Календарь 2016

26.11.2016

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Шығыс ұландары» сынып оқушыларының салтанатты ант қабылдау рәсімінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылдың 26 қарашасы күні «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шығыс ұландары» сынып оқушыларының салтанатты ант қабылдау рәсімін өткізеді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың жалпы білім беретін мектептерінде әрқайсысында 25 оқушы білім алатын, 25 «Шығыс ұландары» сыныптары ашылды. Тірек мектеп болып Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» болып табылады.

Сыныптардың ашылу мақсаты: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, қазақстандық патриотизмді, гуманизмді және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

Аталған іс-шараның қатысушылары «Шығыс ұландары» сыныптарының оқушылары, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері, Ресей Федерациясы қарулы күштері оқу орындарының курсанттары, облыстық қарулы күштер мекемелерініңөкілдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері.

Шара кезінде 400-ден астам оқушы салтанатты ант қабылдап, «Шығыс ұландары» сынып оқушысының куәлігі табысталады. Рәсім барысында қатысушылар назарына «Шығыс ұландары» сыныптарының нышанын тапсыру, дауылпазышалар взводының қойылымы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілерінің көретілімдері ұсынылады.

Шара 2016 жылдың 26 қарашасы күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Салтанат сарайында Әуезов даңғылы, 114 мекен-жайы бойынша өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелісіздік күнін мерекелеуге арналған  шараларды өткізуге қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін шакырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8(7232)55-20-12, 70-06-09 (ШҚ ӨҒП «Дарын»).

Пресс-служба

Управление образования ВКО

702345

25.11.2016

«Жастар ғылымын дамыту – зияткер ұлтты қалыптастырудың негізі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

пресс-релизі

2016 жылдың 25 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Жастар ғылымын дамыту – зияткер ұлтты қалыптастырудың негізі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция қонақтары – Thorsten Janus, PhD докторы (Вайоминг университеті, АҚШ); Sang-Mae Lee, PhD докторы, профессор (Пусан ұлттық университеті, Оңтүстік Корея); Оскорбин Николай Михайлович, техн.ғ.к., доцент, теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі (АлтМУ, РФ).

Пленарлық отырыстың өту орны: Өскемен қ., Қазақстан к., 55 (ШҚМУ әкімшілік ғимараты), акт залы.

Өту уақыты: сағ.14.00.

Конференция аясында мәселелер келесі бағыттар бойынша талқыланады:

  1. Экономикалық жаңарулар: жастар рөлі және мәселенің құқықтық аспектілері;
  2. Нақты ғылымдар қоғамды индустриаландыру құралы ретінде;
  3. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері студенттік көзқарас тұрғысынан;
  4. Студент тұлғасын дамытудағы инновациялық басымдықтар.

Конференция жұмысына қатысуға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар мен жас ғалымдар шақырылады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, қытай.

Байланыс телефондары: 8 (7232) 241-401, ішкі – 125. Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы.

25.11.2016

2016 жылдың 25 қарашасында сағат 11:00-де Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы аясында» атты іс-шара өткізіледі, онда «Шығыс Қазақстан: бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы 1991-2016» фотоқұжаттық көрмесі ұсынылады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Алғаш рет Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықпен танылған, заңды түрде ресімделген тәуелсіздік мемлекет мәртебесіне ие болды. 25 жыл ішіндегі егеменді даму жолында Қазақстан әлемнің 50 дамыған ел қатарына кірді.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған іс-шараның негізгі мақсаты, Шығыс Қазақстанның экономика, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласында жеткен жетістік пен табыстарды көрсету, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде архив мекемелерінің рөлін көрсету, елге деген, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру, жас ұрпақта патриотизм тәрбиелеу болып табылады.

Көрмеде, Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдениет даму туралы архив құжаттары ұсынылады.

 Байланыс телефон: Шустова Т. В. 8(7232) 255976.

18.11.2016

«Біздің №1»/«Наш №1» «Our №1»  XVI – Облыстық жастар форумыныңБАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 Өтетін уақыты: 18 қараша  2016 ж, сағ: 09:00-22:00;

 

Өтетін орны:

-       Семинарлар: сағат: 09.00-16.00: Өскемен қаласы,  ШҚО «Талдау және болжау» институты, ШҚО ақпараттық орталығы, «Экодом» жастар кешені;

-       «Жастар балы»: сағат: 18.00-Өскемен қаласы, «Остров» резиденциясы.

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының белсенді жастары. 
Жалпы саны 300 адам.

2016 жылғы 18 қараша күні ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай «Біздің №1»/«Наш №1» «Our №1» атты 
XVI облыстық жастар форумын өткізу жоспарлануда.

