жас байқауының Аруы мен Сұлтаны»;
«Онлайн дауыс беру «Жастар таңдауы/Выбор молодых»;
«Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы»;
Сонымен қатар, шара барысында техникалық бағытта оқу бітірген Шығыс Қазақстан облысының түлектеріне арналған «бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылатын болады. 
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын кәсіпорындардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен  өтетін Гала-концерт ұйымдастырылады.

Іс-шараның жастар үшін маңыздылығын ескере отырып, біздің іс-шараға ақпараттық қолдау көрсететініңізге сенеміз.

Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/710-234

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингтің баспасөз ақпараты

Өткізілетін күні:  31 мамыр 2017 жыл

Өткізу уақыты: сағат 15:00

Өткізілетін орны: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жанындағы алаң  (Тоқтаров к-сі, 47)

Қатысушылар: этномәдени бірлестіктердің төрағалары, оның ішінде қуғын сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, колледж студенттері, БАҚ өкілдері.

Мақсаты: Жастарға патриоттық тәрбие беру, оның ішінде тарихи әділетсіздіктерді мысал ете отырып, мұндайдың қайталануына жол бермеу. Өскелең ұрпақты мейірімділікке, ізгілікке және өзара риясыз көмек  көрсетуге тәрбиелеу.

Қысқаша ақпарат: Іс-шара митинг түрінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізіледі.Ұйымдастырушылар ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы. Іс-шарада нақты тарихи фактілер келтіріліп, қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен құрбандардың ұрпақтарынан жиналған естеліктер, сондай-ақ жерлестеріміз, Меңғали Мусиннің шығысқазақстандық Цыбенко отбасы туралы  "Растрелянный хутор" әңгімесінен эпизод көрсетіледі.

Байланыс телефоны: 26-03-61

«Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы баспасөз-ақпарат

Өткізілетін күні, уақыты:

31 мамыр 2017 жыл, сағат 13.00

Өткізілетін жері:

Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі 103, Семей
мемлекеттік медициналық университетінің бас ғимараты

Ұйымдастырушы:

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 31 мамырда Семей қаласында «Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған шараның мақсаты – рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау, алаш арыстарының мұраларын көпшілікке таныту.
Ғылыми-практикалық конференцияға алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым, мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеологиясы, алашордашылар көтерген тіл мәселелері талқыланып, Алаш идеясы мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан идеясының үндестігі төңірегінде сөз қозғалады.
Конференция аясында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылып, пленарлық мәжілістен соң  оған қатысушылар «Алаш зиялылары және ұлт тілі»,  «Алаш және әдебиет» атты екі секцияға бөлініп жұмыс істейді. 

Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімі
Байланыс телефоны:8 /7232/ 704-241

Балаларды қорғау күніне арналған "Достық – бұл мен және сен!" атты конкурстық ойын-сауықтық іс-шарасының баспасөз ақпараты

Өткізілетін күні: 30 мамыр 2017 жыл
Өткізу уақыты: сағат 11:00
Өткізілетін орны:  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жанындағы алаң  (Тоқтаров к-сі, 47)
 Қатысушылар: этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің балалары, мектеп лагерьлері, Достық үйінің балалар шығармашылық ұжымдары.
 Мақсаты: Өскелең ұрпақты мейірімділікке,  гуманизмге және риясыз өзара көмекке тәрбиелеу. Ойындар мен конкурстар өткізу арқылы балаларға парасатты, мейірімді, командада жұмыс істей білуге, достасуға, бір-біріне көмектесуге үйрету. 
Қысқаша ақпарат: Іс-шара балаларды қорғау күніне орай өткізіледі. Ойындар, сыйлықтар және де Лелик клоунның фокустары балаларға жақсы көңіл күй және сергектік сыйлайды. Сондай-ақ бағдарламада этномәдени бірлестіктердің балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Байланыс телефоны: 26-03-61

Белоусовка ауылында жаңа Street Workout ашылды

2017 жылдың 25 мамырында Белоусовка ауылының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ аумағында көк аспан астындағы жаттығу залының (Street Workout) ашылуы жоспарлануда. 
Балаларға жазғы демалыс қарсаңында өлшеусіз уақыт белсенді демалыс пен ашық аспан астында спорттық жаттығу құралдарымен уақыт өткізу бақытын Шығыс Қазақстан облысының маслихат депутаты Кошелев Владимир Леонидович сыйлады.   
Street-workout соңғы жылдары Қазақстанда, ең бастысы, қалалық жерлерде ғана емес, сондай-ақ ауылдардарда да танымал бола бастады.  Ашық аспан астындағы гимнастика балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Street workout – бұл жай ғана уақыт өткізу ғана емес, жақсы физикалық форма, салауатты өмір салтын сақтау мен өзін-өзі жетілдіруге берілген мүмкіндік. Street Workout негізіне қоссырық пен белтемірде жасалатын техникалық және күш жинақтауға көмектесетін жаттығулар кіреді.
Осында бар керегі – спортмен айналысуға деген құштарлық, ал осы құштарлық №1 Белоусовка орта мектебінің оқушыларында жетерлік! Бірнеше жылдар бойы мектеп жеңіл атлетика бойынша аудандық жарыстардың көшбасшысы болып келеді. Сонымен қатар мектеп өзінің футболшылары мен баскетболшыларымен де мақтана алады. Осындай ашық аспан астындағы жаттығу залының ашылуы спорт әлеміне көптеп оқушыларды тартуға және салауатты өмір салтын сақтауға өз септігін тигізері анық.

Өскемен қаласында 24 мен 26 мамыр аралығында «2017 жылда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» атты тегін семинар өткізіледі.

