Жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар күнтізбесі

«Прииртыские напевы» халықаралық орыс өнер фестивалінің баспасөз ақпараты

Күні: 2018 жылғы 19-20 қазан

Уақыты: 10:00

Өткізілу орны:Балалар мен жастар шығармашылық үйі ( Семей қаласы)

Ұйымдастырушылар:ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Аппаратының  «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» КММ.

Қатысушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Шетелден арнайы шақырылған қонақтар мен өнер иелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, шығармашылық ұжымдар және қала тұрғындары мен қонақтары.

Бағдарламада:

19 қазан сағат 10:00 де  – Жас орындаушылар концерті

19 қазан сағат 15:00 – Орыс аспапты миниатюрасы

20 қазан сағат 09:00 – Вокал жанрындағы хор және  хореография

Мақсаты:«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында орыс фольклорын, мәдениетінжаңғырту және насихаттау.

Байланыс телефоны:74-27-37

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өтетін екінші облыстық Street Workout "Рухты Шығыс" турнирының баспасөз мәлімдемесі

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Стахановская көшесі 3а, қалалық дене-шынықтыру және сауықтыру кешені.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 20 қазан, сағат 9:00-14:00.

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

Қатысушылар: ШҚО қалалары мен аудандарының әуесқой спортшылары

Мемлекет Басшысы Н. Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында атап өткендей, экономикалық жаңғыртуға қосымша қоғамдық сананы рухани жаңғырту қажет.

Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" идеясын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін екінші облыстық Street Workout "Рухты Шығыс" турнирын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және облыс жастарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту; өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден: алкаголь тұтынудан, темекі шегуден, есірткі қолданудан арылтуға; спорт шеберлігін арттыру; воркаутты дәріптеу, көше спорт түрі және жастар арасында баламалы уақыт өткізу ретінде; жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру; жастардың байланысын нығайту.

Екінші облыстық Street Workout "Рухты Шығыс" турниры 2018 жылғы 20 қазан күні сағат 09.00-де қалалық дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді. Турнирге Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарының командалары қатысады.

Облыстық турнир 3 бағыттан тұрады:

- Күштік жаттығулары;

- Техникалық;

- Фристайл (техникалық және брустарда немесе турникте күштік жаттығулар).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/ 710-234

Қадірменді БАҚ өкілдері!

Сіздерді 2018 жылы 19 қазанда, сағат 15: 00-де Өскемен қаласында өтетін «Автомобиль жолдарын  заманауи жылжымалы жол зертханаларымен зерттеу  және жолдар мен көшелерді біріңғай жол жүйесімен басқару» тақырыбындғы семинарға шақырамыз.Іс-шараны ұйымдастырушылар  Алматы қаласынан арнайы келген «Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» АҚ және «Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы».
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру» тармағында аймақаралық қозғалысты жақсарту үшін жергілікті жол желісін жөндеу мен қайта құруды қаржыландыруды арттыру маңызды деп көрсетілген.
Бұл үшін бюджет қаражатының жыл сайын бөлінген жалпы көлемін орта мерзімде 150 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Жоғарыда аталған Жолдаудың орындалуына  байланысты,  семинар аясында Қазақстандағы автомобиль жолдарын жобалау мен салудағы инновациялық технологиялар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ сандық технологиялар мен жол активтерін басқару жүйелерін (ЖАБЖ) енгізу қарастырылады.  
Жол активтерін басқару жүйесін құру (ЖАБЖ, дерекқор) «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстан Республикасының жергілікті жолдарында сандық технологияларды және жол активтерін басқару жүйесін (ЖАБЖ) іске қосуда белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Институттың жолдарды теориялық және эксперименттік зерттеулерге негізделген мұндай жүйелерді құру мен жұмыс істеу  бойынша көп жылдық тәжірибесі бар.

Бүгінгі таңда  институт Астана қаласының  көше-жол желісін басқару жүйесін (ЖЖБ) әзірлеуде, сонымен қатар ҚР ИДМ Жол Комитеті әзірлеген жол активтерін  басқару жүйесін талқылауға және шешуге белсенді түрде атсалысуда.
Қашанда  бұл жүйенің  басты мақсаты - жолдарды жөндеу және күтудің ұзақ мерзімді тиімді стратегиясын анықтау болып табылады. Бұл жүйе автожолдың жай-күйін болжау және тәжрибелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген түрлі сараптаулар мен  талдау арқылы оңтайлы қаржылық шығындармен жолдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіндігі  назарда ұстаған жөн.  
Институт еліміздегі жергілікті жолдар мен ірі қалаларды теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелеріне негізделген, автожол саласына қатысты отандық жол активтерін басқару жүйесін дамытуды ұсынады. Жүйе қолданысқа енген жағдайда, Қазақстанның әр облысы  (табиғи-климаттық және географиялық және т.б.) ерекшеліктері  мен жол саласында пайдаланылатын өз жағдайымызға бейім инновациялық технологияларды, жаңа материалдары ескере отырып, іске асырылатын болады.
Автомобиль жолдарын тұрақты бақылау және жол активтерін басқару жүйесін қолдану төмендегі мүмкіндіктерді береді:

• Жол активтерін жетілдіру және тиімді басқару (ЖА) (жүйелендіру мәселелерін шешу үшін дерекқордан ақпаратты тез алу (ыңғайлы интерфейс, іздестіру жүйесі, активтерді салыстыру және геоақпарттық жүйе (ГАЖ) бойынша олардың жағдайын жақсарту;

• Жолдың жүріс бөлігінің құрал арқылы  сараптау негізінде жөндеу жұмыстарын оңтайлы түрде белгілеу (қалдық циклді автоматты түрде есептеу, жол қабатының қалыңдығын автоматты есептеу;  
• Автокөлік жолдарының жағдайын және қаржы шығындарын 10 жылға дейін болжау;

• Түрлі жағдайлар бойынша жөндеудің тиімді түрін анықтау үшін кешенді талдау жүргізу;

• Келесі талдау үшін өткен деректерді жинап, ең тиімді әдісті анықтау.
 
«ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі -  Әміржан Ләззат Нұрсапақызы.

Бұқаралық ақпарат құралдарын келесі байланыстар бойынша тіркеу:                              

моб: +7 705 440 71 39,  раб: + 7 (727) 246 33 70, e-mail; press_kazdornii@mail.ru

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беретін мамандар дайын.

Семинар өтетін орын:  Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, 1 қабат, мәжіліс-залы.

Пресс-анонс «Так нам сердце велело» кітап-альбомының тұсаукесері

2018 ж. 19 қазанда  сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында  «Так нам сердце велело» жаңа кітап-фотоальбомының тұсаукесері өтеді. Жаңа кітап – комсомол ұйымының 100 жылдығына орай шығарылған. Басылым 20-шы ғасырдағы  Шығыс  Қазақстандағы  жастар қозғалысының өкілдеріне арналған.

Шығыс Қазақстан облыстық комсомол ұйымының ардагерлері бойларында жастардың энергиясын, идеалдарына деген адалдықтарын,  рухани жанашырлығын сақтаған жандар. Олар өз бойларындағы асыл қасиет, өмірлік тәжірибесімен жастармен бөліседі.

 «Так нам сердце велело» фотоальбомында комсомол ардагерлері өздерінің руханилығы, ынта-жігері, болашаққа деген шынайы сенімдері  бейнеленген жастық шақтарының  фотосуреттерін  жинаған. Олардың табиғи болмысы, күш-жігері, қарым-қабілеті әр суреттен айқын аңғарылады. Уақыт қаһармандарының өміріндегі жарқын оқиғалардың үнсіз куәгерлері - альбомдағы фотосуреттер күнделікті өмірді, қуаныш, бақыт пен Отанымыздың ұлы істеріне қатысты сезімдерді көрсетеді.

Суреттердегі өткен жылдардағы шынайы тарихи оқиғалар, комсомол өмірінің ұмытылмас беттері бүгінгі жастарға ұрпақтар сабақтастығы, ата-аналар мен балалар арасындағы мақсаттар мен ой-пікірлердің бірлігін еске салары сөзсіз. Отан игілігі үшін атқарған еңбектерін комсомол ардагерлері өз ұрпақтарына  фотоқұжаттар арқылы естелікке қалтырады.

Фотосуреттердегі тұлғалардың жүзіне үңіліп, олар үнсіз сақтап қалған сырды сезініп, ойлануға тырысайық.

Әрине, қонақтарды фотосуреттер түрінде тосын сыйлар күтеді. Мүмкін, фотосуреттерден өз жақындарыңыздың,  ата-ана, ата-әжелеріңіздің суреттерін кездестіруіңіз ғажап емес.

Жаңа басылымның тұсаукесеріне қош келдіңіздер!

Байланысшы: Алханова Раушан, тел. 608980

Пресс-анонс

Оралхан Бөкейдің 75-жылдығына арналған «Оралханның жұмбақ мұрасы» атты әдеби кеш

«Ақылшым – туған жер,

ұстазым – тәкаппар да қатал Алтай»

О. Бөкей

27 қыркүйек 2018 жылы сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада ғажайып жазушы-жерлесіміз,  О.Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына арналған «Оралханның жұмбақ мұрасы» атты әдеби кеш өткізіледі. Кештің лейтмотиві О.Бөкей шығармашылығының мәні мен мағынасын ашатын «Табиғат пен адам үндестігі». 

Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады
Қаламгердің өмірі де ерекше және жұмбаққа толы – құдіретті интеллект, шығармашылық әлеует, танымалдық, туған жерінен жырақта дүниеден көшу...

Оның әр шығармасынан туған өлкесіне, Алтайдай асқар тауына, қойдай жуас халқына деген сүйіспеншілігі сезіліп тұрады. Оның әңгімелері өмірді сүюге, табиғат жаратылысының әдемілігін көре білуге үйретеді. Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік, зңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын, тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді.

Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес, шын құштарлық, перзенттік сүйіспеншілік сезіледі. Сондай ыстық леп, терең тыныстар еседі. Табиғаттың төл перзенті адам сол табиғаттың иесін сезініп, түйсінген кезде оның арманшыл, қиялшыл болмауы мүмкін емес қой. Кейіпкер болмысын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту Оралхан Бөкееев шығармашылығының өзіндік бір қыры десек те болады. Ол өзінің бүкіл шығармаларында өзі туып-өскен Өр Алтайды, Асқар Алтайды жырлап кетті, яғни оның шығармаларындағы көрікті де, қатал, сұлу да сырбаз Алтай да образдық дәрежеге көтерілді.

Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы жетекшісі Әлібек Қаңтарбаев жерлес-жазушы жайлы ұмытылмас естеліктерімен бөліседі. Қатысушылар Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы мектеп оқушыларының орындауындағы жазушының повесінен үзінді қойылымды тамашалайды. Сонымен қатар кеш қонақтары қаламгердің шығармаларын оқып, мерейтой иесінің шығармашылығына байланысты әндерді шырқайды.

Барша оқырмандарды, мұғалімдер мен студенттерді жерлесіміз Оралхан Бөкей жауап іздеген «өмірдің мәні», табиғат пен адам арасындағы «тепе-теңдік» жайындағы әңгімеге шақырамыз.  

Байланысшы: Омарова Асель, тел. 261-333  

АҢДАТПА

Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Рухани Жаңғыру» ҒЗО-да (Қазақстан көшесі, 55, әкімшілік ғимарат, 4 этаж, 10.00-ден 14.00-ге дейін) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

27 қыркүйегінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істері жөніндегі агенттік департаменті мен қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының бастамашылығымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: ұлттық заңнаманың имплементациясы және ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстел жұмысына жергілікті мемлекеттік орган және мекеменің, қоғамдық бірлестік, жоғары оқу орындарының, ОКБ мекемелерінің, мектеп және мектепке дейінгі білім беру орындарының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел бағдарламасына білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жүзеге асырудың өзекті сұрақтары бойынша алтыдан астам баяндама енгізілді. Сонымен қатар білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тәжірибесін қарастыру үшін «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі және мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау және алқалық басқарудың рөлі» және «ОКБ және ЖКБ жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің заманауи құралдары мен механизмдері» тақырыптарында 2 секция жұмысы жоспарлануда.

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер мен құралдарды тәжірибеде қолдануға ынталандыру мақсатында дөңгелек үстел қатысушыларына әдістемелік жасақтамалар ұсынылады.

Дөңгелек үстел соңында оның белсенді қатысушылары марапатталады.

С. Аманжолов  атындағы  ШҚМУ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысын студент-жастарымен кездесуіне арналған іс-шараның баспасөз мәлімдемесі

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (әкімшілік корпус) Қазақстан к. 55.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 25 қыркүйек , сағат 11:00.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы.

Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысын студент-жастары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қол қойылған жол картасында белгіленген жобаларды іске асыру аясында 2018 жылғы 25 қыркүйекте Өскемен қаласында Қор өкілдерінің облыс студент-жастарымен кездесу жоспарлануда.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес, 25 қыркүйек сағат 11:00-де (Қазақстан к.,55) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында «Астана – ұлы дала жауһары» атты фотокөрмесі, Қордың жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары – Жапаров Сухрабтың Қордың және Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, жыл сайын өткізілетін конкурстар мен іс-шаралар жөнінде тұсаукесері, Қордың жанындағы Шығармашыл жастар кеңесі төрағасының орынбасары – Тасбергенова Гауһардың Шығармашыл жастар кеңесі қызметінің таныстырылымы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры – Шәуеев Азаттың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша «Кім білгіш?», «QAZAQ LATYN KEYBOARD», «QAZAQSTAN3D», «RESMIHAT.KZ» және т.б. жобаларының таныстырылымы өткізіледі.

Сағат 15:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратының (30 Гвардиялық дивизия к.,34) 218 аудиториясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметінің басшысы Ақерке Берлібайдың «Әлеуметтік медиа: SMM және PR цифрланған әлемдегі үздік тәжірибесі» өңіріміздің журналистика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

16:30-да С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бас ғимаратының (30 Гвардиялық дивизия к.,34) №111 аудиториясында «FinTech Group» компаниясының өкілдері – Шоқан Құсайынов және Абзал Оспанов, Қазақстандағы перспективті «блокчейн» технологиялары жайында ақпараттық технологиялар мамандығында оқитын студенттерге арналған семинары өтеді.

Іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпарат үшін:

Тел: 8/7232/713290

«Алтын қазына» этножобалар конкурсының баспасөз хабарламасы

Өту уақыты: 2018 жылғы 19-21 қыркүйек.

Өту орыны: Өскемен қаласы, «Дарын» ШҚ ӨҒПО (Таулы Үлбі).

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Конкурс қатысушылары: облыстың жалпы білім беретін мекемелерінің, сонымен қатар дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып  оқушылары.

2018 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Алтын қазына» этножобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізіледі.

Конкурстың мақсаты оқушыларды Шығыс Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, салттарын және рухани құндылықтарын зерттеуге баулу, этнографиялық зерттеулерді жүргізу әдісімен таныстыру, азаматтық-партиоттық тәрбиелеу.

Конкурс екі номинацияда өткізіледі:

-  Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асқан этнографиялық зерттеу қорытындысы бойынша ШҚО халықтарының этнографиясы, тарих және этнография, тілтану және этнография, этнос пен табиғи ортаның байланысы, этногенез, халық шығармашылығы бағыттарында ғылыми жобаларды қорғау;

-   2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін ұлттық фольклор мен халық музыкасының «Дала үні» фестивалі.

Фестиваль халық шығармашылығын насихаттауға, Қазақстанның көпұлтты мәдени мұрасын сақтауға, үздік орындаушыларды анықтауға бағытталған. Қатысушылар әділ қазы алқасы назарына хореография, ұлттық вокал, халық музыкасының аспапты орындауы мен театрлық шығармашылық бойынша өнер көрсетеді.

Тарихшы-этнографтар, фольклористтер, хереографтар, социологтар, тілтанушылар, демографтар, географтар және биологтар құрамындағы қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, конкурс жеңімпаздарын анықтайды. 

«Дала үні» ұлттық фольклор мен халық музыкасының фестивалін өткізу аясында авторлық жұмыстар мен бірегей заттарды бағалаушылар үшін қолөнер жәрмеңкесі өткізіледі. Қатысушылар этностилде қолдан жасалған бұйымдарды назарға ұсынады.

«Алтын қазына» этножобалар конкурсының бағдарламасына сонымен қатар, этно-кештер мен ұлттық ойындардың өткізілуі енгізілген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқиғаларды жарыққа шығаруға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2018 жылы 20 қыркүйекте сағат 10.00-де «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында (Таулы Үлбі) конкурстың фестиваліне қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жайдан алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚ ӨҒПО «Дарын». Тел.: 8/7232/ 70-02-44, 8777 595 75 58  (Айгерим Кайратовна).