Форум 2 блоктан тұрады:

1. Бірінші блок 2016 жылғы 18 қараша күні сағат 09.00-16.00- аралығындағы қала/аудандардағы жастар орталықтары директорларына, «Серпін -2050» бағдарламасы арқылы білім беретін оқу орындарының сардарларына, жоғарғы және орта арнаулы білім беретін мекемелердің жастармен жұмыс коммитетінің жетекшілеріне және мемлекеттік емес жастар ұйымдары төрағаларына арналған 
4 тақырыпта өтетін оқыту семинар-тренингтерінен тұрады:

-         «Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен азаматтық белсенділіктерін арттыру»;

-         «Пікір. Көзқарас. Менің таңдауым (риторика, манипуляция)»;

-          «Ұйым жұмысы үшін ортаны талдау және ресурстарды іздеу»;

-         «Кәсіпорындардағы жастар кеңестерін құру және заңдылық аспектілері».

2. «Жастар балы».

Екінші блок. XVI облыстық жастар форумының ресми бөлімі сағат 18:00-де «Бал» форматында өткізіледі. Шараға облыс аумағындағы түрлі салада қызмет атқаратын 150-ден астам жұп (жұмысшы жастар, ауыл жастары, студенттер, жастар ұйымының өкілдері, журналисттер, мемлекеттік қызметкерлер т.б) қатысады.

Сонымен қатар, мерекелік кеш барысында облыс әкімі белсенді жастарды 
7 номинация бойынша  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен марапаттайтын болады.

  1. 1.       Жылдың жас көшбасшысы;
  2. 2.       Жылдың студент көшбасшысы;
  3. 3.       Жас кәсіпқой:
  4. 4.       Жылдың жастар ұйымы;
  5. 5.       Жылдың жас журналисті;
  6. 6.       Жылдың жастар акциясы;
  7. 7.       Жас отбасы.

 Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/ 710 233, 8 707 669 53 29

 

 24.10.2016- 28.10.2016

«My PRO» мамандықтар фестивалі және «Практиканттар жәрмеңкесі» іс-шарасының анонсы

ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ бастамасымен 24-28-қазанда «Алтай» Технопаркінде 8-11-сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді. Бұл мерекелік іс-шарада балалар ересектер әлемінің бір бөлігімен танысады. Оқушылар біздің өңірде қандай танымал мамандықтардың бар екенин біліп қана қоймай, сүйікті істерін таңдай алады және де жанына жақын жұмыстың қуаныш әкелетінін сезіне алады.

«My PRO» мамандықтар фестивалі өте қызықты және де танымал квест түрінде өтеді, бұл жерде мамандықтардың сырлары ашылып, сондай-ақ шеберлік сыныптар, ойындар, мамандықтар бойынша практикалық сабақтар ұсынылады.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының ең үздік қолледж мамандықтарымен танысады. Оқушылар өздерін мына мамандықтар бойынша көрсете алады: «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Омарташы», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Тракторист-машинист», «Әртіс».

28-қазан күні «Алтай» Технопаркінде «Education2Business» форматында «Практиканттар жәрмеңкесі» іс-шарасы өтеді. Облысымыздың компаниялары мен колледждері колледж студенттерімен іс-тәжірибеден өту жайлы келісімшарт жасау мақсатында кездеседі, сондай-ақ кәсіпорын иелері болашақ мамандармен таныса келе, оларды ары қарай еңбекпен қамтуда тағылымдамаға алуға мүмкіндігі болады. Қатысушылар арасында 15-тен астам ШҚО колледждарерімен және өңіріміздің 75-тей компанияларымен кездесу өтеді.

29-қазан күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін «Алтай» Технопаркінде 1-7-сынып оқушыларына арналған «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді, бұл алаңға балалар ата-аналарымен келіп, қызықты да пайдалы уақыт өткізе алады. Бағдарламада: тыңшылармен квест, шеберлік сыныптар мен мамандықтар әлемімен танысу жоспарланған.

Іс-шараға қатысу тегін! Келіңіз және өз таңдауыңызды жасаңыз!

Мамандық таңдау – бұл болашақты таңдау! Кәсіптік қалыптасу бірнеше кезеңдерден тұрады:

1)    мамандықты таңдау;

2)    кәсіптік білім алу

3)    алған білім мен дағдыланған еңбекті іске асыру.

Әрбір кезеңді жіберіп алмау өте маңызды! Іс-шара барысында әр оқушы кәсіптік тестілеуден өте алады және де қандай мамандықтың қолайлылығын анықтап, ШҚО колледж өкілдерінен кеңес ала алады.

«My PRO» мамандықтар фестивалі және «Практиканттар жәрмеңкесі» атты әр түрлі бағыттағы компания демеушілері және де облыс колледж студенттеріне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз! Іс-шараға қатысу арқасында Сіз компанияңыздың имиджін (жақсы жаққа) көтере аласыз және клиенттік базаны кеңейтіп, брендті танымалдандырып, алдын ала сапалы мамандарды(кадрларды) даярлау мүмкіндігін және ШҚО оқу орындарымен, басқа да іс-шаралық әріптестермен әріптестік қарым-қатынас орната аласыздар.