Бағдарламаның мақсаты - іс жүзінде, түрлі деңгейдегі құқығы халықаралық стандарттарға сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы Қазақстанның өнеркәсіптік ұйымдардың қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру болып табылады. Атап айтқанда, семинарда Кеден одағының «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Жарылыскауіпті орталарда жұмыс істейтін төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің нормалары мен талаптары түсіндіріледі.
Семинарда төмендегідей тақырыптар қарастырылады:
1 күні
Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу
Еуразиялық Экономикалық одақтың техникалық реттеу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы стандарттау. Стандарттау саласындағы жаңа ағымдар
Қазақстан Республикасындағы стандарттау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету
Халықаралық стандарттау
2 күні
Мемлекетаралық стандарттау
Дүниежүзілік сауда ұйымы. Каталогтау жүйесі
Менеджмент жүйелері
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі
3 күні
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесі
ЕЭО және ҚР кәсіпорындарының қызмет салаларының бағыты бойынша техникалық регламенттер. Еуразиялық Одақтың аккредиттеу, техникалық реттеу ерекшеліктері мен негіздері.
Семинарды эксперт – аудиторлар, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің жетекші мамандары, негізгі нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеушілері жүргізеді. 
Семинардың өтетін жері: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69, (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында),  405 аудитория.
Байланыс анықтамалары: «ҚазСтИн» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Байшокина Әдия Сансызбайқызы,  телефон 8(7232) 25 39 36.

2017 жылы 18-19 мамыр күндері Күршім ауданы, Күршім ауылында  «Оралханның көктемі» атты Оралхан Көшеров атындағы халықаралық ән фестивалі өтеді

Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген, халық арасынан шыққан дарын иесі, әнші әрі сазгер Оралхан Көшеровтың шығармашылығы музыка өнеріндегі өзіндік қолтаңбассы бар дара құбылыс. Оның әндерін  кеңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр  алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында ШҚО мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы 2017 жылы 18-19 мамыр күндері Күршім ауданы, Күршім ауылында «Оралханның көктемі» атты Оралхан Көшеров атындағы халықаралық ән фестивалі өткізеді. 
Конкурстың мақсаты: әнші, сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу; дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру; ұлттық колориті бар ән өнерінің ең жақсы жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау; халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтарымен алмасуды ұйымдастыру; мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; мәдени мұраны насихатату және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету; жастардың эстетикалық және ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету болып табылады.  
Республикалық «Оралханның көктемі» атты Оралхан Көшеров атындағы халықаралық ән фестиваліне ҚХР, МХР, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан Оралхан Көшеровтың әндерін орындаушы жас әншілер, Қазақстан Республикасының танымал Гүлмира Сарина, Шәкизада, Бауыржан Рақымбеков, Бақыт Үдербаева, «Ғибрат-шоу», Берік Омаров, Әділ Тұрғанбаев және Гүлмира Темірбековалар қатысады.
2017 жылдың 18 мамырында, сағат 12.00-де Күршім ауылдық мешітінде Оралхан Көшеровтың рухына ас беру рәсімі.
2017 жылдың  19 мамырында, сағат 18.00-де Күршім ауылдық стадионында халықаралық ән фестивалі өтеді . 

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мәдениет және өнер бөлімі, байланыс телефоны: 702-065

«Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылы 19 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасын өткізуді жоспарлауда. 
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- инженерлік-техникалық шығармашылықты дамыту;
- балалардың техникалық әлеуетін, жобалау және ойлап табу қабілеттерін анықтау және дамыту, оларға қолдау көрсету;
- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
- қоғамның инженерлік-техникалық әлеуетін дамытудағы мәселелерге қоғам назарын аудару.
Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан «Дарынды мектеп» Кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған «Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.
Олимпиада Өскемен қаласы, Новаторлар көш., 9а (облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей) ғимаратында өтеді.
Қатысушыларды тіркеу – сағат 08.30-да.
Олимпиаданың ашылуы – сағат 09.30-да. 
Олимпиаданың жабылуы қатысушыларды марапаттау салтанатынан тұрады.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ӨҒПО тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.

Өскемен қаласында өтетін  «MinTech-2017»,21-ші Халықаралық тау-кен өндіру, металлургия және көмір өнеркәсібінің жабдықтары мен технологиялары көрмесінің Баспасөз-релизі

«MinTech-2017»,21-ші Халықаралық тау-кен өндіру, металлургия және көмір өнеркәсібінің жабдықтары мен технологиялары көрмесі Өскемен қаласында 17-18  мамырда Б.Александров атындағы Спорт сарайы, Абай даңғылы, 2,  мекенжайында өтеді.