 

Баспасөз-ақпарат

2018 жылдың 19 қырқүйегінде сағат 15.00.-де Шығыс Қазақстан Өнер музейі көрерменге қазақстандық суретшілердің жаңартылған экспозициялық кескіндеме туындыларын ұсынады. «Уақыт палитрасы» көрмесі Шығыс Қазақстан Өнер музейінің бейнелеу топтамасында өте биік мәртебедегі жаңа және тұрақты теңдесі жоқ сападағы өнер туындыларын көрсететін болады.

Пластикалық өнер туындылары  ШҚӨМ-де 28 жыл бойы жинақталып келді, бірақ тек қазір ғана бұл музейлік топтама отандық бейнелеу өнерінің ғылыми зерттеулерінің негізі бола алады. Әбілхан Қастеевтің шығармашылығынан бастау алып XXI ғасырдағы республикамыздың барлық аймақтарының авангардтық заманауи суретшілердің ең  үздік туындыларының жинағы бүгінгі таңда ШҚӨМ-нің «Кескіндеме» қорының жәдігерлер топтамасы бір жүйелілік сипатқа еніп отыр. Музей  топтамасы мәртебесіндегі маңызды өзгерістер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Д.К. Ахметовтың бастамасымен  соңғы екі жылдың көлемінде іске асып жатқан «Арт Заман» жобасы арқасында мүмкін болып отыр. «Уақыт палитрасы» көрмесі отандық  бейнелеу өнерінің шығармашылық  мұраларын  сақтаудағы   нақты да жоспарлы  жұмыстардың  қорытындысын  көрсетеді.

Көрмеде Әбілхан  Қастеевтің  «Ыстықкөл»  кескіндемесін көруге болады. Бұл шығарма атақты суретшінің сүйікті классикалық акварель техникасымен орындалған. Сонымен қатар, көрмеде алпысыншы жылдардағы қазақстандық кескіндеме суретшілерінің алтын қорындағы қомақты туындылары - Шәймерден Сариевтің «Әже немересімен», «Натюрморт», Бахтияр Табиевтің Арал тақырыбына арнаған бүкіл жұмыстар топтамасы бар. Ағымдағы жыл көлемінде жоғарыда аталған бағдарламалар аясында ШҚӨМ-нің қорына Мағауия Аманжоловтың аса бағалы  туындылары, соның ішінде өзіндік бейнелеу өнеріндегі есеп нүктесі  ретінде саналатын «Дипломдық жұмыс» картинасы алынып, көрмеге қойылды. Онда суретшінің  ерекше ұлттық, әлеуметтік нақыштағы дарынын көре аламыз. М.Аманжоловтың «Ақтабан шұбырынды» тарихи топтамасындағы «Күйзелу» шығармасы ешкімді бей-жәй қалдырмайды.  Бұл туынды XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихындағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезіндегі өз үйін, малын тастап Орта Азияға үдере көшкен қазақтардың ауыр жан айқайын бейнелейді. «Уақыт белгілейді» метафорикалық композициясы  эмоциялық  сезімдерге толы. Бейнелеудегі бұл тақырып өзектілігін әлі жойған жоқ.

Аталған бағдарлама аясында отандық бейнелеу өнері классиктерінің жұмыстарымен қатар заманауи суретшілердің жұмыстары да сатылып алынғанына қуаныштымыз. Оның ішінде, Азат Табиевтің «Көктемгі кеш», «Ақ қайықтар» және тарбағатайлық Әлібек Шоқановтың табиғат көріністері өзіндік колоритімен көз тартады.  Жерлесіміз Марат Жүнісовтің авторлық қорына толықтырылған «Күннің тұрғындары» және «Генрих Фогелер» туындыларын көру көрмеге келушілерді ерекше сезімге бөлейтініне біз сенімдіміз.

Қош келдіңіздер!

 

Облыстық «Жігіт сұлтаны-2018» байқауының баспасөз мәлімдемесі

Өтетін күні: 2018 жылғы23тамыз

Өтетін уақыты: сағат 09-00 – 19-00

Өтетін орны:ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына жастарды көбірек тарту мақсатында 2018 жылғы 23 тамыз күні Көкпекті ауылында облыстық «Жігіт сұлтаны - 2018» сайысы 2018 жылғы 23 тамыз күні Көкпекті ауылында өтеді.

Сайыстың мақсаты жастар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу, жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Сайдың тасындай өр жігіттер сайысына Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарынан 21-29 жас аралығындағы ер азаматтар қатысатын болады.

Сайыс «Ұлттық ойындар» және «Жігітке жеті өнер де аз» - шығармашылық бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бірнеше кезеңнен тұрады.

Жігіттің сұлтаны атануға үміткерлер тек қана сырт келбеті мен сымбатына иек арта алмайды. Қазылар қатысушылардың өнерін бағалап, ақылын, тапқырлығын сынайды.

Сонымен қатар Көкпекті ауданының тұрғындарына арналып тай жарыс, бұқа тартыс, қой көтеру, ләңгі, асық ату сияқты сайыстар ұйымдастырылады.

Жастар үшін маңызы бар іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін: 8-72-32-610-942

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XIХ республикалық Абай оқуларының

Баспасөз хабарламасы

2018 жылдың 22-25 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XIХ республикалық Абай оқулары өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері.

Абай оқуларының негізгі мақсаты:

-  мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау;

-  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және оларға қолдау көрсету;

-  ұлылыр поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Республикалық Абай оқулары төрт номинация бойынша өткізіледі:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін өткізуі қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);

- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

- «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» оқу тіліне қарамастан облыстық кезеңнен жүлделі орын алған 4 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан дәстүрлі түрде екі команда: облыс пен Абай ауданының құрама командалары қатысады. Байқауға жалпы республика бойынша 100  оқушы қатысатын болады.

XIХ республикалық Абай оқуларына қатысушылардың орындауларын білікті қазылар алқасы бағалайды.

 Байқаудың ашылу салтанаты 23-тамыз күні сағат 20.00-де Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Абай, Шәкәрім кесенесінде өтеді.

Байқаудың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 24-тамыз күні, сағат 17.30-да Қарауыл ауылындағы Абай-Шәкәрім кесенесінде болады.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

Астана қ. «Дарын» РҒПО –8/7172/29-51-59, ШҚО, Өскемен қ., облыстық қосымша білім беру орталығы, телефон: 8/7232/75 26 91, 87753905601, 87779968622 (Бейбітгүл Базановна)                      

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелерді бойынша

2018 жылдың 25 шілдесінде Өскемен қаласында ақпараттық-насихаттық семинар өткізіледі

Семинар мақсаты:

-Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған құралдарды жетілдіру, бағдарламаны іске асыру тетіктері.

-Нәтижелі жұмысқа  жағдайлар жасау арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздардың табысын арттыру үшін ақпаратпен жұмыс жасау.

Семинар міндеттері:

-Еңбек нарығын және жұмыспен қамтуды ынталандыру саясатын іске асырудың жаңа тәсілдерін қолдану. Халықты Бағдарламаға қатысу туралы хбардар ету.

-Жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

-Еңбекпен қамту қызметін, еңбек нарығының ақпараттық жүйесі қызметін жетілдіру.

-Халықтың арасында жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық-насихаттық жұмыстарын белсендіру және «Екбек» бағдарламасының жұмыспен қамтылуының белсенді нысандарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды тарту.

Семинарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, ауылдық округ әкімдері қатысады.

 Семинардың спикерлері - микроқаржы ұйымдарының өкілдері, консалтингтік компанияларының өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылары.

іс-шара өткізу барысында қарастырылатын сұрақта

1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы - жаңа НҚА, қолданудың практикалық аспектілері. Жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг.

2. Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

3. Халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту.

4. Ауылдық жерде микрокредиттеудің ерекшеліктері.

5. Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

6. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру нысандарын насихаттау әдістері.

Өткізу орны: Өскемен қаласы, Казахстан көшесі, 102 уй (А.С. Пушкин атындағы кітапхана)

Басталуы: сағат 10.00

Ұйымдастырушылар: «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ,  РИДЕС ЖК

Баспасөз баяны «Өлкеміздегі жетістікті тұлғалармен кездесу»

Өтетін күні, уақыты, өтетін орны:  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттеріне және болашақ жастардың қауымдастығын дамыту мақсатында, «Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау орталығы» КММ  2018 жылдың 12 шілдесінен 19 шілдесі аралығында «Жігер» (Жаңа Бұқтырма) жазғы демалыс лагерінің базасында ШҚО ТжКББ жүйесі студенттері үшін  белсенді «Жас Star» слетін өткізеді.

Кешенді бағдарлама барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары студенттерінің кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру, кәсіпкерлік іс-әрекетті насихаттау мақсатында «ШҚО ТжКББ және КД орталығы» КММ ұйымдастыруымен  Startup «Shygys» жобалар байқауы және «Өлкеміздегі табысты тұлғалармен кездесу» іс - шарасын өткізу жоспарланып отыр.

2018 жылдың 17 шілдесінде сағат 19:00-де «Жігер» (Жаңа Бұқтырма) жазғы демалыс лагерінің базасында ШҚО ТжКББ жүйесі студенттері үшін  «Өлкеміздегі жетістікті тұлғалармен кездесу» іс-шарасын өткізеді.

«Шығыс Қазақстан облысы ТжКББ және КД орталығы» КММ,    ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттерін Өлкеміздегі жетістікті тұлғалармен кездесуге  шақырады.

Баспасөз баяны «Жас Star» белсенді жастар слеті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттеріне және болашақ жастардың қауымдастығын дамыту мақсатында, «Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау орталығы» КММ  2018 жылдың 12 шілдесінен 19 шілдесі аралығында «Жігер» (Жаңа Бұқтырма) жазғы демалыс лагерінің базасында ШҚО ТжКББ жүйесі студенттері үшін  белсенді «Жас Star» слетін өткізеді.

 Кешенді бағдарлама барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары студенттерінің кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру, кәсіпкерлік іс-әрекетті насихаттау мақсатында «ШҚО ТжКББ және КД орталығы» КММ ұйымдастыруымен  Startup «Shygys» жобалар байқауы және «Аймақтың табысты адамдарымен кездесу» іс - шарасын өткізу жоспарланып отыр.

2018 жылдың 17 шілдесінде сағат 17:00-де «Жігер» (Жаңа Бұқтырма) жазғы демалыс лагерінің базасында ШҚО ТжКББ жүйесі студенттері үшін  Startup «Shygys» жобалар байқауы өткізіледі.

«Шығыс Қазақстан облысы ТжКББ және КД орталығы» КММ,    ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттерін Startup «Shygys» жобалар байқауына  шақырады.

Ән атасы Әміре Қашаубайұлының туғанына 130 жыл және Ақбұлақ ауылының құрылғанына 50 жыл толуына байланысты Ақбұлақ ауылында өткізілетін шаралардың сценарийлік бағдарламасы

Өтетін күні: 14.07.2018 ж.

Өтетін орны: Семей қаласы, Ақбұлақ ауылдық округі

р/с

Уақыты

Шараның атауы

Шараның барысы

1.

09:00

Ә. Қашаубайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

Ақбұлақ ауылында орналасқан Әміре Қашаубайұлы ескерткішінің алдына осы ауылдың тұрғындары мен тумалары, шақырылған қонақтар, дәстүрлі ән шеберлері жиналып тұрады, ШҚО әкімі, Семей қаласы әкімі және зиялы қауым атынан гүл шоқтары қойылады.

2.

09:30

Салтанатты жиын

Ауыл тарихы туралы және бүгінгі күнгі жетістіктері туралы айтылады.

Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығына орай, Әміренің өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде сөз қозғалады.

 

3.

10:30

Республикалық дәстүрлі әншілер фестивалі

Еліміздің танымал дәстүрлі әншілері: Гүлмира Сарина, Ербол Айтбаев, Нұржан Жампеисов, Төлеутай Серіков, Жоламан Құжиманов, Толғанбай Сембаев, Эльмира Тлеубаева, Берік Омаров сияқты тағы басқа әншілердің концерті ұсынылады.

4.

13:00

Әміре Қашаубаевқа арналған ас

Ақбұлақ ауылында жез таңдай әнші Әміренің аруағына бағыштап ас беріледі.

5.

14.30

Күрес, аламан бәйге

Күрес: Еліміздің әр регионынан 12 палуан қатысады. Бас жүлде 200 000 мың теңге.

Аламан бәйге: 25 км бойынша 30 сәйгүлік,

15 км бойынша 30 сәйгүлік қатысады.

Тай жарысқа 5 км бойынша 30 тай қатысады. І орынға автокөлік тігіледі.

6.

17:00

Қалалық Мәдениет сарайының концерті

Семей қаласынан келген әртістердің 1 сағаттық концерті қойылады.

7.

18:00

«Әміре» филімінің көрсетілімі

2018 жылдың 5 сәуірінде шыққан «Әміре» филімінің көрсетілімі. Фильм «Green Apple pictures» ЖШС қолдауымен көрсетіледі.

8.

21:00

Мерекелік от шашу


6-8 шілде  2018 ж. Кутиха а.

Тұрғысын ө. жағалауында «Золотой Тургусун-2018» халықаралық өнер фестивалі өтеді

Ұйымдастырушалыр:

-         «Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;

-         «Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Мақсаты:  халық шығармашылығының және өнердің дәстүрлі түрлерін насихаттау және дәріптеу

Міндеттері:

-        болашағы бар ұжымдар мен дарынды халық шығармашылығының барлық жанрларындағы көркемөнер авторлары мен орындаушыларын анықтау;

-        көркемөнер және кәсіби авторлар, орындаушылар арасындағы шығармашылық және достық байланысты орнату;

-        отбасылық демалысты, салауатты өмір салтын насихаттау,  туризм мен спортқа тарту;

-        өлке тарихына тамыдылық қызығушылығын қалыптастыру

Жазғы жарқын мәдени оқиға – Зырян ауданында «Золотой Тургусун»  халықаралық өнер фестивалі өтеді. Әр жастағы маманыдқтары әртүрлі адамдар (қарттар және жастар, ата-аналар және балалар) музыка, әдемілік, қуаныш әлеміне, достарымен және пікірлестерімен тілдесуге бой алдыру үшін Тұрғысын таулы өзеннің жағалауына жиналады. Шатырлар қалашығына Қазақстанның, Ресейдің және алыс шетелдердің көптеген өңірлерінен шығармашыл адамдар, экотуризм мен гитарамен орындалатын сезім әндерінің әуесқойлары жиналады. Фестиваль шығармашылықтың әр саласын біріктіреді, өйткені олардың мақсаттары бір – халықтың арасынан нағыз таланттарды табу, оларға үлкен шығармашылыққа жол ашу. Конкурстық бағдарламаға ақындар, прозашылар, бард әндерінің орыс және қазақ тілінде жазатын авторлары және орындаушылары, суретшілер, суретке түсірушілер, бейнесюжеттер мен слайд-фильмдер авторлары, сондай-ақ фольклорлық ұжымдар қатысты. Бір мезетте барлық ниет білдірушілер үшін, тыңдай отырып сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары (кесте тігу, қабықтан, бисерден, полимерлік саздан жасалған бұйымдар және т.б.), көрмелер – сатулар, фотосуретшілер мен өрнекшілердің тұқсаукесерлері, халық ойындары өтеді. Фестиваль аясында өнер көрсетуден басқа келесі конгкурстар өтеді:

- «Кумир фестиваля» (А. Егоровқа арналған);

- «Астана – ты символ Казахстана»;

- «Золотой Тургусун»;

- «Байки у костра» 18+. Ол жерде Фестиваль қатысушылары Фестивальда немесе саяхат кезінде болған қызықты оқиғалармен бөліседі, туристік тапқырлық, достық, бірі-біріне көмек, шығармашылық, әзіл әрекеттер   және  басқа да қызықты оқиғалар туралы айтады.

Қамту:  2500 адам 

Спикерлер
Шульмина Р.А.

Фестиваль президенті
8(705)779 – 94 – 24

БАСПАСӨЗ – МӘЛІМДЕМЕСІ

Күні: 6 шілде 2018 жыл    

Уақыты: сағат 11.00

Орыны: Ұлан ауданы, Таврия ауылы

Мекен -жайы: Ауылдық мәдениет үйі
2018 жылғы 6 шілдеде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ұлан аудандық Қоғамдық келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді.

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының ІV бағытын жүзеге асыру аясында Ұлан ауданының Қоғамдық келісім орталығын ашу жоспарланған. Аталмыш шара Астана қаласының 20 жылдығына арнайы тарту ретінде 6 шілде күні Ұлан ауданы, Таврия ауылының Мәдениет үйінде өтеді.