Ұйымдастырушы: ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ көмегімен  «Көшбасшылар клубы»

Қосымша ақпарат тел: 70-09-83, 57-82-90, 8775 394 76 74, 8771 547 26 55

18.10.2016

«Рухани келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі» дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТЫ

 

Өткізілу орны:

Өскемен қаласы, Д. Серікпаев ат. ШҚМТУ, әкімшілік корпус

(Протозанов көш. 69)

Мәжіліс-залы, 2 - қабат

 

Өткізілу күні, уақыты:

2016 жылғы 18 қазан, сағат – 11.00-де

 

ҰйымдастырушыларШығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы

Модератор: облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар.

Қатысушылар: діни бірлестіктер, этномәдени, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мемлекеттік мекемелер басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары

Мақсаты:  конфессияаралық келісім және діни төзімділікті нығайту. Рухани келісімді насихаттау.

         Конфессияаралық келісім және діни төзімділікті қамтамасыз ету  еліміздің мемлекеттік саясатының  басымдығы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанда Рухани келісім күні жыл сайын кең көлемде және салтанатты түрде аталып өтуде. Бұл дәстүр Елбасының бастамасымен Алматы қаласында 1992 жылы өткен Әлемдік Рухани Келісім Конгрессінің алғашқы сессиясынан басталды. Конгресстің ашылу күні, яғни 18 қазан – Әлемдік Рухани Келісім, араздастық пен қақтығыстарға мораторий күні, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында келісім орнату, мейірімділік күні деп аталды.

Кездесу аясында діни бірлестіктер басшыларына конфессияаралық келісімді және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Грамоталар табыс етіледі.

 Қосымша ақпарат

702935 тел. бойынша

 04.10.2016

Баспасөз релизі «Медиация – әлеуметтік-еңбек даулар, жанжалдарды реттейтін және алдын алатын құрал»

Уақыты: сағ 10.00-12.00

Өтетін мерзімі: 04 қазан 2016 ж

Қатысатындар:  «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі  құрылтайшылары, Басқарма мүшелері, кәсіби медиаторлары,  Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік өкілдері,  мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшылығы,  Нұр Отан, құқық қорғау органдары  , «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері

Ұйымдастырушы :  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  мен «Медиацияны дамыту орталығы » Республикалық Қоғамдық Бірлестігі 

Өтетін орны:   Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы

 (Өскемен қаласы, Токтарова, 47)

«Медиацияны дамыту орталығы » Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің басшылығы мен  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастыруымен қоғамда медиация тәсілінің дамуы мен тигізер пайдасы, болашаққа қосар үлесі турасында 2016 жылдың  қазан айының 4-і күні «Медиация – әлеуметтік-еңбек даулар, жанжалдарды реттейтін және алдын алатын құрал» тақырыбында семинар өткізу жоспарланған.

Медиация тәсілі АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Аустрия елдерінде 20 ғасырдан бері қолданылып келгені және бұл тәсіл азаматтарға уақыты мен  қаржысын үнемдеумен қоса, моральдік жағынан да пайдасын тигетіні сөзсіз. Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары өте көп. Ал біздің елімізде 2011 жылы «Медиация туралы» Заңға қол қойылуы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты мақсаты, қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьлардың жүктемесін азайту болып табылады.Бұл медиация рәсімі Европаланған түрде Заңға енгізілгенімен, ата-баба заманында шыңыраулы түрме ұстамай қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелрді  екі ауыз сөзбен ғана шешкен дуалы ауыз билер болғаны тарихтан жақсы белгілі. Міне енді, «Медиация туралы» Заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт дәстүрін қалпына келтіруге жасалған қадам десек те болады. Иә, дарабоз билеріміздің қанымен сіңген қазақ даналығының арқасында ел бірлігі одан әрі нығая түсетіндігіне сенімдіміз.

 29.09.2016- 30.09.2016

 Алматыда Шығыс Қазақстанның бал жәрмеңкесі өтеді

Өңіраралық кооперация аясында 29-30 қыркүйек күндері Алматыда Шығыс Қазақстан облысының бал жәрмеңкесі өтеді. Онда қала тұрғындарына алуан түрлі бал, панты өнімдері және ағаштан жасалған бұйымдар ұсынылатын болады.

Өскемен қаласы, Аягөз, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Көкпекті, Шемонаиха және Тарбағатай аудандарының өнімдері қойылған сауда қалашығы екі күн бойы Шевченко көшесінің бойындағы Ғылым академиясының алдындағы алаңда жұмыс істейтін болады.