Көрме - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорны – «Қазмырыш» ЖШС қолдауымен өткізіледі. «Best & Alliance Group» ЖШС компаниясы көрменің әріптесі болып табылады.
Көрменің ресми ашылу салтанаты 17 мамырда сағат 11.00-де өтеді.
Көрмеге әлемнің 9 елінен: Германия, Швеция, Швейцария, Қытай, Чехия, Украина, Белоруссия, Ресей және Қазақстаннан: жабдықтар мен технологиялардың жетекші өндірушілері - шамамен 60 компания қатысатын болады. Мұнда тау-кен, байыту, көмір және энергетикалық өнеркәсіп үшін түрлі жабдықтар ұсынылады. Бұлар - сусымалы материалдарды тасымалдауды шешуге арналған  ұсақтау-сұрыптау жабдықтарын өндірушіредің соңғы әзірлемелері, тау-кен машиналарының қосалқы бөлшектері мен жинақтауыштары, шахта қауіпсіздігін, компрессорлық және энергетикалық жабдықтар, кең ауқымды материалдарды химиялық талдауға арналған инновациялық жабдықтар, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялар мен құралдар. 
Дәстүр бойынша биыл көрме экспозициясы «MinTech» жобасына алғаш рет қатысатын жаңа халықаралық және отандық компаниялармен толықты. Олардың арасында төмендегідей компанияларды ерекшелеуге болады: «Восток» Өлшеу  және бақылау технологияларының компаниясы (Қытай) - аспаптар жасауға, бағдарламалық жасақтаманы игеруге, жүйелі интеграцияға мамандандырылған. Ол металлургия, тау-кен өндіру, химия, көмір өнеркәсібіндегі, сондай-ақ құрылыс материалдары, қағаз өндіру және басқа да салалардағы ақпараттық технологиялық шешімдерді ұсынады. «Spectro Analytical Instruments GmbH» (Германия) – геологияға, тау-кен өндіру өнеркәсібіне, қара және түсті металлургияға, машина жасауға арналған аналитикалық аспаптардың өндірушісі. Бұл металл құрамын, плазмамен байланысты индуктивті оптикалық эмиссиялық ұшқын спектрометрлерді талдауға арналған масс-спектрометрлерді және ренгенофлуорисценттік талдағыштарын әзірлеуге және өндiруге мамандандырылған;  «Stanok», ЖШС (Чехия-Қазақстан) Қазақстандағы өкілдігі - жаңа станоктар мен жабдықтардың көмегімен таңдау, жеткізу, ісе қосу мен шығаруға арналған кешенді шешімдерді ұсынады. Бұл парақ металл иілу, металл өңдеу, лазерлік және плазмалық кесу үшін, майдалау бұрап соғу, бұрғылау, тегістеу, сондай-ақ жабдықтар сатады; Токарлық өңдеу, жону, сомдау, бұрғылау, ажарлау станоктарын, сондай-ақ для металды механикалық өңдеуге, лазерлік және плазмалық кесуге, табақ металды майыстыруға арналған жабдықтарды өткерумен айналысады; «Орал Металлургиялық Холдингі» ЖШҚ ӨК (Ресей) - аспирациялық жүйелер жабдықтарын, құрғақ тазалау үшін пайдаланылатын өндірістік технологиялық жабдықты дайындау, жобалау, өндіру және монтаждау; кез келген күрделіктегі металл конструкцияларын жасау, газдарды құрғақ тазалауға арналған технологиялық жабдықтарды жасау игерілді; «Тула Металл илеу зауыты» ЖШҚ (Ресей) - 2013 жылы іске қосылған үздіксіз стан-300 өндірісінің негізі болып табылады. диірмен жылжымалы». Бұранда профиліне негізделген өнімдер - (болат полимерлік, сына кергіш) анкерлік бекітпе, қалыпқа арналған қысқыш бұранда;  грунт анкері; «Техникалық жүйелер мен технологиялар» ЖАҚ (Ресей) - өнеркәсіптік және арнайы мақсаттағы техникалық диагностика жүйесін әзірлейді және шығарады. Діріл диагностикасының стендтік, көшпелі және стационарлық жүйелерін, сондай-ақ теңгеру жүйелер мен орталау жүйелерін шығарады; «ДСИ Техно», ЖШС (Ресей) - «Дивидаг-Системс Интернешнл» халықаралық компаниясының  ресейлік бөлімі, іске асыру мамандандырылған тау-кен өнеркәсібінде, туннель салу мен құрылысында жұмыстарының қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға арналған  тау кен жыныстарының тұрақтандыру мен бақылау саласындағы материалдар мен жүйелерді әзірлеуге, өндіруге, жеткізуге және енгізуге мамандандырылған; «Александра-Плюс», ЖШҚ (Ресей) – пьезоқыш сәулелендіргіштер қолданылған ультрадыбыстық жабдықтардың  технологияларын әзірлеу мен өндіру.

 Украина атынан үш компания болады«БЕРТИ» ЧАО «Берт» - Украинадағы резеңке техникалық бұйымдар өндірісінің көшбасшысы; «Камкор пресс» зауыты - шикізат және тау-кен, металлургия кешені мен өнеркәсіптің басқа да салаларындағы кәсіпорындардың ұсақ бөлінген шикізат материалдары мен өнеркәсіптік қалдықтарын брикеттеуге арналған баспақ жабдықтарын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын; «Промканат» ӨК - PC «Promkanat» - резеңке кабельдер өндірісі, көп арқандық, керегелі жүк көтеру қондырғыларында және лифтерде, шахталық көтеру жүйелерінде жүкті теңгеру ретінде пайдалануға арналған резеңке трос арқандарын шығару. 
Беларусь Республикасы HBC-RADIOMATIC GmbH компаниясының айрықша өкілдігі жерасты жүктегіштерін, құрылыс және мұнаралық крандарды, жүк көтергіш механизмдерді, автобетонсорғыларын, өрт сөндіру жабдықтарын және басқа да көптеген өзгелерді басқару кезінде өнеркәсіптік қолдануға арналған қашықтан радиомен басқару жүйелерін ұсынады. 
Қазақстанның бірінші рет қатысатын компаниялары«Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты» ЖШС өнеркәсіптік газдарды шаңнан тазалауға арналған заманауи, тиімді жабдықтарды, сондай-ақ өнеркәсіптің әр түрлі салаларына  арналған алуан технологиялық жабдықтарды ұсынады; «KAZINTRUST» ЖШС - бес жылдан аса жеке қорғану құралдарының әлемдегі өндірушілерінің  («The MSA Safety», «General Monitors», «Latchways», «Senscient», «DAPRO» өнеркәсіптік қауіпсіздігімпен айналысуда; Электронприбор, ЖЩҚ (Қазақстандағы өкілдігі) - энергетика, мұнай және газ саласы, байланыс, коммуналдық шаруашылық істері кәсіпорындарына арналған диагностикалық өлшеу, сынау  жабдықтарын жеткізетін ресми дистрибьютор болып табылады.

Көрменің аясында Қазақстан Тау клубының: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің жобасындағы ресурстар мен қорлар туралы халықаралық есептілік стандарттарына көшу» тақырыбы бойынша алғашқы көшпелі отырысы өтеді. Іс-шараларды KAZRC қауымдастығы, «PONEN» ҚҰ,  «Antal» ЖШС, «ЦАГС» ҚҰ, «СПМ РК» ЗТБ, Консалтинг СРК ұйымдастырады.

Көрме бағдарламасында сондай-ақ қатысушы жеке компаниялардың мынадай тақырыптар бойынша семинарларды, тұсаукесерлерді өткізуі қарастырылған:

1) Spectro Analytical Instruments GmbH» » (Германия) компаниясының (Германия): «SPECTRO - тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібінде тапсырыс берушілердің аналитикалық мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін лайықты серіктес» тақырыбындағы семинары.
2) «СЕВ-ЕВРОДРАЙВ» (Қазақстан) компаниясының: «SEW-EURODRIVE жетектеуші техникасы» тақырыбындағы семинары.
3) «Mining & Drilling Services» (Казахстан) компаниясының семинары. 