Ұлан ауданында 24 ұлт өкілі бірлік пен ынтымақта өмір сүруде. Олардың ішінде:

Қазақтар – 71,4%; Орыстар – 25,8%; Немістер – 0,86%; Татарлар – 0,49%; Украиндар – 0,41%; Шешендер – 0,2%; Өзбектер – 0,17%; Белорустар – 0,11%; Өзге ұлт өкілдері – 0,42%.

Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 8/72338/28-049  және 8/72338/27-155 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.

Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттық караоке» акциясының БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Республика алаңы

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 1 шілде, сағат 19.00.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н. Назарбаев қазақ халқының ұлттық аспабы –домбыраны насихаттап, ұлттық өнер түрін жаңғырту мақсатында «Ұлттық домбыра күнін» бекітті.

Домбыра – қазақ халқының ұлт ретінде ерекшелігін танытатын, тарихынан сыр шертіп, өткенінен естелік беретін, қасиетті күй құдіретін ұғындырған музыкалық аспап.

Осыған  байланысты, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Ұлттық домбыра күніне орай жастар арасында ұлттық әуезді ән мен музыканы насихаттау мақсатында «Ұлттық караоке» акциясын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Аталған шараның негізгі мақсаты қазақ халқының музыкасын және ұлттық әндерін жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың ұлттық әуенге әуестігін арттыру болып табылады.

Шара барысында орталық алаңға жиылған тұрғындар мен қала қонақтары арасында «қымыз party», «бауырсақ battle» өткізіледі, Ұлттық домбыра күніне орай викториналық сұрақтар қойылып, халық әндерінен караоке айтуға мүмкіндік жасалады.

Жастар акциясы Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін:

Тел: 8 72 32 610 942

Шығыс Қазақстан облысы белсенді жастарының бастамасымен  Жеңіс күніне орай қарттар үйінде өтетін іс-шараның баспасөз мәлімдемесі

Өткізілген орны: Солнечное кенті, Мира көшесі 18.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы  8 мамыр сағат 11:00.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, белсенді жастар.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды мемлекет қамқорлығына алу жақсы жолға қойылған. Олардың денсаулықтары мен жайлы өмір сүруіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен белсенді жастардың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты адамдарға арналған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді.

Бұл шара дәстүрге айналып, еліміздегі атаулы мереке күндері мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты адамдарға арналған мәдени-сауықтыру ойындары, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылып, көңілдерін көтеретін шаралар атқарылып келеді.

2018 жылғы 8 желтоқсан күні Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнін тойлау қарсаңында белсенді жастар бастамасымен және Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Қарттар үйіндегі соғыс ардагерлері мен қарттарға арналған қайырымдылық шарасын жоспарлауда.

Шара барысында қарттар үйі аумағында көшеттер отырғызылып, сыйлықтар табысталатын болады.

Облыс жастары үшін маңызы жоғары іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғысымызды айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін: 8  701 899 96 19

Баспасөз – мәлімдемесі

Күні: 7 мамыр 2018 жыл    

Уақыты: 10.00

Орыны: Батырлар аллеясы

Мекен -жайы: Қ. Қайсенов кенті


 
2018 жылы Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толды. Аты аңызға айналған атақты партизан, жазушы жерлесіміздің мерейтойы Отан қорғаушы күні, яғни 7 мамыр күні Батырдың аты берілген Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде өтеді.

Іс-шаралар бағдарламасында:

Іс-шара атауы

Уақыты

Өтетін орыны

Салтанатты сап түзеу, митинг

7 мамыр, 10:00

Батырлар аллеясы

Көшет отырғызу акциясы

7 мамыр, 10:40

Батырлар аллеясы

Қ.Қайсеновтың 100 жылдығына арналған

салтанатты жиын

7 мамыр, 11:00

Аудандық мәдениет үйі

Бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты

7 мамыр, 12:30

Балалар және жасөспірімдер

спорт мектебі

Қ.Қайсеновтың рухына арналған ас

7 мамыр, 13:00

Мұса баба атындағы аудандық мешіт

Қ.Қайсеновтың 100 жылдығына арналған халықаралық әскери-патриоттық әндер байқауы

7 мамыр, 15:00

Аудандық мәдениет үйі

Қ.Қайсеновтың 100 жылдығына арналған ұлттық ойын түрлерінен жарыс

8 мамыр, 10:00

Меновное ауылы,

Өскемен қалалық ипподромы

Спикерлер тізімі:

Ұлықбек Есдәулетов

Ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер Академиясы мен гуманитарлық ғылым Академиясының мүшесі, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы

Сәдібек Түгел

Жазушы, публицист, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылым Академиясының мүшесі, қоғам белсендісі

Қуандық Қыстықбаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қасым» кинофильмінде Қасым Қайсеновтың рөлін сомдаған актер

Болат Қайсенов

Қасым Қайсеновтың ұлы

Еркін Нұразханов

Карикатурист суретші, Қасым Қайсеновтың баспасөз хатшысы

Қажанов Дулат Зайсанбекұлы

Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы

Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 8/72338/28-049  және 8/72338/27-155 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.

Пресс-анонс Рухани жаңғыру: Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл

Халық қаһарманы, партизан жазушы - Қасым Қайсеновтің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы жылдары Белорусь пен Украинада партизан қозғалыстарын бастаған, ерен ерлігі аңыз болып айтылып жүрген батырдың мерейтойына орай 4 мамыр күні, сағат 15.00-де  А.С. Пушкин атындағы кітапханада  «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі» деген атпен ерлік сабағы өтеді.

Халық батыры Қасым Қайсеновтің айбынды ерліктері, бүкіл өмірі, атамекенге деген шексіз ықыласы кейінгі ұрпаққа елі мен жерін сүюдің жарқын үлгісі.

Елбасы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында патриоттық туралы

«Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады», деген болатын.

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін ерлік сабағының мақсаты - оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Іс-шара халық батырының көзін көрген аға-буын өкілдерімен оқушылар, студенттер  арасында кездесу түрінде өтеді.

Сондай-ақ, аты аңызға айналған атамыздың кітаптарынан  және ол кісі жөнінде жазылған шығармалардан, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Байланысшы: Құдайбергенова Нургуль

Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні пен жергілікті әскери өзін-өзі басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толуына орай өтетін жас сарбаздарды әскерге шығарып салуға арналған іс-шараның баспасөз мәліметі

Өтетін күні мен уақыты: 2018 жылғы 4 мамыр, сағат 14.00.

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, «Ертіс концерт» КМҚК ғимараты («Ulba»  орталық мәдениет үйі).

Ұйымдастарушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ШҚО Қорғаныс істері департаменті, ШҚО ардагерлер Кеңесі.

Қазақстан Республикасының кез-келген  азаматының негізгі парызы – Отан алдындағы борышын өтеу. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманат еткен ұлан ғайыр даласын қорғау – негізгі парызымыз. Бұл үшін ең алдымен, еліміздің әскери қауқары мен әскер қатарындағы азаматтарымыздың мұқалмас жігері, қайтпас қайсарлығы керек. Ел тыныштығы мен шекара бүтіндігінің сақшылары – Отан қорғаушылар. Ал Отан қорғаушыларды әскерге дайындау – басты міндет болып табылады.

Жастарға патриоттық тәрбие беру мен олардың ұлттық мақтаныш сезімдерін арттыру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл бағыттағы игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі Отан алдындағы борышын атқарушы  сарбаздарды әскерге шығарып салу күні.

Ағымағы жылдың 4 мамыр күні сағат 14.00-де  Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» КМҚК ғимаратында («Ulba» орталық мәдениет үйі) жастарды әскер қатарына шығарып салу салтанатын өткізу жоспарлануда.

Шара барысында орталық мәдениет үйінің ауласында жорық ас үйі ұйымдастырылып, қатысушыларға жауынгерлер ботқасынан дәм татуға мүмкіндік болады. Ал мәдениет үйінің фойесінде әскери киім үлгілерінің көрмесі мен Калашников автоматын бұзып, қайта құрудан шеберлік сағаттары өткізіледі. Сонымен қатар мәдениет үйінің концерт залында жастарды әскерге шығарып салу салтанаты өтеді.

Аталған шара барысында көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша 40 жас сарбаз аттанбақ.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас жауынгерлердің жігерін қайрап, рухын көтеру, жастардың бойында әскери-патриоттық сезімді арттыру, Отан алдындағы абзал борышын адал атқаруға шақыру болып табылады. 

Осы игі бастамамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпарат:

Тел: 8/72 32/610 942

 

«Вечный зов родной земли» әдеби - музыкалық композиция

Өткізу орны:  «Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК.

Советская к. 55 үй

 Өткізу күні : 2018 жыл 03 мамыр 

 Уақыты:  сағат 11- 00.

«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ   «Достық үйі» КМҚК   2018 жылдың 3 мамырында «Под звуки музыки прошедшее встаёт» атты

әдеби - сазды композиция түрінде іс-шара өткізеді. Бұл «Вечный  зов», «Тени исчезают в полдень», «Ермак» және өзге де  романдардың авторы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты- жазушы Анатолий Ивановты еске алу шығармашылық кеші. Ағымдағы  жылдың 5 мамырында -Анатолий Степанович Иванов 90 жасқа толар еді. Ол өзінің соңынан мол мәдени жарқын мұра қалдыра отырып, заманауи жаңа технологиялар заманында,  уақытпен таласып, қарапайым, бірақ терең, кеңестік шындықтың талантты суреттерімен жазылған, жиырмасыншы ғасыр мен  тарих дәуірінің иегері болды.
Мұражай директоры- Наталья Дубинчик қатысушыларға отбасылық жәдігерлер, құжаттар мен А.Ивановтың отбасы мүшелерінің фотосуреттерімен таныстырады. Аудандық Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының орындауында жерлес-жазушымыздың шығармалары туындылары бойынша түсірілген фильмдерден ән шырқайды.

«Әдеби-өлкетану слеті»

Өткізу орны:  «Н.Островский атындағы № 1 жалпы білім беру орта мектеп-гимназиясы» КММ «

Чапаев  к. 44 үй

Өткізу күні : 2018 жыл 04 мамыр 

Уақыты:  сағат 11- 00.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жерлес жазушы А.С.Ивановтың 90-жылдық мерейтойына және оның Отанына арналған   әдеби өлкетану слетін өткізу жоспарланып, оған Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының    ұстаздары қатысады.

Жерлес жазушының 90 жлдығын еске алу күні

Өткізу орны:  Шемонаиха қаласы, А.Иванов атындағы саябақтағы А.Ивановтың бюсті

Советская  к. 59 үй

Өткізу күні : 2018 жыл 05 мамыр 

Уақыты:  сағат 11- 00.

А.Иванов атындағы саябақтағы А.Ивановтың бюстінде ашық аспан астында 90 жылдық мерейтойға байланысты іс-шара өткізіледі.

Бағдарламада:

-Жүргізушілердің сөзі.
-Шемонаиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д.А.Горьковойдың, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Б.Боровикованың, тарих ғылымдарының кандидаты және «А.Иванов атындағы қоғамдық қоры» ҚБ мердігері И.Д.Никифоровтың құттықтау сөздері.
-Гүл шоқтары мен гүл дестелерін қою.
«Вечный зов родной земли» әдеби-сазды композициясының аяқталуы.

Саябақта қосымша "Мультиформатная платформа" жұмыс істейді:
- Иванов шығармашылығы бойынша көрме (ашық аспан астынды);
- "Тени исчезают в полдень" романы бойынша оқылым;
-  автордың фильмдерінен бейне баян көрсету  (барлық көрермендерге арналып ноутбуктерін орналастырып, фильдер көрсету); 
- Иванов туралы әңгімелеу.. 
Байланыс телефоны: 8(72332) 3-42-27

Пресс-релиз «Ұлттық ағаш отырғызу күні» бүкіл қазақстандық науқаны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің хатын орындау мақсатында 2018 жылғы 21 сәуірде республиканың қалалары мен аудандарында 1971 жылғы наурыз айында БҰҰ белгілеген Дүниежүзілік Жер күнін тойлау қарсаңына орайластырылған «Ұлттық ағаш отырғызу күні» бүкіл қазақстандық науқаны басталады.

Науқанның негізгі мақсаты ел халқын мекендерді көгалдандыруға барынша тарту, көгалдандыру іс-шараларында халықтың үлесін дамытудағы азаматтық қоғамды белсендендіру болып табылады.

Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың науқан аясында өткізілетін іс-әрекеттерін үйлестіретін болады. Ағаштарды отырғызу бір уақытта қаланың бірнеше оқу орындарында, сондай-ақ қаланың қоғамдық ұйымдары жүзеге асыратын болады.

Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері облыстың қалалары мен елдімекендерін көгалдандыруға көмек көрсетуде белсенді жұмыс жүргізеді.

2018 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша 9838 дана сібір шыршасы, кәдімгі қарағай, қотыр қайың, ұсақжапырақ шегіршін, қарапайым шаған берілді.

Алдын ала мәлімет бойынша облыс аумағында науқанға 5 мың адам қатысатын болады.

Көріктендіру және санитарлық тазарту бойынша сенбіліктер және айлықтармен бір уақытта ағаштар мен бұталар отырғызылатын болады.

Көгалдандыру науқанына Өскемен қаласының білім беру ұйымдары қатысып, олар 1000 дана ағашты-бұталы көшет түрлерін отырғызады. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық қызметтері, жеке тұлғалар және басқа ұйымдар 1000 данадан кем емес көшет отырғызуды жүзеге асырады.

Пресс-релизы

20 сәуір 2018 жылы сағат16.00 Өскемен қаласы Сатпаев даңғылы, 53 Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласына байланысты және келе жатқан Ұлы жеңістің 73 жылдығы, сонымен бірге биылғы жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 10 жылдығына орай мектеп оқушыларының бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халықына деген кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезім ұялату, ұлттық рухты сіңіру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі ардагерлері оқушыларға қызықты сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу өткізеді. Кездесу соңында ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің қасынан құрылған «Ардагерлер» ансамблің үлкен концертімен жалғасады.

 

20 сәуір 2018 жыл Архат ауылы

 «100 түп ағаш» акциясы

2018 жылдың 20 сәуірінде Архат ауылында ауылдық округтің оқушылары мен шаруашылық фермаларының басшыларының қатысуымен көгалдандыру шарасы өтеді.

Ұйымдастырушылар:

- Архат ауылдық округінің әкім аппараты;

- Ауыл еріктілері.

Бұл шараның мақсаты - ауылдық округті көгалдандыру, аумақтың экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту, халықтың белсенді қатысуын арттыру және дамыту.

Бұл іс-шараның өзектілігі - көгалдандыру маңызды қызмет саласы болып табылады. Дәл осындай іс-шаралар өте пайдалы және ауылдық округтің әдемі болуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өткізілгелі отырған акция - сіздің болашаққа із қалдыруға деген тамаша мүмкіндігіңіз. «Жерге өз қолымен көшеттерді отырғызу арқылы адам табиғатқа мұқият қарайтын болады және онымен тығыз байланысты сезінеді».

Іс-шараға әкім аппаратының мамандары, еріктілер, мектеп бітірушілері және шаруашылық жетекшілері қатысады.

Өткізілетін орны: Абай ауданы,Архат ауылы.

Басталуы: сағат 15:00-де.

Қамту аймағы: 80 адам.

 

«Жұлдызай» Республикалық спартакиадасының  облыстық кезеңінің Пресс-релизі

Өткізу орны:                                                                    Күні: 20 сәуір  2018 жыл

О. Рыпакова атындағы                                                     Уақыты: 14.00

жеңіл атлетика орталығы

Сәтпаев даңғылы, 82/2                                                                                                  

2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалардың екінші «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өткізіле бастады. Спартакиада Астананың 20 жылдығына арналған.

Өскемен қаласында фестивальдің облыстық кезеңі  О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 14.00-де өтеді.

Спартакиаданың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру. Зияткерлік әрі дене бітімі ерекше дамыған балаларға қоғамның көзқарасын өзгерту және назарларын аударту. Балалар спортын дамыту әрі қолдау саласында мемлекеттік ұйым, бизнес-құрылым және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесу жаңашыл әдістерін қалыптастыру.

Спартакиадаға арнайы білім беру ұйымдарының 10-15 жас аралығындағы оқушылары асық ату, бес тас, үстел теннисі, жеңіл атлетика (О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында), (Назарбаев зияткерлік мектептың спортзалында) шағын футбол бойынша қатысады.

Үздік командалар республикалық кезеңіне қатысады.

Білім басқармасы барлық қатысуға тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін спартакиадаға қатысып, баспасөз басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.

ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық

және интернаттар ұйымдары бөлімі

8(7232) 705939, 705941

XІІI «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығы   фестивалінің  облыстық кезеңінің Пресс-релизі

Өткізу орны:                                                                    Күні: 20 сәуір  2018 жыл

Оралық мәдениет үйі «Ертіс концерт»                            Уақыты: 12.00

Протозанов көшесі, 43

2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар шығармашылығына арналған XІІІ «Жұлдызай» республикалық фестивалі  өткізіле бастады. «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі Астананың 20 жылдығына арналған.