Алматылықтар үшін 40 тоннадан астам түрлі бал және бал өнімдері, панты өнімінің 27 түрі әкелінеді. Сонымен қатар қала тұрғындары қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жиналған жұртшылыққа Бал жәрмеңкесі барысында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылады.

Сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары 2016 жылы Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде жүргізілген археологиялық қазбалардың жәдігерлерімен таныса алады. Көрмеде Берел қорғаны, Шілікті жазығы, Аблайкит қамал-монастірінде, Қырықүңгір мен Елеке сазында табылған артефактілер көрмеге қойылмақ

20.09.2016- 22.09.2016

 Облыстық жас экологтар мен өлкетанушылардың «Қазақстан – менің елім» форумының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын»  орталығының (бұдан әрі - Орталық) жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20-22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық жас экологтар мен өлкетанушылардың «Қазақстан – менің елім» форумы (бұдан әрі – Форум) өткізіледі.

Форумға білім мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары келесі бөлімдер бойынша жеке және топтық жұмыстар ұсынады:

1) Энергияны үнемдеу мәселелерін шешуге және табиғат ресурстарына құрметпен қарауға бағытталған «Болашаққа қадам» атты әлеуметтік маңызды зерттеу жұмысын қорғау.

2) «Экообьектив» бейнероликтер конкурсы.

Туған өлкені сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған экологиялық

қызметтер туралы, жасыл қордың сақталуына өз үлесін қосқан адамдар туралы видеорепортаждар.

  3) «Жасыл планета» шығармашылық жұмыстар көрмесі.

Форумға қатысуға Нұр Отан партиясының өкілдері, ШҚО экология департаментінің өкілдері, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, өңіріміздің жетекші ЖОО өкілдері шақырылды.

Форум аясында мастер-класстар, өңіріміздің экологиялық жағдайын қолдаудағы акциялар қарастырылды.

Форум Таулы Үлбі өзенінің жағасындағы Орталық базасында өткізіледі. Форумға қатысады.

Форумның ашылуы 2016 жылдың 20 қыркүйегі, сағат 14.30-да өткізіледі.

Форумның жабылуы - 2016 жылдың 21 қыркүйегі, сағат 20.00-де.

Қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін 8 (7232)70-02-44 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») телефондарына хабарласуға болады.

23.09.2016- 25.09.2016

2016 жылдың 23-25 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан  облыстық драма  театрында

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, ақын, режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы I республикалық Жастар және Студенттер театры фестивалі өтеді. Фестивальға Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларының театр ұжымдары қатысады.

Фестивальдің ашылуы 23 қыркүйек күні 18.30-да.

Фестивальді ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры.

Байланыс телефондары: 71-00-77, 71-00-73, 8701-706-00-94

23.09.2016-25.09.2016

IV Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының 
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өткізілу күні:2016 жылғы 23-24 қыркүйек

Өткізілу орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Өткізілу уақыты: 9:00-18:00 сағат

Ұйымдастырушылар: ШҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Өскемен қаласының Ауған соғысының ардагерлері ҚБ

 Қазіргі қоғамды дамытудың басты бағыттарының бірі - өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Осыған байланысты, ШҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Өскемен қаласының Ауған соғысының ардагерлері ҚБ бірлесіп жоғарғы сынып оқушылары арасында облыстық деңгейдегі «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бір ай ішінде аталмыш ойын мектепшілік, аудандық және қалалық деңгейде өткізілді.  Жеңімпаздардың қатысуымен болатын ақтық ойын Өскемен қаласында өткізіледі.

Ақтық ойын екі кезеңнен тұрады:

  1. Негізгі (саптық байқау,командалардың саптық, ату, физикалық дайындығы бойынша байқауы).
  2. Оқу-жаттығу  полигонындағы тактикалық ойын (тактикалық жағдай аясында оқу-әскери тапсырмаларын орындау). Тактикалық ойында әскери техникалар, әскери оқу-жаттығуға арналған оқ-дәрісі жоқ оқтар мен жарылғыш заттар, арнайы дыбыс пен түтін шығаратын қару жарақтар, пейнтбол және лазертаг құралдары қолданылады. Тактикалық ойын желісі ҰОС кезіндегі Кавказ азат ету іс-қимылдарына сәйкес орайластырылып, сол тарихи соғыс қимылдарына негізделетін болады.

Ойынның жабылуы 24 қыркүйек күні жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталады.

Шығыс Қазақстанның жастары әрқашан жастардың әскери -патриоттық тәрбиесіне көңіл бөліп келеді, сондықтан 2016 жылы «Айбын» Республикалық әскери-спортық ойынында Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан құрамасы Бас жүлдеге ие болды. Біздің іс-шарамыз Сіздердің тараптарыңыздан қолдау табатына сенеміз.

 Біздің байланыстарымыз:

Кушанов Ернат

8/7232/ 710-234

87471169445

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.02.2018 /