Көрме қатысушылары үшін облыстың жетекші тау-кен және металлургиялық кәсіпорындарына, сондай-ақ КЭМОНТ» АҚ энергетикалық кәсіпорнына және «Best & Alliance Group» -«VK Lab Service» ЖШС компаниясының бөлімшесіне дәстүрлі экскурсиялар ұйымдастырылады.

Көрмеге ақпараттық қолдауды көрсететіндер: «Горный  журнал Казахстана», www.mining.kz ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІ ПОРТАЛЫ, «Прииртышье» бизнес-анықтамалығы, «Горная промышленность» журналы (Ресей), «Горно-металлургическая промышленность» журналы (Қазақстан), «Промышленный Казахстан» журналы, «Kazakhstan» журналы, «Глобус» журналы (Ресей), «Горное оборудование и электромеханика» журналы (Ресей),  Қазақстан Бизнес Энциклопедиясы, «Рациональное освоение недр» Ғылыми-техникалық және әдістемелік журналы (Ресей), «Два Кей» Қазақстанның жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық-аналитикалық порталы, «Traktor Asia» салалық интернет сайты, PromPortal.su өнеркәсіптік порталы, Infonedra.kz Қазақстанның жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық-аналитикалық порталы, «Горнопромышленник» салалық ресурсы.

Өткізілетін жері: Өскемен қаласы, Б.Александров атындағы Спорт сарайы, Абай даңғылы, 2
Өткізілетін уақыты: 17-18 мамырда 10.00  ден 18.00 –ге дейін.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН «MINTECH-2017» КӨРМЕСІН ЖАРИЯЛАП ХАБАРЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Ұйымдастырушылары:  «ҚАЗЭКСПО» Халықаралық көрме компаниясы, «BM EXPO» ЖШС 
Сіз толығырақ ақпаратты төмендегідей байланыстар бойынша ала аласыз:
Тел.: + 7 (727) 313-76-29, 313-76-28, 250-75-19   e-mail: kazexpo@kazexpo.kz

Партизан соғысының батырлары

Партизан қозғалысы Ұлы Отан соғысы тарихында маңызды орын алады. Биылғы жылы 1942 ж. құрылған Партизан қозғалысының Орталық штабына 75 жыл толады. 3 мамыр сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Партизан соғысының батырлары» әдеби көрмесінің тұсаукесері өтеді.  
Сол кездегі «Халық кекшілдері» атанған партизандар қатарында Кеңес Одағының 70-ке жуық ұлт өкілі мен халқы болған. Олардың мақсаты мен мүддесі бір еді, ол – елін, жерін жаудан азат ету. «Халық кекшілдері» неміс фашистеріне бірнеше соққы жасап, қарсыласының біршама техника мен әскери  күшін жойды. Партизандар тұрғындарға моральді рух беріп, жауға тойтарыс беруге жігерлендірді.

Көрмеде Белоруссия мен Украинадағы партизандар қозғалысы, Еуропа аймағындағы Қарсыласу қозғалысы және оккупацияланған жерлерде партизан отрядтарында жаумен күрескен қазақстандықтар жайлы әдебиеттер ұсынылды. Олардың есімдері аңызға айналып, сонау Қазақстаннан шеткері аймақтарына мәлім. Атап айтсақ: Қасым Қайсенов (Ұлан ауданынан), Әди Шәріпов (Жарма ауданы), Тоқтағали Жангельдин (Аягөз ауданы), Григорий Гнидин (Самар ауданы), Мешітбай Хасенов (Үржар ауданы), Василий Абакумов (Риддер қ.) және т.б. Олардың көпшілігі І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медальдарымен марапатталған.

Тұсаукесер барысында Еуропадағы Қарсыласу қозғалысына қатысқан есімдері ұмыт болған жерлестеріміз жайлы мәлімет беріледі. Олар: Рамазан Ерғалиев (Бесқарағай ауданының тумасы), Қабыш Омаров (Абай ауданы), Шаяхмет Боранбаев (Ұлан ауданы), Манас Нұғыманов (Зайсан ауданы). Жерлес партизандар мен Қарсыласу қозғалысына қатысушылар жайлы мәлімет «Шығыс Қазақсан: Танымал есімдер» сайтының «Партизандар» бөлімінде берілген – http://imena.pushkinlibrary.kz.

Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының куәгерлері азайып барады. Ұлы Жеңістің жалауын көтергендер тіпті санаулы-ақ. Алайда, олардың асқан ерліктері кітап, өлең жолдары мен құжат беттерінде сақталуда. Аталған көрме тұсаукесеріне студенттер, оқушылар, тарих пәні оқытушылары мен филологтар және барша өлкетанушыларды шақырамыз. Келіңіздер, Отан қорғаушылардың ерлігіне бірге тағзым етейік! 

Байланысшы: Әсел Омарова, тел.:26-13-33 (ішкі 123)

Жеңіс күні мерекесі аясында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров көшесінде өтетін мерекелік шараның баспасөз ақпараты

Күні: 5 мамыр 2017 жыл
Сағат: 16:30
Өтетін орны: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының алаңы
( Тоқтаров көшесі 47)
Ұйымдастырушылар: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы
Қатысушылар: ШҚО ҚХА мүшелері, Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері          
мен белсенділері, ҚХА аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі,БАҚ өкілдері

Мақсаты: ШҚО ҚХА мақсаты мерекелік шара арқылы «Мәңгілік ел» идеясының мақсаттарымен таныстыра отырып жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Қысқаша ақпарат: ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Достық үйі  - қоғамдық келісім орталығының орналасқан көшесінде, ҚХА Жастар лигасының ат салысуымен, жеңіс күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған  Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров көшесінің мерекесін өткізу. 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан  халқына арнаған жолдауында:  «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Мерекенің мақсаты өлкеміздің тарихына, батыр ұлдарымызға құрмет көрсету. 