Өскемен қаласында фестивальдің облыстық туры «Ертіс концерт» Орталық мәдениет үйінде 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 12.00-де өтеді.

Фестивальдің мақсаты: ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту. Фестивальдің әр қатысушысының ерекше шығармашылық әлеуетінің ашылуына қолдау және көмек көрсету.

Облыстың қалалары мен аудандарынан дарынды балалар байқауда алты номинация: вокал, аспаптық орындау, ыммен ән салу, би, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бойынша қатысады.

Облыстық кезеңнің республикалық қазылар алқасы: фестиваль режиссері -Галия Байбосынова, «Хабар 24» телеарнасының ыммен айту тілі бойынша аудармашысы - Хасан Исраилов,  қордың директорының орынбасары – Алмагуль Салимбаева, Жүргенов ат. Өнер акдемиясының ұстазы, ҚР суретшілер одағының мүшесі - Анар Абжанова, «Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми практикалық орталығы» аға ғылыми қызметкері - Алмагуль Сейсенова және Қазақстан эстрадасының әртісі – Ернар Айдар.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін фестивальге қатысып, баспа басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.

Өйткені, ерекше балалар үшін жиналып, айналадағы адамдардың махаббаты мен жылылығын сезіну өте маңызды!

ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық

және интернаттар ұйымдары бөлімі

8(7232) 705939, 705941

Президенттің «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шығуына бір жыл толуына орай, «рухани жаңғыру: ұлы абайдың рухты сөзі» open space іс-шаралар кешенінің Баспасөз мәлімдемесі

Өтетін орнындары: Семей қаласы: А. Құнанбаевтың ескерткіші, Семей қаласының мұражайлары, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Семей қаласының орталық алаңы.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 20 сәуір. Сағат 10.00-21.00

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО білім басқармасы, ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО ішкі саясат басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Семей қалалық әкімдігі.

Қатысушылар: қалалар мен аудандардың жастар орталықтары директорлары, қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттары, белсенді жастар, студенттер.

2018 жылғы 20 сәуір күні Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат, Білім және Мәдениет басқармаларымен бірлесіп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай «Ұлы Абай рухты сөзі» тақырыбындағы кешенді шаралар жоспарын өткізеді.

Аталған шараға студенттер, мектеп оқушылары, жастар ресурстық орталықтары директорлары, жастар мәслихаты депутаттары мен басқа да белсенді жастар қатысады.        

Іс-шаралар кешені ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, артынша  «Қазақтың бас ақыны» тақырыбында шараға қатысушылар мен облыстың жоғарғы оқу орындары студенттерінен жаппай диктант алынады. Бағдарламадағы келесі шаралар – Семей қаласының мұражайларымен танысу, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы, зергер, мүйізден ойып өрнек жүргізуші, былғары шебері Абылайxан Асылбаймен кездесу, «Жас Абай» театрландырылған қойылымды тамашалау. Іс-шаралар кешенін   «OPEN SPACE» кешкі бағдарламасы аяқтайды.

Аталған шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп,

Қосымша ақпараттар үшін:  8 72 32 610 942, 8 72 32 710 234

«Рухани жаңғыру: Ұлы Абайдың рухты сөзі» жастар форумы аясында өтетін қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттарының кешенді шаралар БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы кітапхана ғимараты.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 19 сәуір. Сағат 13.00-18.00

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО ішкі саясат басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Семей қалалық әкімдігі.

Қатысушылар: қалалар мен аудандардың жастар орталықтары директорлары, қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттары, белсенді жастар, студенттер.

2017 жылы облыс аумағында жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, азаматтық ұстанымдарын нақтылайтын тың жоба қолға алынған болатын. Осы жоба аясында қалалар мен аудандарда жастар мәслихаты депутаттығына сайлау өтіп, облыс бойынша 384 жас депутат жеңіске жеткен болатын.

2018 жылғы 19 сәуір күні Семей қаласында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іс-шаралар кешені жоспарланған. Шара барысында қала/аудандардан келген жастар мәслихаты депутаттары мен белсенді жастарға арналған түрлі бағыттардағы семинар-тренингтер өтеді. Жұмыс күні соңында  облыстық жастар мәслихаты депутаттарының алғашқы отырысы өтіп, күн тәртібінде жастар мәслихаты төрағасы, хатшысын, сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелерін сайлау мен қала/аудандардан келген жастар мәслихаты депутаттарының есептері тыңдалатын болады.

Аталған шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін:  8 72 32 610 942

ПРЕСС-РЕЛИЗЫ       

20 сәуір 2018 жылы сағат16.00 Өскемен қаласы Сатпаев даңғылы, 53 Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласына байланысты және келе жатқан Ұлы жеңістің 73 жылдығы, сонымен бірге биылғы жылғы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 10 жылдығына орай мектеп оқушыларының бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халықына деген кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезім ұялату, ұлттық рухты сіңіру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі ардагерлері оқушыларға қызықты сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу өткізеді. Кездесу соңында ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің қасынан құрылған «Ардагерлер» ансамблің үлкен концертімен жалғасады.

20 сәуір 2018 жыл Архат ауылы

 «100 түп ағаш» акциясы

2018 жылдың 20 сәуірінде Архат ауылында ауылдық округтің оқушылары мен шаруашылық фермаларының басшыларының қатысуымен көгалдандыру шарасы өтеді.

Ұйымдастырушылар:

- Архат ауылдық округінің әкім аппараты;

- Ауыл еріктілері.

Бұл шараның мақсаты - ауылдық округті көгалдандыру, аумақтың экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту, халықтың белсенді қатысуын арттыру және дамыту.

Бұл іс-шараның өзектілігі - көгалдандыру маңызды қызмет саласы болып табылады. Дәл осындай іс-шаралар өте пайдалы және ауылдық округтің әдемі болуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өткізілгелі отырған акция - сіздің болашаққа із қалдыруға деген тамаша мүмкіндігіңіз. «Жерге өз қолымен көшеттерді отырғызу арқылы адам табиғатқа мұқият қарайтын болады және онымен тығыз байланысты сезінеді».

Іс-шараға әкім аппаратының мамандары, еріктілер, мектеп бітірушілері және шаруашылық жетекшілері қатысады.

Өткізілетін орны: Абай ауданы,Архат ауылы.

Басталуы: сағат 15:00-де.

Қамту аймағы: 80 адам.

«Жұлдызай» Республикалық спартакиадасының  облыстық кезеңінің Пресс-релизі

Өткізу орны:                                                                    Күні: 20 сәуір  2018 жыл

О. Рыпакова атындағы                                                     Уақыты: 14.00

жеңіл атлетика орталығы

Сәтпаев даңғылы, 82/2                                                                                                  

2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалардың екінші «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өткізіле бастады. Спартакиада Астананың 20 жылдығына арналған.

Өскемен қаласында фестивальдің облыстық кезеңі  О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 14.00-де өтеді.

Спартакиаданың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру. Зияткерлік әрі дене бітімі ерекше дамыған балаларға қоғамның көзқарасын өзгерту және назарларын аударту. Балалар спортын дамыту әрі қолдау саласында мемлекеттік ұйым, бизнес-құрылым және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесу жаңашыл әдістерін қалыптастыру.

Спартакиадаға арнайы білім беру ұйымдарының 10-15 жас аралығындағы оқушылары асық ату, бес тас, үстел теннисі, жеңіл атлетика (О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында), (Назарбаев зияткерлік мектептың спортзалында) шағын футбол бойынша қатысады.

Үздік командалар республикалық кезеңіне қатысады.

Білім басқармасы барлық қатысуға тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін спартакиадаға қатысып, баспасөз басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.

ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық

және интернаттар ұйымдары бөлімі

8(7232) 705939, 705941

XІІI «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығы  фестивалінің  облыстық кезеңінің Пресс-релизі

Өткізу орны:                                                                    Күні: 20 сәуір  2018 жыл

Оралық мәдениет үйі «Ертіс концерт»                            Уақыты: 12.00

Протозанов көшесі, 43

2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар шығармашылығына арналған XІІІ «Жұлдызай» республикалық фестивалі  өткізіле бастады. «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі Астананың 20 жылдығына арналған.

Өскемен қаласында фестивальдің облыстық туры «Ертіс концерт» Орталық мәдениет үйінде 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 12.00-де өтеді.

Фестивальдің мақсаты: ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту. Фестивальдің әр қатысушысының ерекше шығармашылық әлеуетінің ашылуына қолдау және көмек көрсету.

Облыстың қалалары мен аудандарынан дарынды балалар байқауда алты номинация: вокал, аспаптық орындау, ыммен ән салу, би, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бойынша қатысады.

Облыстық кезеңнің республикалық қазылар алқасы: фестиваль режиссері -Галия Байбосынова, «Хабар 24» телеарнасының ыммен айту тілі бойынша аудармашысы - Хасан Исраилов,  қордың директорының орынбасары – Алмагуль Салимбаева, Жүргенов ат. Өнер акдемиясының ұстазы, ҚР суретшілер одағының мүшесі - Анар Абжанова, «Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми практикалық орталығы» аға ғылыми қызметкері - Алмагуль Сейсенова және Қазақстан эстрадасының әртісі – Ернар Айдар.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін фестивальге қатысып, баспа басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.

Өйткені, ерекше балалар үшін жиналып, айналадағы адамдардың махаббаты мен жылылығын сезіну өте маңызды!

ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық

және интернаттар ұйымдары бөлімі

8(7232) 705939, 705941

«Қазақ тіліндегі 100  жаңа оқулық» республмкалық жобасын талқылау бойынша Бірыңғай күн аясындағы  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100  жаңа оқулық» дөңгелек үстел отырысының

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Күні: 19 сәуір 2018 жыл

Сағат: 11:00

Өтетін орны: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

( Тәуелсіздік даңғылы, 68)

Ұйымдастырушылар: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы

Қатысушылар: Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ғылыми - сараптамалық тобының, ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері және Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері.

Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бой­ынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. Осыған орай таңдаулы 100 оқулық бағдарламасының маңызын студенттер мен жастарға түсіндіру және  талқылау.

Байланыс телефондары: 74-27-37

Баспасөз-ақпарат

2018 жылдың 13сәуірі күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан Өнер музейінде «Наурыз - береке, Наурыз - мереке!» атты көктем  мерекес іөткізіледі.

Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары! Облыстық өнер музейі халқымыздың ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады.

Наурыз – көктем мейрамы және күн мен түннің теңесуі кезіне дәл келетін, Жаңа жылдың басталуы ретінде тойланатын, парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі Балқан түбегі, Қара теңіз аймағы, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдері сияқты дүниежүзі халықтарының тұрмыс-салтындаүш мың жылдан бері бар. 2009 жылдың 30-қыркүйегінен ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізген болса,  2010 жылдың 10-мамырынан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 21-наурызды «Халықаралық Наурыз күні» деп атап келеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, әр отбасына  «бақ-береке, құт пен байлық, ырыс әкелсін» деп тілеген.

Міне, осылайша жаңарып, жаңғырған Наурыз тойы кернейлетіп, сырнайлатып Шығыс Қазақстан өнер музейінде де өткізілмек. Әсем ән мен тәтті күй тыңдап, тіл үйірер Наурыз көжеден ауыз тиген көпшілік ағаш көшеттерін егу рәсіміне атсалысады.Көп жерлерде енді ғана жандана бастаған, жігіттердің білек күшін байқататын «Жілік сындыру», «Қол күресі» сияқты  ұлттық ойындарына белсене қатысып, бәйгеге тігілген  сыйлықтарға ие болады деген сенімдеміз.

Мерекелік бағдарламада Өскемен қалалық жастар мәслихатымен бірлесе жас суретшілер көрмесі, скетчинг техникасымен, акварель бояуларымен шеберлік сыныптары, аквагрим өткізілетін болады.

Өнер музейімен бірге Наурыз мейрамын тойлайық!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аясында атқарылған шараларына қорытынды жасау мен алдағы жоспарларды талқылауға арналған «Рухани жаңғыру: жастар әлеуеті»  тақырыбындағы белсенді жастардың қатысуымен өтетін дөңгелек үстелінің

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 12 сәуір, сағат 16:00.

Қазіргі таңда, Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген игі бастамалар мен іс-шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Осындай бастамалардың негізгі қозғаушы күші мен жаңа идеялардың бастауы – жастар болып табылады. Жастардың Рухани жаңғыру бағытында жасап жатқан жұмыстары жемісті, болашаққа қойған жоспарлары жарқын.

Аталған шараға облыстық, қалалық  жастар ресурстық орталықтарының, «Жас Отан» жастар қанатының, Өскемен қаласындағы белсенді жастар мен жастар мәслихатының депутаттары, жайдарманшылар мен пікірсайысшылар, оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі комитеті жетекшілері,  құқық қорғау органдары мен жастар ұйымдары өкілдері бас қосатын болады.

Кездесуде аталған шараларға қорытынды жасалып, енді атқарылатын шаралар талқыланатын болады.

Жастар бастамасы Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз. 

Қосымша ақпарат үшін: 8 72 32 640 942, 8 701 899 96 19

Баспасөз-релизі

2018 жылдың 31 наурызында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары мен ШҚО ТжКБ 1-2 курс студенттері арасында ағылшын тіліндегі «Striving for Excellence» атты аймақтық командалық сайыс өтеді.

Қазақстанда жаһандық өзгерістер мен инновацияларды енгізу, білім экономикасына ерекше назар аудару, адам ресурстарының ұтқырлығын арттыру жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әзірленді. Оның аясында білім және тәрбие алу арқылы табысты болашақ үшін негіз құруға бағытталған «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ»  шағын бағдарламасын іске асыру басталды. Шағын бағдарламаның мақсаттары - прагматизмді қалыптастыру және өмірдегі білімнің практикалық қолданылуы; оқу үрдісінде жобалық қызметті жүзеге асыру; әлемдік білімге қол жеткізу. Ертеңгі күннің маңызды факторы ол минералды ресурстардың қолжетімділігі емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі, ұлттың табыстылы. Сондықтан, Қазақстанның кез келген азаматы, сондай-ақ тұтастай алғанда халық, ХХІ ғасырда табысты жеке және кәсіби өсуін қамтамасыз ету қасиеттері жиынтығы болуы керек. Осындай дамудың сөзсіз мақсаттары арасында компьютерлік сауаттылық, мәдени ашықтық, шет тілдерін білу сияқты факторлар бар.

Тәуелсіздік  даңғылы 86 мекен-жайы бойынша Қазақ-Американдық еркін университетінде «Саналы Азамат» бағыты аясында Шығыс Қазақстан облысындағы 9-11 сынып оқушылары мен ТжКБ ұйымдарының 1-2 курстары арасында «Striving for Excellence» олимпиадасы өтеді.

Жыл сайынғы ағылшын тілінен «Striving for Excellence» ағылшын тілінің олимпиадасының мақсаты студенттерді ағылшын тілін үйренуге, үш тілдесу идеясын насихаттауға, студенттердің әлеуметтік-мәдени, лингвистикалық және мәдени құзыреттілігін кеңейтуге, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан-Американдық еркін университеті өткізетін олимпиада 4 адамнан құралған командалар арасында өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаттары:

- ағылшын тіліне,  ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге, мәдениетіне және салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікпен оқушылардың тұрақты когнитивті қызығушылығын қалыптастыру;

- командалық жұмыс дағдыларын дамыту;

- оқушылардың жеке әлеуетін ашуға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі кәсіби анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың кезеңдері:

1) дайындық кезеңі: олимпиада туралы хабарлама әзірлеу, ақпараттық хат дайындау, конкурстық шарттарды үйлестіру, олимпиада туралы хабарламаны электронды тарату және ақпараттық хаттар;

2) іріктеме кезеңі (Олимпиаданың 1 раунды): қатысуға тапсырыстарды қарастыру, конкурстық материалдарды бағалау, конкурсқа қатысушыларды іріктеу;

3) Олимпиаданың 2-ші және 3-ші раундын өткізу, конкурстық тапсырмаларды бағалау,

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады және Қазақ-Американдық еркін университетінде оқуға жеңілдік алады.

Барлық сұрақтар бойынша: Леоненко Валерия, тел .: 8-7232-49-25-15, e-mail: valleo1212@gmail.com

ПРЕСС-РЕЛИЗ

"Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін «Оятқан мені ерте –Шығыс жыры» атты қалалық жас ақындар жыр-мүшайрасы

30 наурыз 2018ж. Семей қаласы

2018 жылдың 30 наурыз күні сағат 12:00 Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оятқан мені ерте –Шығыс жыры» атты қалалық жас ақындар жыр-мүшайрасы ұйымдастырады.