Байланыс телефондары:  26-03-61

Қанипа  Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп  2017 жылдың 27-30 сәуірі аралығында  дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы (бұдан  әрі - Олимпиада) өткізіледі. 
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизмді, азаматтылықты дамыту, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.    
Олимпиадаға еліміздің   білім беру  ұйымдарынан аймақтық кезеңнен өткен 200-ден астам  9 - 11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың  республикалық кезеңі 2 айналымнан тұрады: 1 айналым – жазбаша (эссе);   2 айналым – ауызша. Оқушылар Қанипа  Бітібаеваның шығармашылық өмірбаянын, қазақ тілі мен әдебиетінің шығармаларын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін қаншалықты білуі бойынша сайысады.  
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан естелік сыйлықтар беріледі. Олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегері атанған 11 сынып оқушылары жоғары оқу орындарына түсу барысында мемлекетті грантқа  ие болуға құқылы. 
Олимпиада аясында мәдени-танымдық бағдарламалар барысында  қаланың көрікті жерлеріне, тарихи-өлкетану, этнографиялық, ақылды музейге және облыстық драма театрға саяхаттар жоспарланған.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы -  2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00 Металлургтар мәдениет сарайы (Тәуелсіздік даңғылы, 68).
Олимпиаданың салтанатты жабылуы – 30 сәуірде сағат 10.00 дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында (Амур көшесі, 12/1) өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласу қажет:
Өскемен қаласы,Абай даңғылы 21, телефон:  «Дарын» ШҚ ӨҒПО 
тел.: 8/7232/70-02-44; 74 22 66

«Жастық шақ, шығармашылық, достық» ШҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің І облыстық форум-фестиваліне арналған баспасөз  ақпараты

Өтетін күні: 28 сәуір 2017 жыл
Өтетін уақыты: 14.00 – ШҚО ҚХА жастар Форумы
15.00 – ШҚО ҚХА Жастар клубының фестивалі
Өтетін орны:  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы  (Тоқтаров көшесі, 47)
Қатысушылар: ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, ШҚО ҚХА Жастар Лигасының, ШҚО ҚХА Жастар клубының өкілдері, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері, жұршылық, БАҚ өкілдері.
Мақсаты:  Ұлттық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған этносаясат мәселелеріне  жастарды тарту, Ассамблеяның   іс – шараларына қатысу арқылы  «Мәңгілік ел» идеясы принциптері негізінде жаңа буын жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 
Қысқаша ақпарат:   Республикадағы алғашқы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының 25-жылдығы аясында, Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы шығармашылық ұйымдары және ШҚО ҚХА Жастар Лигасының бастамасымен І этно-фестиваль өтеді. Жас таланттардың облыстық фестивалі - Президенттің «Болашағы Біртұтас Ұлт» жалпыұлттық бағдарламасын  қалыптастыру мен жүзеге асырудың жарқын мысалы.

Байланыс телефондары: 26-03-61

«ТІЛДАРЫН» облыстық олимпиадасы туралы БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

Өткізілетін уақыты: 28 сәуір 2017 жыл, сағат 11.00
Өткізілетін жері:
Ұйымдастырушы:
Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі 121
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай 2017 жылғы 28 сәуірде үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» атты облыстық олимпиадасы өтеді. 
Мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Шараға облыстың аудан, қалаларындағы іріктеу байқауларынан өткен 18-22 жас аралығындағы жеңімпаздар қатысады.
Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс. Бірінші кезең – қазақ тілін білу, екінші кезең – ағылшын тілі, үшінші кезең – орыс тілін білу. Әр кезеңнің бірінші тапсырмасына сәйкес үміткерлер берілген тақырыптың мазмұнын толық ашуы тиіс. Сондай-ақ, олимпиада ережесі бойынша эссе жазып, мәтінге ілеспе аударма жасайды.
Үміткерлердің білімін тіл мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде иегері республикалық кезеңге жолдама алады.

Қазақстан халқының Бірлігі Күні қарсаңында, этно-үйлер жанында ағаш отырғызу салтанатына арналған баспасөз  ақпараты

Өтетін күні: 28 сәуір 2017 жыл
Өтетін уақыты: 10.00 
Өтетін орны: Этнографиялық ауылы, Сол жағалау кешені
Ұйымдастырушылар: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы 
Қатысушылар: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері, ЩҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, жұршылық, БАҚ өкілдері.
Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді нығайту, экологиялық мәдениетті арттыру. Туған жерге деген құрметпен қарауды дәріптеу.
Бағдарламада:  Этно-үйлер маңына этномәдени бірлестік өкілдерінің көшеттер мен ағаштар отырғызу.

Байланыс телефондары: 26-03-61

Қанипа  Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп  2017 жылдың 27-30 сәуірі аралығында  дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы (бұдан  әрі - Олимпиада) өткізіледі. 
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизмді, азаматтылықты дамыту, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.    
Олимпиадаға еліміздің   білім беру  ұйымдарынан аймақтық кезеңнен өткен 200-ден астам 9 - 11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың  республикалық кезеңі 2 айналымнан тұрады: 1 айналым – жазбаша (эссе);   2 айналым – ауызша. Оқушылар Қанипа  Бітібаеваның шығармашылық өмірбаянын, қазақ тілі мен әдебиетінің шығармаларын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін қаншалықты білуі бойынша сайысады.  
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан естелік сыйлықтар беріледі. Олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегері атанған 11 сынып оқушылары жоғары оқу орындарына түсу барысында мемлекетті грантқа  ие болуға құқылы. 
Олимпиада аясында мәдени-танымдық бағдарламалар барысында  қаланың көрікті жерлеріне, тарихи-өлкетану, этнографиялық, ақылды музейге және облыстық драма театрға саяхаттар жоспарланған.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы -  2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00 Металлургтар мәдениет сарайы (Тәуелсіздік даңғылы, 68).
Олимпиаданың салтанатты жабылуы – 30 сәуірде сағат 10.00 дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында (Амур көшесі, 12/1) өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласу қажет:
Өскемен қаласы,Абай даңғылы 21, телефон:  «Дарын» ШҚ ӨҒПО 
тел.: 8/7232/70-02-44; 74 22 66

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 27 сәуірде Өскемен қаласында оқушылардың ғылыми жобалары көрсетілетін «ІТ-білім – болашаққа қадам» ІТ-фестивалі өтеді. 
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қ., Абай д-лы, 2, Б. Александров атындағы Спорт сарайы. 
09:00 – 10:00 Қатысушыларды тіркеу
10:30 – 11:30 Салтанатты ашылуы
10:00 – 15:00 Оқушыладың үздік инновациялық және ІТ-жобаларының көрмесі 
IT-фестивальді өткізудің мақсаты:

  1. Білім саласындағы жаңа инновациялық технологияларды ұсыну және талқылдау;
  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру;
  3. Оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулуда тәжірибемен алмасу;
  4. Ақпараттық технологияларды қолдану кезінде озық педагогикалық тәжірибені кеңейту.

ІТ-фестивальдің бағдарламасында келесі секторлар жұмыс жасайды:
№1 Сектор. «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» - бұл сектор энергияның тұрақты көздерін дамытуға, энергиямен жабдықтаудың тиімділігін, сенімділігін арттыруға, қайта қалпына келетін энергия көздерін қолдануды ынталандыруға және қатысушыларға энергия үнемдеу өндірісі жоспарын әзірлеуде, оны жүзеге асыруда белсенділік танытуға бағытталған. 
№ 2 Сектор. «Ғылыммен болашаққа» - болашақта кеңінен пайдаланылатын құрылғылар мен жаңа технологиялар – депрессияға қарсы өсімдіктен бастап қолдың роботты протезіне дейін  ұсынылады.
№ 3 Сектор. «Жалпыға бірдей білім» - бұл сектор үйде және инклюзивті білім алатын білімде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Осында онлайн-қатысу, әлеуметтік желіні құру, Қазақстанның интерактивті картасы мен «Интернетпен басқарылатын денелер» бағыты бойынша оқушылардың жобалары ұсынылады. 
№ 4 Сектор. «МЕКТЕП  - ЖОО» - бұл секторда жоғарғы оқу орындары мамандарымен бірлесе «Мектеп - ЖОО» жобасының аясында әзірлеген оқушылардың ғылыми жобалары ұсынылады. 
№ 5 Сектор. «БАҒДАРЛАМАЛАУ» - экспозицияда академиялық зерттеулер, зерттеулердің сынамалық тәжірибесі, 3D анимация мен үлгілеу, толықтырылған нақтылық сияқты бағдарламалаудың заманауи технологияларын көрсетін материалдар ұсынылды. 
№ 6 Сектор. «МэйкерЛІК» - бұл секторда Шығыс Қазақстан облысының оқушыларымен құрастырылған түрлі «ақылды» технологиялар жинақталған. Бұл жерде энергияның баламалы көздерін қолдану, ауыл шаруашылығын автоматтандыру, кабинеттің микроклиматын реттеп отыратын қондырғылар сияқты бағыттар қамтылған. 
Фестиваль аясында ғылыми ойын-сауық аумағында балалар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады. Бұл жерде виртуалды нақтылық көзілдіріктері, «информатика» пәні бойынша онлайн режимде интерактивті тесттен өту  мүмкіндігі қарастырылған, сонымен қатар «ақылды мұражайдан» бастап шығармашылық шеберлікке дейінгі түрлі интерактивті экспонаттар ұсынылады. Роботты техника полигонында «роботтар шеруі», «робоас әзірлеу», суморобот, көпірді құрастырушы робот және тағы басқа роботтардың түрлері ұсынылады.

 ФестивалЬГЕ ҚАТЫСУШЫ-КОМПАНИЯЛАР
AVRGROUP – Қазақстандағы толықтырылған және виртуалды нақтылық жөніндегі компания. AVR виртуалды нақтылық көзілдіктерінің жұмысымен танысуға болады, алдын ала бағдарламалық қосымшалары орнатылған планшет, ноутбук, толықтырылған нақтылық қосымшасы бар арнайы оқулықтар, үлестірмелі материалдар ұсынылады. 
 «Промобот» компаниясының ресми дистрибьюторы -  Promobot V.3, Promobot V.2 үлгісіндегі роботтар. «Көрменің жолнұсқаушысы» роботы әр жобаға жеке тоқталып, экскурсия жүргізеді. 
MARWIN  компаниясы - LEGO роботты техникасының жиынтықтарын ұсынады: базалық, ресурстық, сонымен қатар осы жиынтықтардың дайын үлгілері. 
MAKER SPACE шығармашылық шеберханасы – мейкерлік жобаларды ұынады.
1С Рейтинг - 1С: Қазақстандағы бағдарлама  жасаушылардың клубы – бұл 11-17 жастағы балаларға арналған нағыз клуб. Мектеп оқушылары үшін «Java» тіліндегі бағдарламалаудың негіздері» курсының нәтижесінде оқушылар күрделі емес бағдарламалармен, бағдарламалаудың қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алады. «Бұлтты» қосымшалармен жұмыс бойынша шеберлік сағатын өткізеді.  
My ROBOT роботты техникасының клубы – балаларды физика, мехатроника, құрастыру және бағдарламалау негіздері бойынша оқытатын үлестірмелі таныстыру материалы. 
Фестивальдің жұмысы аясында қатысушылар интерактивті дауыс беру терминалдарының көмегімен «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша ең үздік ІТ-жобаға дауыс бере алады. 
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын, БАҚ өкілдерін шақырамыз. Кіру – тегін.

БАҚ үшін байланыс:
ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі: Алимгазин Медет 
8(7232) 705939, 705941

«3D-Alem» облыстық чемпионатының баспасөз хабарламасы

Чемпионаттың ашылу күні: 2017 жылғы 26 сәуір, сағат 09.00.
Чемпионаттың өтетін орны: Өскемен қ., «Альшемали» СҮ, конференц–зал, Мызы к-сі, 16/1

«ІТ-білім – болашаққа қадам» 5-ші ІТ-фестивалінің аясында 26 сәуірде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының арасында 3D-үлгілеу,  жобалау және мультимедиалық журналистикадан «3D-Alem» чемпионаты өткізіледі. 
Чемпионат облыстағы мектеп оқушыларының шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, дарынды және ынталы оқушыларды анықтау, олардың қабілеттерін ары қарай дамытуда қолдау көрсету, кәсіби жағдайларда қойылған нақты міндеттердің тәжірибелік шешімін табу және техникалық құрылғылармен жұмыс жасау  дағдыларын дамыту мақсатында өткізіледі. 
Чемпионатта «10+» және «14+» екі жас ерекшеліктері бойынша облыстың қалалары мен аудандарынан 20 команда қатысады. Қатысушылар «PTC Creo Parametric 3.0» компьютерлік бағдарламаның көмегімен үшөлшемді заттарды үлгілеу бойынша жарысқа түседі. Сонымен қатар, қатысушылар қазылар алқасының алдында қолжетімді мультимедиалық құралдардың көмегімен орындалған бейнеформаттағы жобаларын таныстыратын болады.
Чемпионаттың сарапшылары мен төрешілері - ғылыми дәрежелері бар білім, ғылым мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерінен құрылған тәуелсіз мамандар.