 

Ұйымдастырушылар:

-         Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

Мақсаты мен міндеттері:

-         Ақындық - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, жыр құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.  Поэзиядай бекзат өнеріміз арқылы  талантты  жастардың көзін ашу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қолдау көрсетіп халыққа таныту.

-         Кемеңгер ойшыл, ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі,  ақын, жазушы, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұраларын зерделеу.

-         Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында  ұлттық сананы көтеру, қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ жастарының бойына сіңіру.

Аталмыш іс-шараға Семейр қаласының жоғарғы оқу орын студенттері қатысады. Шараға  қатысқан  ақындар дипломмен марапатталып, сый сыяпаттар беріледі.

Өтетін орны: Семей қаласы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Абай көшесі, 103, бас ғимарат,  акт залы.

Өткізілетін уақыты: 30 наурыз 2018ж.      

Басталуы: сағат 12.00 де.

Қамту: 30 адам

Жюри

 Т.А.Ж.

Лауазымы

Тел.: 
Пошта:

1

Молдабеков Серік  Рыспекұлы

Семей қалалық мәдениет сарайындағы халықтық «Ой-сана» ақындар орталығының жетекшісі

87751751238
87474074768

Ақпарат алу үшін тел.:

·  Купанова Салтанат Ахметкалиевна –  (+7 7476346395);

Пошта: ik_ood@med.mail.kz

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттарының этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесуінің баспасөз ақпараты

Күні: 31 наурыз 2018 жыл

Сағат: 11:00

Өтетін орны: Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы

( Тәуелсіздік даңғылы, 68)

Ұйымдастырушылар: ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы

Қатысушылар: ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Ғылыми - сараптамалық тобының, Жастар лигасның  мүшелері. 

Бағдарламада: Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары Магеррамов Магеррам Мамедович және Микаелян Наринэ Гамлетовнамен кездесу.

Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын және «Бес әлеуметтік бастамасын» талқылау.

Байланыс телефондары: 74-27-37

Пресс-релиз

Өткізілу мерзімі: 30 наурыз 2018 ж.

Уақыты: сағат 12.00

Өткізілу орыны: «Мәдениет сарайы»КМҚК, театр залы

Тәуелсіздік даңғылы, 14
                                          

30 наурыз 2018 жылы «Өз жұлдызыңды жақ – 2018» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауының вокал номинациясына шақырады. Бұл байқау  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер ұжымдары үшін өткізіледі.                                      

Байқау талантты балалар-жасөспірімдер ұжымдарын, жеке орындаушыларды анықтауды, олардың орындаушылық шеберліктерін шыңдауды көздейді. 

·        Байқаудың мақсаты  – балалардың және жетекшілердің қарым-қатынасы арқылы балалар шығармашылығын дамыту, ұжымдардың репертуарларын халықтық, классикалық өнердің ең үздік үлгілерімен, қазіргі заманғы шығармалармен және қойылымдармен толықтыру.       

·        Байқаудың негізгі міндеттерінің бірі – қатысушыларды шығармашылық одаққабіріктіру, дарынды балаларды қолдау және дамыту.

·        Шараның міндеті – патриотизмге тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Жауапты: Конуспаева Миргуль Нуржановна,

Мәдени-сауық бөлімінің меңгерушісі.

87762642484

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасындағы облыстық Жансүгіров оқулары

Өтетін орны:  Өскемен қаласы әкімдігінің № 19 орта мектебі                       
Өтетін уақыты мен күні: 30 наурыз 2018 жыл сағ. 10.00

2018 жылғы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Әдеби оқулар» жобасының «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын  жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдардың 7-11 сынып оқушыларының арасында облыстық Жансүгіров оқулары ұйымдастырылады.

Жансүгіров оқуларын ұйымдастырудағы  мақсат – оқу орындарының оқушылары арасында  Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума  талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.       Жансүгіров оқуларына  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Қаңтарбаев Әлібек  Қалиұлы,                С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор Картаева Айжан Маратбековна,  Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Кусманова Күлжібек Аскенқызы және облысымыздың мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысады.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы Жансүгіров оқуларын тамашалауға шақырады.

Абай даңғылы, 21

т/ф. 8/7232/752691

e-mail: kocmhabb@mail.ru

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылдың 29-30 наурызында Өскемен қаласының «Дарынды балаларға арналған  «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен орталығы» КММ базасында «Заманауи сабақ: «Cambridge University Press» оқулықтары бойынша тиімді білім беру процесін ұйымдастыру» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаты: оқулықтар мен Cambridge University Press оқу-әдістемелік материалдар баспасының және жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны талқылау, білім мазмұнын жаңарту бойынша білім беру ұйымдарында ағылшын тілінің мұғалімдерін оқытудың және біліктілігін арттыруда әдістемелік қамтамасыз ету, ағылшын тіліндегі оқушылардың тілдік құзыреттілігін бағалау үшін білім беру мектептерінде Кембридж емтихандарын енгізудің перспективалары және еуропалық тілді меңгеру жоспары (CEFR) бойынша қазақ және орыс тілдерін оқытуда тілдік құзыреттілікті бағалау.

Осыған байланысты конференцияға 240 ағылшын тілі мұғалімдері қатысады.

Ісшараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Cambridge University Press» және «StudyInn» халықаралық білім беру холдингі өкілдері қатысты.

Өткізілетін орны: «Дарынды балаларға арналған  «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен орталығы» КММ

Ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Баспасөз қызметі

ПРЕСС-АНОНС

Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы онлайн лекция

2018 жылдың  29 наурызы күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында «Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы» атты үшінші бейне-сабақ және А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызымен онлайн кездесу өтеді.

Бұл сабақ жақында жаңа әліпбиге енгізілген өзгертулерге арналады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпанында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 « Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» № 637 Жарлығына қол қойды.

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында апострофтер жоқ, диакритикалық белгілер бар.

Жаңа әліпбидегі Ә, И, Й, Ғ, Ң, Ө, Ү, У әріптерінің жазылуы өзгерген, сондай-ақ,  диграфтар (sh, ch) енгізілген.

Кездесуге жоғары оқу орындары, колледждер және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары, филологтар, филология факультетінің студенттері шақырылады.Жаңа әліпбидегі өзерістер туралы онлайн кездесуге қатысушылар  онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады. Интернет-сабаққа облыстың орталық және қалалық кітапханаларының барлығы қосылады. 

А.Фазылжанованың алғашқы екі бейнесабағы кітапхананың  веб-сайтында www.pushkinlibrary.kz.  ұсынылған. Бұдан кейінгі өтетін барлық сабақтарды Интернет желісінен қолжетімді.  

Байланысшы: Рахимбаева Б.С., тел. 261333

«Заманауи сабақ: «Cambridge University Press» оқулықтары бойынша тиімді білім беру процесін ұйымдастыру» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының

«Үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауының Баспасөз-хабарламасы

Өткізу күні: 2018 жылғы 27 наурыз

Уақыты: 10:00 сағат

Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Амурская к., 1

 

2018 жылғы 27 наурызда ШҚО ББ «Шығыс» ӨО «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде алғаш рет «Үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауын өткізеді.

Спикер ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директорының орынбасары Исаев Аркадий Анатольевич.

Байқау әдістемелік кабинеттердің қызметін дамытуға, оқу орындарының инновациялық қызметін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс тәжірибесін зерделеуге және әдістемелік кабинеттер арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

Педагогтердің және педагогикалық ұжымның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдай жасау үшін әдістемелік кабинеттердің қызметін зерделеу, тиімді жұмыс істейтін әдістемелік кабинеттерді анықтау, әдістемелік кабинеттердің жұмыс тәжірибесін жинақтау және жүйелеу.

«Үздік әдістемелік кабинет» атағын беру байқауына қатысу үшін келесі материалдар ұсынылады: қатысу туралы өтініш және әдістемелік кабинетті ұйымдастыру туралы құжаттар.

Байқауға қатысушылар ұсынған байқау материалдары шығармашылықпен жұмыс жасайтын және жоғары кәсіби рейтингтік көрсеткіштері бар аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерін анықтайтын арнайы әзірленген критерийлерге сәйкес бағаланады.

Облыстық байқаудың нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан әкімінің жүлдесіне арналған «Мәңгілік ел жастары» тақырыбындағы Республикалық пікірсайыс турнирінің БАСПАСӨ3 МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін орны: Семей қаласы, М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледжі

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 16-17-18 наурыз, сағат 9:00 -де

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Семей

Қатысушылар: Астана, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кала/аудандары командалары.

2018 жылғы 16-18 наурыз күндері Семей қаласында Рухани жаңғыру аясында «Мәңгілік Ел жастары» тақырыбындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.

Ағымдағы жылғы пікірсайыс турнирінің басты ерекшелегі қазіргі кездегі «Үш тұғырлы» тіл саясатын насихаттау, жастар арасындағы үштілділікті дамыту мақсатындағы үш тілділік турнир болып табылады. Турнир қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтетін болады. Кез келген қатысушы фракция таңдалған тілде сайысқа түсетін болады.

Қазіргі кезде, пікірсайыс жастардың ойлау қабілеттерін шыңдайтын, ораторлық мүмкіндігін дамытатын, белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыруда және өз ойын ашық білдіруге, сенімділікке, шешендік өнерге, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жастардың ең көп қызығушылық білдіретін саласы болып табылады.

Пікірсайыс турнирі осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылып, жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған.

Аталған пікірсайыс турниріне Шығыс Қазақстан облысы қалалар мен аудандарының, сонымен қатар, Астана, Алматы, Павлодар және т.б. қалалардан келетін 30-дан астам команданың қатысуы жоспарлануда.

Іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынан сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз. 

Қосымша ақпарат үшін: 8/7232/ 710-234, 8-705-768-63-57

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Асық ату» ойыны

20 наурыз 2018 ж. Абай ауданы

2018 жылдың Наурыз айының 20-ы күні Абай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында асық ату ойынын ұйымдастыру.

Ұйымдастырушылар:

-       Абай ауданының жастар ресурстық орталығы;

Ұлттық ойындарды насихаттау, жастар мен оқушылар арасында ұлттық ойындардың маңыздылығын ұғындыру. Салауатты өмір салтын насихатату. Асық ату ойының ережелерімен және тарихымен таныстыру.

Ойынға мектеп оқушылары қатысады. Ойын бірнеше жас аралығында өтеді. Асық ату ойындарының бірнеше түрі бойынша сайыстар ұйымдастырылады. 

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып арнайы сыйлықтар табысталады.

Өтетін орны: Абай ауданы, Қарауыл ауылы

Басталуы: сағат 11.00 де.

Қамту:50 адам

Спикерлер

Ақпарат алу үшін тел.: 87225292110

Пошта: abai_zhastar@mail.ru

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының «Жан жылуы» акциясы аясында ұйымдастыратын «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «қайырымдылық күні» шарасының БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 20 наурыз. Сағат: 10.00

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Амурская к., 1

Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы жыл сайын өткізілетін, дәстүрге айналған «Жан жылуы» акциясы аясында Өскемен қаласында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап көптеген шаралар ұйымдастарып келеді.

Ағымдағы жылы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандық таңдау бойынша көмек көрсетілуде.

Жасалып жатқан шаралардың негізгі мақсаты жастарды қоғамға бейімдеу, белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты, Жастар ресурстық орталығы педогогикалық колледжбен бірлесіп «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  арналған бір күндік іс-шара жоспарлауда.

Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне оқу ғимаратының аумағында таныстыру жұмыстары жүргізіліп, студент жастармен кездесулер, концерттік бағдарлама, мәдени-сауықтыру ойындары, спорттық шаралар мен қатар  мерекелік ас ұйымдастырылады.

Шара соңында естелік суретке түсу мен естелік сыйлықтар табысталады.

Жастар бастамасы Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін: 8 72 32 610 942

Тел. 8 701 899 96 19

Шығыс Қазақстан облысы белсенді жастарының бастамасымен  Наурыз мерекесіне орайластырылған қарттар үйлерінде өтетін «Қош келдің әз Наурыз!» атты қайырымдылық акциясының БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өткізілген орны: Глубокое ауданы, Солнечный е кенті, Мира көшесі 18.

Өскемен қаласы, «Луч Надежды», Машиностроителей көшесі, 5/1

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 19 наурыз сағат 11:00 Солнечное кенті.

2018 жылғы 19 наурыз сағат 13:00 «Луч Надежды» әлеуметтік орталығы.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, белсенді жастар.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды мемлекет қамқорлығына алу жақсы жолға қойылған. Олардың денсаулықтары мен жайлы өмір сүруіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен белсенді жастардың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты адамдарға арналған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді.

Бұл шара дәстүрге айналып, еліміздегі атаулы мереке күндері мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты адамдарға арналған мәдени-сауықтыру ойындары, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылып, көңілдерін көтеретін шаралар атқарылып келеді.

2018 жылғы 19 наурыз күні Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында белсенді жастар бастамасымен және Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен екі жерде: Солнечный кентінде ораналасқан Қарттар үйі мен Машиносторителей 5/1 мекен жайы бойынша орналасқан «Луч Надежды» әлеуметтік орталығы тұрғындарына арналған қайырымдылық концерті мен мерекелік дастархан ұйымдастыруды жоспарлауда.

Шара барысында қарттарға шығармашыл жастар ретро әндер мен ретро билерден шашу шашатын болады.

Облыс жастары үшін маңызы жоғары іс-шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғысымызды айтамыз.

Қосымша ақпараттар үшін: 8 /7232/ 610 942

Ақпарат-парақ «Рухани жаңғыру: «Абай» журналына– 100 жыл»

2018 жылы 16 наурызда, сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Абай» журналының 100 жылдығына арналған әдеби-тарихи кеш  өтеді

Кеш қонақтары  «Абай» журналының ұжымының редакторы Мұратбек Оспанов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің PhD докторанты, ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының тарихын зерттеп жүрген  Алтын Ақынбекова және осы оқу орынының оқытушысы Бакенова Ризагүл. Қ. Мұхамедханов атындағы білім мен  мәдениет орталығының» директоры Дина Мұхамедхан онлайн-байланысқа шығады.

«Абай» журналының негізін қалаушы Ж. Аймауытов басылымның алғашқы санында: «Әдебиетіміздің негізін салған – Абай. Адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап тексерген де Абай. Ол философ, гуманист, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, ағартушы, қазақтарды оқу мен білімге шақырған ...», – деп жазған екен. Сонымен, қазақ халқының әдеби, мәдени өміріндегі Абайдың рольі айқындалып, журналды «Абай» деп атаған.

1918 жылы 4 ақпанда алғашқы саны жарық көрген журнал қоғамдық  және рухани өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, әдебиет, банк ісі,  әлеуметтік жағдай, әйел мен ер адамның қарым‑қатынасы т.б. туралы ой қозғады. Журналдағы мақала авторлары – өз заманының озық ойлы азаматтары, көбі Алашорда қайраткерлері: Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Тұрағұл Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Ыдырыс Мұстанбаев, Тұрар Рысқұлов, Халел Досмұхамбетов т.б. Журнал қызметіне Мұхтар Әуезов те белсене араласты.

Тәуелсіздік алдындағы кезеңде, яғни 1992 жылы абайтану ғылымының негізін салушы, текстолог, М. Әуезовтың үзеңгілес інісі – Қайым Мұхамедханов әріптесі Рысхан Мусинмен бірлесе отырып, «Абай» журналын қайта жаңғырту туралы бастама көтерген.

Ұзақ уақыт бойы «Абай» журналының 11 саны ғана жарық көрді деген пікірлер қалыптасқан. Ал өткен жылы Алматыдағы М. О. Әуезов атындағы мұражай үйінен «Абай» журналының 12-саны табылды. «Абай» журналының 12-санының толық нұсқасын тапқан  ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының тарихын зерттеп жүрген  Алтын Ақынбекова осы туралы айтып береді. 

Пушкин атындағы кітапхана  пайдаланушылар назарына  екі тілді республикалық  «Абай» журналының 1992 жылдан бергі электронды нұсқасын «Біздің Абай» электронды кітапханасында ұсынады. (http://abai.pushkinlibrary.kz).

Іс-шараға оқытушылар – филологтар, тарихшылар, студенттер, мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлері, ақын-жазушылар, журналистер шақырылады.

Байланысшы: Зиза Слямова, тел. 261333 (#123)

ШҚМУ-да ректордың студенттермен кездесуі өтеді

16 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегеннің студенттерімен кездесуі болады.

Өз сұрақтарыңызды Сіз алдын ала ректор блогына жібере аласыз. Ректордың блогы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының басты бетінде орналасқан ("Сұрақ қою" бөлімі).

Өтетін орны мен уақыты: ШҚМУ әкімшілік ғимараты, Қазақстан к., 55, акт залы, 16.00.