БАҚ үшін байланыс:
ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі: Алимгазин Медет 
8(7232) 705939, 705941

«Білім жолы» республикалық зияткерлік марафонының облыстық кезеңінің
баспасөз хабарламасы

2017 жылдың 8 сәуірінде Өскемен қаласында республикалық «Білім жолы» марафонының (пилоттық жоба) облыстық кезеңі өтеді. 
Марафон ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Асыл бала» Республикалық ассоциациясы, «КАДУ» мектепке дейінгі мекемелердің Қазақстандық ассоциациясы, «UCMASKAZAKHSTAN» халықаралық ментальдік арифметика орталығы, «Дарын» Республикалық           ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Серіктестер мен демеушілер іс-шаралар:
1. «USMAS KAZAKHSTAN» ментальді арифметика халықаралық орталығының Өскемен қаласындағы филиалы;
2. «Асыл бала» қауымдастығы;
3. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры;
4. Cambridge-school тілдік мектептердің желісі; 
5. «Үлбі», орталық мәдениет үйі («Джунгли» ойын орталығы);
6. «Пицца Блюз Желісі» ЖШС;
7. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы филиалы.
Шараның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипаттағы есептерді шығару қабілетін анықтау және оны дамыту, жетістік/кемшілік және құрылымды қимылдау икемдерінің себептерін түсіну. 
Марафон жас мөлшеріне қарай үш санатта өткізіледі: мектепке дейінгі мекемелер, 1-2 сыныптар, инклюзивті сыныптар (денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар) және әр түрлі бағыттағы қызықты тапсырмалармен толтырылған. 
Марафонның мазмұны мен өткізу шарты әр оқушыға өзін көрсету, қатысудан рахат алу, өз мімкіндігін сезіну және мектептегі оқудың қызықты екендігін, қуаныш әкелетіндігін ең бастысы пайдалы екендігін сезіну мүмкіндігін береді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар жалпы сынақтан кейін ұйымдастырушы комитеттің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар алғыс хаттарымен марапатталады.
Балалар үшін жарқын оқиға, жарыстың толқытар сәті. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін басқалармен өзін тең санау, зияткерлік қабілеттерін көрсету мүмкіндігі. Ата-аналар үшін үйде қандай ойындар мен әдіс-тәсілдер қолдану керектігін біліп алу мүмкіндігі, балаларының ақыл жаратылысының математикалық немесе гуманитарлық екендігін түсіну. Мұғалімдер үшін жас дарындармен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру әдістерін, жаңа тәсілдермен үйретуді тану. Ғалымдар үшін білім берудің теориясы мен  практикасын біріктіру, бақылау мен талдау алаңы.
Шара үш бөлімнен тұрады:
1. Ашылуы.
Шара Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғ., 27/3 мекен-жайында орналасқан №1 «Балапан» бала-бақшасының базасында;
Қатысушыларды тіркеу - сағат 09:00-де. Басталуы - сағат 10:00.
2. Конкурстық бөлім - қатысушылар командаларының - (маршрут парағына сәйкес) тапсырмалары бар «станциялардан» өтуі. 
3. Жабылуы. Концерттік бағдарлама және қатысушыларды марапаттау салтанатынан тұрады.
Жеңімпаздарды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, «UCMAS Kazakhstan» халықаралық ментальді арифметика орталығының өкілдерінен, Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады:
Өскемен қ., Абай даңғ., 21 үй, «Дарын» ШҚ ӨҒПО
тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2017 жылғы 7 сәуірде сағат 16.30-да Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 501 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95, 87751742644
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/ сайтында жарияланған.

Аймақтық оқыту семинары «Отандық кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу»

Өскемен қ. 07 сәуір 2017 ж.

07 сәуір 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында бюджеттік негізде «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ШҚ ф және Шығыс Қазақстан облысы бойынша РММ «Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменты» болып табылады.
Семинар техникалық реттеу және метрология жүйелерін 2020 жылға дейін жетілдіру бойынша Кешенді жоспарын орындау және менеджмент жүйесі саласында мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау мақсатында өткізіледі. 
Семинарда келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
1. ISO/TS 16949 «Сапаны басқару жүйесі – Автокөліктер және оған тиісті бөлшектерді өндіру үшін ИСО 9001 қолданудың ерекше талаптары». 
2. ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптер және басшылық нұсқаулар; ISO/TR 31004-2013 «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу бойынша нұсқаулар».
Лектор ретінде халықаралық эксперт, «Weidinger & Partner» АҚ басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының сұрақтары бойынша кеңесшісі, халықаралық стандарттау жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар Ладнорг Зигфрид Петер /Вена, Австрия/ шақырылды.

Алғыс айту күніне арналған шараның  баспасөз ақпараты 

Күні: 1 наурыз 2017 жыл

Сағат: 17:00

Өтетін орны: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

( Тоқтаров көшесі 47)

Ұйымдастырушылар: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

Қатысушылар: ШҚО ҚХА мүшелері, Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, ҚХА аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Журналистер клубы, Үкіметтік емес ұйымдар,БАҚ өкілдері.

Бағдарламада:17:00  1-наурыз Алғыс айту күніне арналған салтанаты мерекелік концерт

Мақсаты: Алғыс айту күні мерекесін кең көлемде насиқаттау сонымен қатар жоғары дәрежеде атап өтуАлғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді. Бұл күн тек адамдар арасындағы жарқын  қарым-қатынас пен жақсылықтың бастауы.

Байланыс телефондары: 26-03-61, 8702-906-15-27

Облыстық орталықта 2017 жылғы 8 ақпанда «Болашақ мамандары» облыстық форсайт семинар өтеді

Өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2017 жылғы 8 ақпанда сағат 9:00 де «Болашақ мамандары» облыстық форсайт семинарын өткізеді.

 «Болашақ мамандары» жобасы - бұл оқушылардың электроника, мехатроника, роботты техника, бағдарламалау, CAD инженерлік дизайны, интернетпен басқарылатын зат, толықтырылған нақтылық, 3D үлгілеу, прототиптеу бағыттары бойынша кәсіби дайындығы және олардың ерте кәсіптік бағдарының инновациялық элементтерін жасауға бағытталған кешенді шешім.

Форсайт семинар бағдарламасында бағыттар бойынша 9 фокус топ жұмыс атқарады. Инженерлік бағыттағы форсайтта Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласынан келетін «WorldSkills Russia» жобасының басшысы Павел Черных JuniorSkills туралы баяндамасымен қатысады. П.Черных өз баяндамасын талқылау барысында бағыттар бойынша материалдар пакетін жасау, JuniorSkills чемпионатына қатысу жайлы айтады.

қатысушылардың фокус топтарға қатысуы оларға әрбір бағыт бойынша жеке теориялық түсінік алуға, тәжірибелік сабақтар, форсайт-ойындарға қатысуға мүмкіндік береді.

Форсайт семинардың қорытынды жұмысы ретінде «Болашақ мамандары» кешенді жоспары ретінде қабылданатын болашақ бағыттар картасы жасалады.

Форсайт семинар Өскемен қаласы Серікбаев көшесі, 19 үй мекен-жайында орналасқан Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де өтеді.

WorldSkills Халықаралық чемпионатына дайындау аясында, «Болашақ мамандары» атты облыстық форсайт-семинардың пресс-релизі

Уақыты : 9 ақпан  2017 ж.

Өтетін орны: DEDEMAN қонақ үй кешені

2017 жылғы 9 ақпанда ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттерін WorldSkills Халықаралық чемпионатына даярлау аясында,  кәсіптік біліктілік бойынша РФ Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі, құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту «SkillsCenter» орталығының директоры Черных Павел Павловичтің қатысуымен «Болашақ мамандары» атты облыстық форсайт- семинары өткізіледі.

Форсайт-семинардың мақсаты– кәсіби құзіреттілікке қойылатын халықаралық талаптармен таныстыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жоғары білікті жұмысшы кадрлардың мәртебесін көтеру, аймақтың экономикалық дамуына кәсіби құзіреттіліктің маңыздылығын көрсету.

Форсайт-семинар төмендегі фокус топтар бойынша  жұмыс атқарады:

- №1 фокус-топ. Құрылыс индустриясы құзіреттілігі;

- №2 фокус-топ. Электромонтаж құзіреттілігі;

- №3 фокус-топ. «Дәнекерлеу технологиялары» құзіреттілігі;

- №4. фокус-топ. «IT жүйелерін басқару» және  «Мехатроника» құзіреттіліктері;

- №5 фокус-топ. «Сервис және қызмет көрсету» құзіреттілігі;

- №6 фокус-топ. «Аспаздык іс» және «Кондитер» құзіреттіліктері.

Аталған семинарға қатысушылар ұлттық сайыстарда кәсіби шеберлік тәжірибесін кеңейтуге, халықаралық деңгейдегі оқыту технологиялары және жаңа кәсіби стандарттармен танысуға мүмкіндік алады.

Күтілетін нәтижелер: семинар жұмысының қорытындысында WorldSkills чемпионатының барлық деңгейі бойынша даярланудың іс-әрекет алгоритмдері құрылады.

Семинарға қатысушылар: ШҚО Білім басқармасының ТжКББ бөлімінің өкілдері, ШҚО кәсіпкерлер палатасы, аймақтың жетекші кәсіпорындары, оқу орындарының басшылары, директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасарлары, өндірістік оқыту шеберлері.

Физика-математикалық ғылымдарының докторы С. С. Мусатайдың  «Қиындық деңгейі жоғары физика есептерін шығару» шеберлік сыныптың баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес физика пәні мұғалімдерінің теориялық білімдерін, оқыту мазмұнының ерекшелігін жетілдіру және әдістемелік көмек беру мақсатында физика-математикалық ғылымдарының докторы С. С. Мусатайдың   шақырылуымен «Қиындық деңгейі жоғары физика есептерін шығару» шеберлік сынып өткізеді.

Шеберлік сыныпқа диагностиканың қорытындысы бойынша жоғары деңгей көрсеткен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 140 физика пәнінің мұғалімдері шақырылады.

Өткізу орны: Өскемен қаласы, Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Комсомол көшесі, 43/1, акт залы  

Өткізу мерзімі: 6-7 ақпан 2017 жыл

Басталуы: сағат 09.00.


6 ақпан күні С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ әкімшілік ғимаратындағы «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығында состоится «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мухаммед студенттермен және оқытушылар-профессорлар құрамымен кездеседі. 

Басталуы: 10.30.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан Корейлер ассоциациясы ұйымдастыруымен өтетін іс-шараның баспасөз ақпараты 

Күні:27 желтоқсан 2017 жыл

Сағат:17:00

Өтетін орны:Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы(Тоқтаров көшесі 47)

Ұйымдастырушылар: ШҚО Корейлер ассоциациясы

Қатысушылар: ШҚО Қазақсақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы, Этномәдени бірлестік мүшлері, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары.

Мақсаты:Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV- сессиясы қарсаңында,«Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының» 25 жылдығына және Корей этносының қазақ жеріне қоныстанғанына 80 жыл толуына, сонымен қатар  «Сольлаль»  корей халқының жаңа жылдық мерекесінің басталуына байланысты ұйымдастырылып отырған бұл шараның мақсаты корей халқының мәдениетімен өзге ұлт өкілдерін тереңірек таныстыру, елдегі бірлікпен тұрақтылықты, татулықпен достықты насихаттау.

Бағдарламада:15:00аралығында  шеберлік сағаты.

17:00 мерекелік концерт

Байланыс телефондары: 26-03-61

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.02.2018 / 05.02.2018