Пресс-релиз

Өткізу күні: 2018 ж. 17 наурыз

Уақыты: сағат 11.00

Өткізу орны: «Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

2018 жылдың 17 наурызда Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде Ресей жазушылар Одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая»  әдеби бірлестігінің басшысы ақын С. Матвеевамен  өткізілетін әдеби салонға шақырады.

Наталья Семеновна Матвеева 1951 жылы 15 маусымда дүниеге келген, Өскемен қаласында өсіп, оқыған. №28 сегіз жылдық мектепте оқып, индустриалды техникумды бітірген. Өлең жазуды Н.Матвеева мектеп кезінен, алтыншы сыныптан бастаған. Алғашқы өлеңін мектеп кештеріне арнаған.

1998 жылы алғашқы өлеңдер кітабы  басылып шықты. Наталья Семеновна бес поэзиялық жинақтар авторы: «Предзимье», «Колодец жизни», «Свет души», «Кружева метели», «Сказки старого кедра», «Паруса судьбы», «Ковыли».

 «Простор», «Нива», «Жемчужина поэзии Казахстана» альманахтар  және ресейлік: «Радиус любви», «Связующее слово», «Литературный Бийск»  альманахтар және т.б.шығармалары қазақстандық газет және журналдарда жарияланып отырды.

2010 жылдан бастап Наталья Матвеева "Звено Алтая" облыстық әдеби бірлестігінің төрағасы болып келеді. Дәл Наталья Семеновны келуімен басылымның әдеби антология жинағын және аймақ жазушылардың шығармашылығы материалдарын мұрағаттандыру, әдеби антология басылымның дайындалуы басталды.

Н.С. Матвеевның поэзиясы маңызды бастауымен, махаббат салтанатына сенуге ниетін сездірумен,асылымен бөлісуге дайындығымен ерекшеленеді.

Поэзия жақын және қымбат кез келген адамға ләззат әсерлі мүмкіндігін  береді.

Іс-шараның медиалық міндеті: Шараның мақсаты шығысқазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, қазақстандық патриотизмге, отанын сүюге тәрбиелеу және қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөліне  көңіл аудару.

Жауапты: Н. Дубинчик,

«Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» КМҚК директоры

Байланыс телефондары: 8(332) 31763

Ақпарат-парақ «Рухани жаңғыру: «Абай» журналына– 100 жыл»

2018 жылы 16 наурызда, сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Абай» журналының 100 жылдығына арналған әдеби-тарихи кеш  өтеді

Кеш қонақтары  «Абай» журналының ұжымының редакторы Мұратбек Оспанов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің PhD докторанты, ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының тарихын зерттеп жүрген  Алтын Ақынбекова және осы оқу орынының оқытушысы Бакенова Ризагүл. Қ. Мұхамедханов атындағы білім мен  мәдениет орталығының» директоры Дина Мұхамедхан онлайн-байланысқа шығады.

«Абай» журналының негізін қалаушы Ж. Аймауытов басылымның алғашқы санында: «Әдебиетіміздің негізін салған – Абай. Адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап тексерген де Абай. Ол философ, гуманист, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, ағартушы, қазақтарды оқу мен білімге шақырған ...», – деп жазған екен. Сонымен, қазақ халқының әдеби, мәдени өміріндегі Абайдың рольі айқындалып, журналды «Абай» деп атаған.

1918 жылы 4 ақпанда алғашқы саны жарық көрген журнал қоғамдық  және рухани өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, әдебиет, банк ісі,  әлеуметтік жағдай, әйел мен ер адамның қарым‑қатынасы т.б. туралы ой қозғады. Журналдағы мақала авторлары – өз заманының озық ойлы азаматтары, көбі Алашорда қайраткерлері: Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Тұрағұл Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Ыдырыс Мұстанбаев, Тұрар Рысқұлов, Халел Досмұхамбетов т.б. Журнал қызметіне Мұхтар Әуезов те белсене араласты.

Тәуелсіздік алдындағы кезеңде, яғни 1992 жылы абайтану ғылымының негізін салушы, текстолог, М. Әуезовтың үзеңгілес інісі – Қайым Мұхамедханов әріптесі Рысхан Мусинмен бірлесе отырып, «Абай» журналын қайта жаңғырту туралы бастама көтерген.

Ұзақ уақыт бойы «Абай» журналының 11 саны ғана жарық көрді деген пікірлер қалыптасқан. Ал өткен жылы Алматыдағы М. О. Әуезов атындағы мұражай үйінен «Абай» журналының 12-саны табылды. «Абай» журналының 12-санының толық нұсқасын тапқан  ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының тарихын зерттеп жүрген  Алтын Ақынбекова осы туралы айтып береді. 

Пушкин атындағы кітапхана  пайдаланушылар назарына  екі тілді республикалық  «Абай» журналының 1992 жылдан бергі электронды нұсқасын «Біздің Абай» электронды кітапханасында ұсынады. (http://abai.pushkinlibrary.kz).

Іс-шараға оқытушылар – филологтар, тарихшылар, студенттер, мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлері, ақын-жазушылар, журналистер шақырылады.

Байланысшы: Зиза Слямова, тел. 261333 (#123)

ШҚМУ-да ректордың студенттермен кездесуі өтеді

16 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегеннің студенттерімен кездесуі болады.

Өз сұрақтарыңызды Сіз алдын ала ректор блогына жібере аласыз. Ректордың блогы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының басты бетінде орналасқан ("Сұрақ қою" бөлімі).

Өтетін орны мен уақыты: ШҚМУ әкімшілік ғимараты, Қазақстан к., 55, акт залы, 16.00.

Пресс-релиз

Өткізу күні: 2018 ж. 17 наурыз

Уақыты: сағат 11.00

Өткізу орны: «Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

2018 жылдың 17 наурызда Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде Ресей жазушылар Одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая»  әдеби бірлестігінің басшысы ақын С. Матвеевамен  өткізілетін әдеби салонға шақырады.

Наталья Семеновна Матвеева 1951 жылы 15 маусымда дүниеге келген, Өскемен қаласында өсіп, оқыған. №28 сегіз жылдық мектепте оқып, индустриалды техникумды бітірген. Өлең жазуды Н.Матвеева мектеп кезінен, алтыншы сыныптан бастаған. Алғашқы өлеңін мектеп кештеріне арнаған.

1998 жылы алғашқы өлеңдер кітабы  басылып шықты. Наталья Семеновна бес поэзиялық жинақтар авторы: «Предзимье», «Колодец жизни», «Свет души», «Кружева метели», «Сказки старого кедра», «Паруса судьбы», «Ковыли».

 «Простор», «Нива», «Жемчужина поэзии Казахстана» альманахтар  және ресейлік: «Радиус любви», «Связующее слово», «Литературный Бийск»  альманахтар және т.б.шығармалары қазақстандық газет және журналдарда жарияланып отырды.

2010 жылдан бастап Наталья Матвеева "Звено Алтая" облыстық әдеби бірлестігінің төрағасы болып келеді. Дәл Наталья Семеновны келуімен басылымның әдеби антология жинағын және аймақ жазушылардың шығармашылығы материалдарын мұрағаттандыру, әдеби антология басылымның дайындалуы басталды.

Н.С. Матвеевның поэзиясы маңызды бастауымен, махаббат салтанатына сенуге ниетін сездірумен,асылымен бөлісуге дайындығымен ерекшеленеді.

Поэзия жақын және қымбат кез келген адамға ләззат әсерлі мүмкіндігін  береді.

Іс-шараның медиалық міндеті: Шараның мақсаты шығысқазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, қазақстандық патриотизмге, отанын сүюге тәрбиелеу және қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөліне  көңіл аудару.

Жауапты: Н. Дубинчик,

«Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» КМҚК директоры

Байланыс телефондары: 8(332) 31763

Баспасөз хабарламасы «Вершина, объединяющая народы» веб-интеграция

Өткізілетін күні: 15 наурыз 2018 ж.

Уақыты: сағат 12.00

Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық

балалар және жасөспірімдер кітапханасы

Өскемен қаласы,

Космическая көшесі 6/2

«Вершина, объединяющая народы»  - 15 наурыз күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Алтай мемлекеттік университетімен өткізілетін (Барнаул қ., Ресей) веб-интеграция осылай аталады. Шара тақырыбы – Мұзтау шыңдары, біздің республикамыздың бірыңғай мәдени-географиялық алаңына енгізілген Шығыс Қазақстанның киелі орындарының бірі болып саналады.

Мұзтау Еуразия орталығында, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Әр халық оны өзінше атайды: алтайлықтар оны Уч-Сумер, орыстар – Белуха, ал қазақтар Мұзтау деп атайды. Бұл жердің энергетикасы ерекше, үнемі өзіне ғалымдардың, ақындардың, суретшілердің, мистиктердің, жазушылар мен туристердің назарын аударады.

Мұзтау өзінің ерекше географиялық жағдайына байланысты тау етегінде тұратын халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін біріктіреді.

Веб-интеграция барысында кітапхана қонақтары Алтай мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері ұсынған Алтайдың биік шыңдары туралы аңыздармен танысады.

Жұмыс алаңына Мұзтау етегінде болған Туапсе қаласының тұрғыны (Краснодар өлкесі, Ресей), ресейлік зоолог, жазушы Антонио Сорушев қатысады.

Шара қатысушыларымен қарым-қатынасты «Қар барысын қорғаудың қоғамдық қоры» ҮЕҰ-ның директоры О.В. Логинов (Өскемен қ., ШҚО) жалғастырады. Ол «Ирбис – снежный барс» кітабына енген «Духи священной горы» атты аңыздардың бірі туралы айтады.

Кездесуге қатысушылардың бірі биология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры К.П. Прокопов болады.

Ол өзінің «Путь к Белухе» кітабының жазылуы туралы әңгімелейді.

«Царица Алтая» фотокөрмесі веб-интеграцияға тамаша қосымша болып табылады.

 Табиғаты шынымен де ертегідегідей: көрші таулардың мұздықтарына түскен ашық көгілдір көлеңке, жалтылдаған қар, күн шыққанда және күн батқан сәттегі таулардың құбылған түстері – суретшілер мен фотографтарды тамсандыратын сұлулық, екінің біріне ашыла бермейтін Алтай тауларының құпиясы. Міне, нақ осы пейзажды облыстық «Дидар» газетінің фотоөнермен айналысатын журналистері Мерей Қайнар мен Есімжан Нақтыбай өз жұмыстарында көрсете білді. Өскеменнің «Кристалл» фотостудиясының жетекшісі Светлана Владимировна Бирюкова таулы өлкемен кездесу туралы өзінің жеке көзқарасымен бөліседі.

Шараның медиялық мақсаты: Халықаралық қауымдастықта Шығыс Қазақстанның киелі нысандарына деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, жас ұрпақтың өзінің кіші отанын сүюге және оның тамаша табиғатын, тарихы мен мәдениетін мақтан етуге тәрбиелеу.

 

 

Жауапты: Кадырова Г.К.,

Шығыс Қазақстан облыстық

балалар және жасөспірімдер кітапханасы

Оқырмандарға қызмет көрсету

орталығының жетекшісі

Байланыс телефоны: 8 705 601 78 91

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2018 жылғы 15 наурызда сағат 11.30-да Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 501каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 08 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен шешімі және қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен шешімі және қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» нормативтік қаулысының жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысында есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін газбен қамту, электрмен қамту, сумен қамту,су бұру және жылумен қамту бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгеріс енгізу турал» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту турал» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,  діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерін (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы.

2. Әр түрлі:

2.1. Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында;

2.2. ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, қажеттілігі ерекше азаматтардың құқығы жөніндегі сараптау жұмыс топтары төрағаларының атқарылған жұмысы жайындағы есебін тыңдау және 2018 жылға жоспарларын қарау.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95,87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/

http://deputate.gov.kz/ru/project.htm

«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

Өткізілетін күні, уақыты:5 наурыз 2018 жыл, сағат 11.00

Өткізілетін жері: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, акті залы

Ұйымдастырушы: ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
 

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 5 наурызда Өскемен қаласында «А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

А.Байтұрсынұлының 145 жылдығына арналған шараның мақсаты -  ағартушы ғалымның тіл саласындағы тағылымын, қазақ тілін дамытудағы еңбектерінің ерекшелігін және латын графикасындағы жаңа әліпбидің маңызын көпшілікке таныту. 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалымдар, зиялы қауым, мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Ғылыми-тәжірибелік практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде қазақ жазуының тарихы, А.Байтұрсынұлының қазақ тілі білімінің дамуына қосқан үлесі және бүгінгі латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі төңірегінде сөз қозғалады.

Конференция аясында оған қатысушылар «Латын әліпбиі – өркениет жазуы», «А.Байтұрсынұлының еңбегі және жазу реформасы» атты екі секцияға бөлініп жұмыс істейді. 

Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімі

Байланыс телефоны:8 /7232/ 704-241

Пресс-релиз Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілінде білім беретін мектептерінің арасындағы  қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілінің мәртебесіне аса мән беріп, ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау жайында тереңірек сөз қозғады. Мақалада көрсетілгендей, халқымыздың рухани жаңғыруы үшін ана тілімізге де реформа енгізіледі. Бұл өз кезегінде тіліміздің біртектілігін сақтап, әлемдік өркениетке қосылуымызға жол ашады.

Сауатты ұрпақ – кемел болашақтың негізі. Осы негізде алып қарасақ, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген ұрпақтарды тәрбиелеу  жолындағы іс-шараларды өткізу – ертеңгі ел болашағы жолы жолында еңбек ету.

Қазақстан-Американдық еркін университеті өткізгелі отырған Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 10,11 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиаданың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламысында айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыру, Шығыс Қазақстан облысының 10-11 сыныптарда оқитын дарынды оқушыларды табу және оларға қолдау көрсету, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен  білімдерін тереңдету және жетілдіру арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау, төл мәдениет пен ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушылардың жеке кәсіби әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра білу;

- оқушылардың толыққанды жеке тұлға ретіндегі азаматтық ұстанымын орнықтыру;

- білімді, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау.

Олимпиадаға қатысушылар:

Олимпиадаға қатысу үшін әр мектептен 4 оқушы шақырылады (10-сыныптан – 2 оқушы, 11-сыныптан -2 оқушы).

Олимпиаданың өткізілу уақыты мен орны:

Олимпиада 2018 жылдың 10 наурызында Тәуелсіздік дғ, 86 мекен-жайында орналасқан Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткізіледі. Олимпиаданың өткізілу уақыты: 9.00-ден 16.00-ге дейін.

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:

І кезең – тест  тапсырмаларын орындау (Тест тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен беріледі). І кезеңнен ең жоғары балл жинаған оқушылар ІІ кезеңге өтеді. 

ІІ кезең – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен талдау жұмыстарын орындау. 

Сағ.10.00-де ҚАЕУ-дің акт залында оқушылармен бірге келген мұғалімдерге семинар ұйымдастырылады. Соңында сертификат беріледі.

Олимпиада қорытындыларын шығару:

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады және оқу ақысын төлеуге жеңілдік сертификаттары беріледі.

Байланысу түрі: Ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда 49-25-11 (ҚАЕУ –дің «Педагогика және психология» кафедрасы, кафедра меңгерушісі Нұрланова Әсем Нұрланқызы) телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысының Пресс-релизі

Бүгінгі күні біз Қазақстан тарихында жаңа бір кезеңнің тууына куә болып отырмыз.Президент ұсынған  рухани жаңғыру үрдісінің бірегейлігі, оның бір уақытта үш бағыт бойынша жүзеге асырылуында: экономикадағы жаңғыру, саяси жаңғырудың ауқымды негізін құраушы конституциялық реформа,  және қоғамдық сананы қайта жаңғырту.

 «Туған жер» жобасын жүзеге асыру, біріншіден, адамды өзінің туып-өскен шағын отанымен саналы түрде байланыстырады, екіншіден, елімізде қайырымдылық жасау мәдениетін және оны жауапты әлеуметтік әрекеттер арқылы қолдауды дамытады. Үшіншіден, ғылыми- білім беру және түрлі құрылымдық қолдауды, тарихты зерттеуді, география, туған өлкенің нысандарын, оны абаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті    «Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысын оқушылар мен студенттерде болашақ ғалымдар, этнографтар, журналистер, педагогтар мен басқа да кәсіп иелерін  қалыптастыруда  олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында өткізеді.

   «Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысының негізгі міндеті- білім алушыларды рухани жағынан байытуға арналған өлкетану білімдерін дамытуға, сондай-ақ жастарда аймақтық білім мен мәдениеттің басымдықтарын нығайтуға және азаматтық, патриоттық, адамгершілік құндылықтарын  дамытуға   бағытталған.

Сайысқа  қатысушылар:

–Өскемен қаласы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары;

–  Өскемен қаласы ТжКБ ұйымдарының 1 курс оқушылары;

Өскемен қаласы  ЖООның  1 курс студенттері;

Сайыс  1 наурыз 2018 жылы өтеді.

Қатысушы сайыстың бірінші кезеңінде осы Ереженің 3-тармағына сәйкес, сайыстың тақырыбына байланысты  мұғалімнің немесе оқытушының жетекшілігімен презентацияның тақырыбын таңдайды. 20 қаңтар 2018 жылдан 20 ақпан 2018 жылға дейін қатысушы немесе  оның жетекшісі берілген үлгі бойынша тапсырысты рәсімдейді. 

«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысын ұйымдастыру комитеті сайыстың бірінші кезеңі аяқталған соң, (берілген тапсырыстар бойынша) шараның бағдарламасын жасайды және екінші кезеңнің бағдарламасын 2018 жылдың 25 ақпанынан кейін ҚАЕУ сайтына орналастырады

 Сайыстың екінші кезеңі 1наурыз 2018 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің ғимаратында іштей өтеді.Сайыстың бекітілген бағдарламасына сәйкес, қатысушылар өз жобаларын қорғайды. Презентацияны әуенмен сүйемелдеуге рұқсат етіледі.  

Презентацияны рәсімдеудің талаптары. Жұмыстар Microsoft Power Point (электронды презентация) бағдарламасында ұсынылуы қажет.Слайд парақтары   12-ден кем емес және  16-дан артық болмауы керек. Титулдық бетінде жұмыстың атауы, қатысушының және жетекшінің аты- жөні, оқу орны, қала, жыл көрсетілуі тиіс. Презентацияда сайыстың тақырыбына сай біраз мәтін мен фотосуреттер қамтылуы қажет. Әділ қазылар жобаның жалпы құрылымын, мәтіндер мен фотосуреттердің сапасын, автордың жаңалығын, сонылығын бағалайды.

Жұмысты ұсыну уақыты - 5 минут

Аймақтық сайыстың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Дипломда жеңімпазды дайындаған жетекші туралы ақпарат көрсетіледі

Қатысушыларды марапаттау Сайыстың іштей кезеңінде жүргізіледі. Аймақтық сайысқа қатысқандарын растайтын сертификаттар беріледі. Қатысушы сертификатымен қоса жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдарға ие болады.

«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысына қатысу тегін. Жүлделі орындарға ие болған презентациялар ұйымдастыру комитетінің шешімімен  ЖОО-ның сайтында кітапша түрінде  жариялануы мүмкін.

Өткізілу орны: Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу корпусы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86.

Өткізілу уақыты: 11.00 -14.00

Сайысты ұйымдастыру комитетімен  байланысу түрлері:

Қазақстан   Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, каб. 901. Тел. 8 (7232) 77-09-66, 8 (7232) 49-25-13, e-mail, tanya_levina@mail.ru

Электрондық пошта арқылы жіберілетін хаттарға «Тақырып» деген жерге «Презентация» деп белгілеулеріңізді сұраймыз.

Тақырыпқа сай келмейтін материалдарды ұйымдастыру комитетінің алып тастауға құқығы бар.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда  «Алғыс айту күні» мерекесін өткізу туралы

Өткізу орны:Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелері

1 наурыз 2018ж.

Аталған мерекенің аясында, ағымдағы жылдың 1 наурыз күні, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала үшін, қорғаншылар кеңесінің мүшелерінің, әкімдіктер, мәслихаттар, БАҚ, білім беру, меценаттар мен демеушілердің, мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен «Алғыс айту күні» мерекесі өтеді.

Өткізілетін шараның бағдарламасында балалардың күшімен дайындалған мерекелік концерттер, конкурстар мен көрмелер бар. Ол еркін, мейірім мен қуаныш жағдайында өтеді, балалар мен ересектер «Алғыс айту күні» туралы өздерінің әсерлерімен бөлісіп, барлық адамдарға, өздерінің достары мен жақындарына алғыстарын білдіреді, достық, бейбітшілік және сүйіспеншілік туралы әндер айтады. Тамаша мереке балалардың есінде көпке дейін өзінің адалдығымен, мейрбандығымен сақталады.

Байланыс телефондары: 705-939,705-941

Алғыс айту күніне арналған шараның баспасөз ақпараты

Күні: 1 наурыз 2018 жыл

Сағат: 15:00

Өтетін орны: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

( Тәуелсіздік даңғылы, 68)

Ұйымдастырушылар: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

Қатысушылар: ШҚО ҚХА мүшелері, Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, ҚХА аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Журналистер клубы, Меценаттар клубы, ҒСТ мүшелері қатысады.

Бағдарламада: 15:00  1-наурыз Алғыс айту күніне арналған салтанаты мерекелік концерт

Мақсаты: «...Қазақстын халық Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын, барлық этностың бір-біріне және оларға мейрімділік танытып, туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өту әділетті болар еді...» Н.Ә. назарбаев

Алғыс айту күні мерекесін кең көлемде насиқаттау сонымен қатар жоғары дәрежеде атап өту. Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді. Бұл күн тек адамдар арасындағы жарқын  қарым-қатынас пен жақсылықтың бастауы.

Байланыс телефондары: 74-27-37, 8702-906-15-27

«Облыстық «My PRO» Мамандықтар Фестивалі» іс-шарасының пресс-релизі

 «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарға болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 2 наурыз аралығында 7-11-сынып оқушыларына арналған «My PRO мамандықтар фестивалі» өтеді.

Бұл мерекелік іс-шарада оқушылар ересектер әлемінің бір бөлігімен танысады. Оқушылар біздің өңірде қандай танымал мамандықтардың бар екенін біліп қана қоймай, сүйікті істерін таңдай алады және де сол мамандықтың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы толық ақпарат алады.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облыс колледждерінің ең үздік маман иелерімен танысып, өздерін «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Байланыс», «Ветеринар», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Қауіпсіздік», «Геодезия», «Есеп және аудит», «Құқық», «Көлік», «Машина жасау», «Өнер» және тағы басқа мамандарының орнында көре алады.

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Өтетін күні, уақыты: 2018 жылдың 28 ақпаны мен 2 наурызы аралығында сағат 10:00 ден 17:30 дейін.

Өтетін орны: Семей қ, Б.Момышұлы көшесі 43, «Қалалалық мәдениет үйі» КМҚК.

 «Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысының Пресс-релизі

Бүгінгі күні біз Қазақстан тарихында жаңа бір кезеңнің тууына куә болып отырмыз.Президент ұсынған  рухани жаңғыру үрдісінің бірегейлігі, оның бір уақытта үш бағыт бойынша жүзеге асырылуында: экономикадағы жаңғыру, саяси жаңғырудың ауқымды негізін құраушы конституциялық реформа,  және қоғамдық сананы қайта жаңғырту.

 «Туған жер» жобасын жүзеге асыру, біріншіден, адамды өзінің туып-өскен шағын отанымен саналы түрде байланыстырады, екіншіден, елімізде қайырымдылық жасау мәдениетін және оны жауапты әлеуметтік әрекеттер арқылы қолдауды дамытады. Үшіншіден, ғылыми- білім беру және түрлі құрылымдық қолдауды, тарихты зерттеуді, география, туған өлкенің нысандарын, оны абаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті    «Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысын оқушылар мен студенттерде болашақ ғалымдар, этнографтар, журналистер, педагогтар мен басқа да кәсіп иелерін  қалыптастыруда  олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында өткізеді.

   «Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысының негізгі міндеті- білім алушыларды рухани жағынан байытуға арналған өлкетану білімдерін дамытуға, сондай-ақ жастарда аймақтық білім мен мәдениеттің басымдықтарын нығайтуға және азаматтық, патриоттық, адамгершілік құндылықтарын  дамытуға   бағытталған.

Сайысқа  қатысушылар:

–Өскемен қаласы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары;

–  Өскемен қаласы ТжКБ ұйымдарының 1 курс оқушылары;

Өскемен қаласы  ЖООның  1 курс студенттері;

Сайыс  1 наурыз 2018 жылы өтеді.

Қатысушы сайыстың бірінші кезеңінде осы Ереженің 3-тармағына сәйкес, сайыстың тақырыбына байланысты  мұғалімнің немесе оқытушының жетекшілігімен презентацияның тақырыбын таңдайды. 20 қаңтар 2018 жылдан 20 ақпан 2018 жылға дейін қатысушы немесе  оның жетекшісі берілген үлгі бойынша тапсырысты рәсімдейді. 

«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысын ұйымдастыру комитеті сайыстың бірінші кезеңі аяқталған соң, (берілген тапсырыстар бойынша) шараның бағдарламасын жасайды және екінші кезеңнің бағдарламасын 2018 жылдың 25 ақпанынан кейін ҚАЕУ сайтына орналастырады

 Сайыстың екінші кезеңі 1наурыз 2018 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінің ғимаратында іштей өтеді.Сайыстың бекітілген бағдарламасына сәйкес, қатысушылар өз жобаларын қорғайды. Презентацияны әуенмен сүйемелдеуге рұқсат етіледі.  

Презентацияны рәсімдеудің талаптары. Жұмыстар Microsoft Power Point (электронды презентация) бағдарламасында ұсынылуы қажет.Слайд парақтары   12-ден кем емес және  16-дан артық болмауы керек. Титулдық бетінде жұмыстың атауы, қатысушының және жетекшінің аты- жөні, оқу орны, қала, жыл көрсетілуі тиіс. Презентацияда сайыстың тақырыбына сай біраз мәтін мен фотосуреттер қамтылуы қажет. Әділ қазылар жобаның жалпы құрылымын, мәтіндер мен фотосуреттердің сапасын, автордың жаңалығын, сонылығын бағалайды.

Жұмысты ұсыну уақыты - 5 минут

Аймақтық сайыстың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Дипломда жеңімпазды дайындаған жетекші туралы ақпарат көрсетіледі

Қатысушыларды марапаттау Сайыстың іштей кезеңінде жүргізіледі. Аймақтық сайысқа қатысқандарын растайтын сертификаттар беріледі. Қатысушы сертификатымен қоса жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдарға ие болады.

«Туған жерге саяхат» атты аймақтық презентациялар сайысына қатысу тегін. Жүлделі орындарға ие болған презентациялар ұйымдастыру комитетінің шешімімен  ЖОО-ның сайтында кітапша түрінде  жариялануы мүмкін.

Өткізілу орны: Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу корпусы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86.

Өткізілу уақыты: 9.00 -15.00

Сайысты ұйымдастыру комитетімен  байланысу түрлері:

Қазақстан   Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, каб. 901. Тел. 8 (7232) 77-09-66, 8 (7232) 49-25-13, e-mail, tanya_levina@mail.ru

Электрондық пошта арқылы жіберілетін хаттарға «Тақырып» деген жерге «Презентация» деп белгілеулеріңізді сұраймыз.

Тақырыпқа сай келмейтін материалдарды ұйымдастыру комитетінің алып тастауға құқығы бар.

Пресс-релиз «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигінің көрсетілімі (республикалық деңгей)

Мәдени мұраны сақтау және мәдени-білім беру ортасын дамыту ұлттық бірегейліктіктің, мемлекеттіктің белгісі болып табылады. Бұл – «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының негізгі идеясы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, тарихи-мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін таныту және наихаттау, рухани құндылықтарды нығайту мақсатында Қазақстан-Американдық еркін университеті  «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигінің көрсетілімін өткізеді.

Шараның мақсаты – аймақ пен одан тыс жерлердегі туризмді насихаттау, жастардың азаматтық ұстанымын дамыту, азаматтық, патриоттық, адамгершілік құндылықтарын  жастардың бойына сіңіру.

Шараға қатысушылар:

-         ҚАЕУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы;

-         Бейнеролик ҚАЕУ сайтына салынады.

Бейнеролик 2018 жылғы 2 наурызда өткізіледі.

Өткізілу орны: Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу корпусы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86.

Өткізілу уақыты: 15.00

Байланысу түрлері: Қазақстан   Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, № 802, Тел. 8 (7232) 49-25-11, 8 (7232) 49-25-12.

Пресс-релиз «Қазақстан тарихы мен мәдениеті - ұлттық біртектіліктің негізі»

Бүгінгі таңда тарих ғылымы Қазақстанды тарихы, материалдық және рухани мәдениеті бай ел ретінде көрсете отырып, қазақ халқының өткені мен бүгінін өзара тығыз байланыстыратын бірыңғай гуманитарлық саланы қалыптастыру үшін барлық жағдайлары бар ел екендігін дәлелдейді.

Осы өткен мен бүгіннің өзара байланысы, тарих ғылымын қоғамдық сананың жаңғыруының ғылыми алаңына айналдырып отырғандығының сөзсіз дәлелі. Ол қазақстандық ұлттардың ұлттық мақтанышы мен біртектілігінің құрылымы болып табылатын тарихи және мәдени құндылықтарды сақтайды.

Осы мақсатта «Рухани Жаңғыру» бағдарламасынның «Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыру аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің бастамасымен Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша аймақтық олимпиада өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды оқушыларды қолдау және ұлттық біртектіліктің дамуын оқушыларда Қазақстан тарихынан білімдерін тереңдету және жетілдіру арқылы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының аймақтық тарихын жергілікті жердегі мәдени объектілер мен мәдени - тарихи ескерткіштердің құндылықтары туралы білімдерін қалыптастыру арқылы жүзеге асыру болып табылады.

Олимпиада ұлттық тарихтың, дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың, тіл мен музыканың, әдебиет және отбасы рәсімдерінің жастардың тәлім тәрбиесінде тереңдей түсетінін және сақталатынын көрсетеді.

Іс шараға Өскемен қаласы  және Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада 2018 жылдың 3-наурызында өтеді.

Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады:

1) Қазақстанның ежелгі тарихы мен мәдениеті;

2) Қазақстанның ортағасырлық тарихы мен мәдениеті;

3) Қазақстанның жаңа және қазіргі кезең тарихы мен мәдениеті;

4) Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы мен мәдениеті.

Олимпиада соңында жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, Қазақстан-Американдық еркін университетіне түсу кезінде оқу үшін жеңілдік беретін сертификаттармен марапаталады.

Өткізілу орны: Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу ғимараты, Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғылы, 86.

Өткізілу уақыты: 10.00-14.00

Байланыс үшін: Александрова Виктория, телефон: 8-7232-49-25-09,  e-mail: vicusik2010@mail.ru.

Пресс-релиз «Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің студенттері арасында бағдарламалау бойынша І аймақтық олимпиада»

Бүгін цифрлану үдерісі әлемнің барлық елдеріне әсер етуде. Әр ел цифрлы дамудың басымдықтарын өзі анықтайды. Қазақстанда жаңа технологиялық жетістіктерінің, IT-технологиялардың үдемелі дамуының кезеңінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жасалды, оның аясында «Ұлы дала жастары» жобасы жүзеге асырылуды.

Қоғамның жаһандық ақпараттандырылуы жолында күн сайын адамзатпен жаңа қадам жасалуда. Ақпараттық технологиялар заманында сәтті бизнестің ақпараттық технологияларға байланыссыз болуын елестету мүмкін емес.

Қазіргі заманның өзекті сұрақтарының бірі – IТ-саласында кадрлық әлеуетті қалыптастыру. Жоғары оқу орындары оқу базасын реформалап үлгермей жатып технологиялар тез дамығандықтан, студенттік олимпиадаларды өткізу жолымен дарындарды іздеу және іріктеу қажет.

Колледждер студенттерінің арасында бағдарламалау бойынша аймақтық студенттік олимпиада Қазақстан-Американдық еркін университетінің бастамасымен «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында өткізілуде.

Олимпиаданы өткізу мақсаты колледж студенттері арасындағы зияткерлік жарыстарға қоғам назарын аударту, зияткерлік көшбасшылық пен топтық рухты дәріптеу, дарынды жастардың кәсіби деңгейін жоғарылату, Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық технологиялар саласын дамыту және түрлі колледждер студенттері арасында жеке байланыс орнату болып табылады.

Сайысқа қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының ІТ саласында білім алушы колледж студенттері болады.

Сайыс 2018 жылдың 27-ақпанында өтеді.

Студенттерге бағдарламалау бойынша қиындық деңгейі әр түрлі 5 тапсырма ұсынылады. Берілген тапсырмаларды орындау үшін студенттерге 3 сағат беріледі. Бағдарламалау тілі шектелмейді, яғни студенттер бағдарламалаудың қай тілін пайдаланатынын өздері таңдайды.

Олимпиада соңында жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өткізілу орны: Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу ғимараты, Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғылы, 86.

Өткізілу уақыты: 10.00-13.00

Байланыс үшін: Оралбекқызы Әйгерім, телефон: 8-7232-49-25-12, e-mail: oralbekkyzy_aigerim@mail.ru.

«БІЛІМДІ ЖАСТАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

23-25 ақпан 2018 ж., сағ 14:00.

Тәңірберген көшесі, 1

2018 жылы 23-25 ақпан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай Шәкәрім Университетінде «БІЛІМДІ ЖАСТАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАР»  республикалық жастар форумы және республикалық пікір-сайыс турнирі өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында ІТ білімі мен қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы мен жаңа технологияларды дамытуға, сонымен қатар білім саласын жақсартуға баса көңіл бөлу керектігін айтты. Осыған орай, форумда орта білім беру мекемелерінде өзін-өзі басқару, жастардың әлеуметтік инновациялық жобалауына қатысуы, мемлекеттік жастар саясаты сияқты көптеген сұрақтар талқыланбақ.

Форум ұйымдастырушылары: Шәкәрім Университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаменті мен Студенттік парламенті, «Парасат» және «Конгресс» интеллектуалды дебат клубтары

Форумға қатысуға Cемей, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Астана қаласынан ЖОО жастар ісі жөніндегі комитет басшылары мен пікірсайысшылары қатысатын болады.

Шара барысында пленарлық мәжіліс, дөңгелек үстел, пікір-сайыс турнирі, семинарлар ұйымдастырылады.

Форум  мемлекеттік тілде өтеді. 

Конференция жұмысының қорытындысы интернет-ресурстарында және БАҚ-да жарияланады.

Байланыстырушы тұлға: Токишкадиров Ботабек Бейбитбекович, тел.: 87754334338

Мектеп және колледж оқушыларына арналған «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» III қалалық ғылыми конференцияның ПРЕСС-РЕЛИЗІ

24 ақпан 2018ж.

Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 А, акт залы

2018 жылы 24 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде мектеп және колледж оқушыларына арналған «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» III қалалық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияның басты мақсаты – оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау.

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Әбдікәрімов Марат Орынтайұлы конференцияның қатысушылары мен қонақтары алдында құттықтау сөзін сөйледі, ол конференцияға оқушылардың қатысуы олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырады және Шәкәрім университетімен мектептер мен колледждер арасындағы шығармашылық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар конференцияға қатысушыларды ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор Сандип Шарма құттықтап: «...ғылыми зерттеулермен айналысу, конференцияларда, конкурстарда сөз сөйлеп, өз жетістіктерімен бөлісіп, таныстыру – студенттердің тәуелсіздігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың коммуникативтігін арттыруға мүмкіндік береді.»

Пленарлық мәжілісте Көлік- транспорт колледжінің студенті Фархадов Ислам «Тарихи және мәдени дәстүрлердің сақталуы- Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» атты және Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономика колледжінің студенті Макашев Амир «Киберщит» атты мағыналы баяндамаларымен сөз сөйледі.

Конференция жұмысының қатысушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша: инженерлік, аграрлық, физикалық және математикалық, жаратылыстану, педагогикалық, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар, информатика және ақпараттық технологиялар, филология, жасыл экономика бағыттары бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарымен дайындаған баяндамарын оқиды.

«Шәкәрім оқулары» III қалалық ғылыми конференциясына Семей қаласынан, Озерки, Приречное, Глуховка ауылдары, Абай және Бесқарағай аудандары бойынша барлығы  24 мектептен және 15 колледжден 300-ден астам жоғары класс оқушылары мен студенттер қатысты.

Үздік баяндамалардың авторлары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен, естелік сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға  сертификат беріледі. 

Конференция жұмысының қорытындысы интернет-ресурстарында және БАҚ-да жарияланады.

Байланыстырушы тұлға: Евлампиева Елена Петровна, 87072630158

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

17 ақпан 2018 ж. Өскемен қ.

24 ақпан 2018 ж. Семей қ.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» 2018 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейімен, 2018 жылғы 24 ақпанда Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейімен бірлесіп «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Ұйымдастырушылар:

-       Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы;

-       Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы»;

-       «Нұрорда» мектеп-лицейі;

-       Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі.

Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиада жыл сайын бес бағыт бойынша өткізіледі: «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар».

Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры  А.А. Ақылбек, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының  ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту бөлімінің басшысы, жоба жетекшісі Б.Б. Оспанова қатысады.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/1 («Нұрорда» мектеп-лицейі, Семей қаласы, Уәлиханов көшесі, 206 («Білім-Инновация» лицейі).

Басталуы: 10.00 сағат

Қамту: 180 адам

Қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/752691 телефонына хабарласуға болады.

Пошта: kocmhabb@mail.ru

Ақпарат-парақ

Астанаға 20 жыл

21 ақпанда сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты кездесу өткізіледі.

Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны – мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы. Кездесу қонақтары астананың құрылу кезеңдерін еске алып, пікір бөліседі. Соның ішінде: Астананың 20 көрікті орны, әлемдік деңгейдегі Астана тарихының 20 оқиғасы, белгілі адамдардың Астана туралы 20 цитатасын оқу, 20 қызықты дерек білу ...   

Кездесу реңін суретті кітап көрмесі ашады, онда Ақмола – Целиногорад – Ақмола – Астана тарихының маңызды оқиғалары мен Астананың бас сәулетшісі, көреген басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары зейінмен оқуға ұсынылады. Түрлі-түсті фотоальбомдарда бейнеленген Астананың сән‑салтанатты келбеті фотосуреттер галереясында жалғасын тауып, тартымдығымен әсер етеді. Сондай‑ақ, көрмеге келушілер мерекелік арт-стена аясында естелік фотосуретке түсе алады.    

Қазіргі Астана – «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттарын іске асырудың жарқын мысалы: жаңашылдыққа ұмтылыс, жаңа құндылықтар қалыптастыру, өркенді келешек үшін инновациялық идеялар енгізу. Астана шаһары – біздің рухымыз, мақтанышымыз және күш-қуатымыз! Біз баршаңызды алдағы астана мерейтойымен құттықтаймыз және мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Анықтама тел: 261-333 (ішкі. 119)

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

17 ақпан 2018 ж. Өскемен қ.

24 ақпан 2018 ж. Семей қ.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» 2018 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейімен, 2018 жылғы 24 ақпанда Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейімен бірлесіп «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Ұйымдастырушылар:

-Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы;

-Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы»;

- «Нұрорда» мектеп-лицейі;

-Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі.

Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиада жыл сайын бес бағыт бойынша өткізіледі: «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар».

Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры  А.А. Ақылбек, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының  ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту бөлімінің басшысы, жоба жетекшісі Б.Б. Оспанова қатысады.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/1 («Нұрорда» мектеп-лицейі, Семей қаласы, Уәлиханов көшесі, 206 («Білім-Инновация» лицейі).

Басталуы: 10.00 сағат

Қамту: 180 адам

Қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/752691 телефонына хабарласуға болады.

Пошта: kocmhabb@mail.ru

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум пресс-релизі

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогикалық бағытындағы колледж оқытушыларына жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірбиені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 15 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы Өскемен қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» және химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырып, өткізеді.

Облыстық семинар-практикумға қатысушылар: облыстың педагогикалық, гуманитарлық бағытындағы колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері және оқытушылары.

Өтетін орны: «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, Өскемен қаласы, Амур көшесі 1.

Семинарға қатысушыларды тіркеу: 9:00-9.30

Теориялық бөлімі: 10.00-11.00

Тәжірибелік бөлімі: 11.00-15.00

Түскі ас: 13.00-14.00

Баспасөз хабарламасы

Өскемен қаласында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді дайындау мен біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізілді.

Өскемен қаласында 2018 жылдың 13 мен 15 ақпан аралығында түсті метталургия мен химия өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар өкілдеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Іс-шара Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің кешенді жоспары шеңберінде өтті.

Семинарға облыс  кәсіпорындарының 46-дан астам өкілі қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты - техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы Қазақстан кәсіпорындарының қызметкерлерінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинар ШҚО КИИДБ бас маманы М.Қ.Маратовтың құттықтау сөзімен ашылды, ол іс-шараның өзектілігін, техникалық реттеу саласындағы білімді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар  ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті басшысының орынбасары А.А. Жақсыбаева, ШҚО ҰКП  бөлім басшысы сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларына ЕурАзЭК және ҚР-ғы техникалық реттеу, сондай-ақ стандарттау, менеджмент жүйесі, сәйкестікті бағалау, аккредиттеу саласындағы жаңа бағыттар, Қазақстан Республикасындағы құқықтық метрологияның негізгі анықтамалары, КО ТР  кәсіпорындары қызметінің бағыттары бойынша  техникалық регламенттер жөнінде  баяндамалар жасалды.

Адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты металлургиялық өндіріс процестерінің қауіпсіздік талаптарына қатысты тақырыптардың ашылуына; қауіпті жағдайларды идентификаттау және техникалық қызмет көрсету персоналының кез келген жасырын қауіпті қоса алғанда, қауіпті заттардың әсеріне ұшырау мүмкіндігін бағалауга ерекше назар аударылды.

Жоғары білікті оқытушылар химиялық өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға (траснпорттауға), сатуға және кәдеге жаратуға (өңдеуге), соның ішінде химиялық өнімдерге арналған классификацияға, ескерту белгілеріне және қауіпсіздік куәліктеріне қойылатын талаптарды толығымен түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылар ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандартының жаңа нұсқасына көшу бойынша мәселелерге, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, жою және өзгерту туралы, «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасына, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы даму перспективаларына қызығушылық танытты. .

Оқу семинарының қорытындысы бойынша қатысушылар техникалық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері бойынша кәсіби деңгейін жоғарылатты, білікті кеңестер мен тәжірибелік дағдыларды алды. Семинар сертификаттарды тапсырумен аяқталды.

АҚПАРАТ-ПАРАҚ «Тәуелсіздік дәуірі»: мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев кітабының түсаукесері

15 ақпан 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының презентациясы өткізіледі. Іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар, кітапханашылар, студенттер және Өскемен қаласының тұрғындары қатысады.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында.  Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде», – Елбасының жаңа кітабының осындай жолдары бүкіл кітаптың мазмұнын ашып тұр.

Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған және егемен Қазақстанның 26‑жылдық тарихын баяндайды. Елбасы кітабында үш рухани жаңғыруымыздың мақсаты, негізгі ұстанымдары мен табыстары сараланған. Кітапты оқи отырып, оқырман мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің  қаншалықты дұрыс және ұтымды болғаны, Қазақ елінің ертеңгі өркендеу бағдарының мән-мағынасын түсінеді.

Жаңа кітап еліміздің маңызды оқиғаларын баяндап, тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткізген жетістіктерді нақтылы көрсеткен. Сонысымен оқырманға күш‑жігер береді. Біздің ойымызша, ортақ мақсат пен сауатты даму стратегиясы аясында әр қазақстандықтың өзін-өзі тұрақты жетілдіруі арқылы еліміз қуатты қоғамы бар өркенді мемлекетке айналады.      

Жаңа кітапты біздің А. С. Пушкин атындағы облыс кітапханадан алып оқи аласыздар. Сондай‑ақ, кітаптың электронды нұсқасын Елбасының жеке веб‑парақшасында және біздің кітапхана сайтында таба аласыздар. Немесе QR‑код арқылы екінші қабаттағы кітапхана баннерінен ұялы телефонға жүктеп алып оқуға да болады.

Байланысшы: Рахимбаева Б.С., 261333

Ақпарат-парақ «Рухани Жаңғыру»: Бердібек Бияровтың «Алтай. Алтын бесік» кітабының тұсаукесері

2018 жылдың 16 ақпан күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жерге тағызым» саласы аясында ономаст-ғалым Бердібек Нұралдаұлы Бияровтың «Алтай. Алтын бесік» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтеді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Н.Бияров Шығыста ономастика ғылымын қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Оның бұрын жарық көрген «Өр Алтайдың жер-су аттары», «Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері» монографиялары және 100-ге жуық жазылған ғылыми мақалалары түгелдей ономастикаға, оның ішінде топопнимикаға арналған.

Автордың көптеген ғылыми мақалаларында Шығыс Қазақстан облысының топожүйесі, оның ауыстыру, жаңғырту, ұлттық сипат беру сияқты өзекті мәселелері сөз болады. Облыстық Ономастикалық комиссиясының ғылыми сарапшысы ретінде шығыста ауыстырылған әр атауға өз пікірін білдіріп, атсалысып отырды.

Жаңадан шыққан «Алтай. Алтын бесік»  кітап-альбом Қазақпарат ұжымының ғылыми жобасы бойынша, Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жарық көріп отыр. Мұнда автордың Шығыс Қазақстанның жер-су аттары, қасиетті жерлері туралы тілдік-тарихи танымдық мақалалары топтастырылған. Мұндай кітап-альбом Қазақстанның 14 облысы бойынша әр автордың атымен басылып шықты.

Автордың «Алтай. Алтын бесік» атты жаңа кітап-альбомы туралы әріптесі Айгүл Әлімхан, кафедра меңгерушісі Айжан Картаева, жазушылар Әлібек Қаңтарбаев және Тоқтарбек Мағзұмовтар таныстырып өтеді.

Тұсаукесер иесінің құрметті қонақтарына сөз беріледі, жиналған қауым авторға сұрақтар қойып, сұхбаттаса алады.

Тұсаукесерді жүргізушілер – ғалым-ұстаздың студент, магистранттары.  

Байланысшы: Уалханова Рахия, тел. 261333

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

17 ақпан 2018 ж. Өскемен қ.

24 ақпан 2018 ж. Семей қ.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» 2018 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейімен, 2018 жылғы 24 ақпанда Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейімен бірлесіп «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.

Ұйымдастырушылар:

-       Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы;

-       Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы»;

-       «Нұрорда» мектеп-лицейі;

-       Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі.

Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиада жыл сайын бес бағыт бойынша өткізіледі: «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар».

Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының директоры  А.А. Ақылбек, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының  ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту бөлімінің басшысы, жоба жетекшісі Б.Б. Оспанова қатысады.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/1 («Нұрорда» мектеп-лицейі, Семей қаласы, Уәлиханов көшесі, 206 («Білім-Инновация» лицейі).

Басталуы: 10.00 сағат

Қамту: 180 адам

Қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/752691 телефонына хабарласуға болады.

Пошта: kocmhabb@mail.ru

«Облыстық «My PRO» Мамандықтар Фестивалі» іс-шарасының пресс-релизі

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарға болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 2 наурыз аралығында 7-11-сынып оқушыларына арналған «My PRO мамандықтар фестивалі» өтеді.

Бұл мерекелік іс-шарада оқушылар ересектер әлемінің бір бөлігімен танысады. Оқушылар біздің өңірде қандай танымал мамандықтардың бар екенін біліп қана қоймай, сүйікті істерін таңдай алады және де сол мамандықтың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы толық ақпарат алады.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облыс колледждерінің ең үздік маман иелерімен танысып, өздерін «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Байланыс», «Ветеринар», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Қауіпсіздік», «Геодезия», «Есеп және аудит», «Құқық», «Көлік», «Машина жасау», «Өнер» және тағы басқа мамандарының орнында көре алады.

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Өтетін күні, уақыты: 2018 жылдың 28 ақпаны мен 2 наурызы аралығында сағат 10:00 ден 17:30 дейін.

Өтетін орны: Семей қ, Б.Момышұлы көшесі 43, «Қалалалық мәдениет үйі» КМҚК.

2018 жылдың 13 және 15 ақпан аралығында Өскемен қ. «2018 жылда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында республикалық семинар өткізіледі.

Семинар ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының  инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология Комитететі

"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК.

Бағдарламаның негізгі мақсаты халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарының мамандарының техникалық реттеу, метрология және менеджмен жүйелері саласында кәсіби құзыретінің деңгейін арттыру және жетілдіру болып табылады.

Семинар жұмысына түсті металлургия және химия өндірісі саласындағы  Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының 46 өкілі қатысады.

Семинарды эксперт-аудиторлар, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің жетекші мамандары, негізін қалаушы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеушілер өткізеді.

3-күндік семинар барысында ЕАЭО және ҚР техникалық регламенттерінің негіздері мен ерекшеліктері, сонымен қатар стандарттау, метрология және аккредитация саласының жаңа бағыттары қарастырылады. Түсті металлургия мен химия өнеркәсәбә саласында,ы ЕАЭО/ҚР техникалық регламенттерінің талаптары мен нормалары баяндалады.

Семинар кезінде металлургиялық өндіріс үрдісіндегі қауіпсіздік талаптарына, яғни адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігіне байланысты; қызмет көрсетуші персонал үшін кез-келген жасырын төнетін қауіпті қоса алғанда, қауіпті жағдайларды сәйкестендіруге және қауіпті заттардың әсер ету тәуекелін болжамды бағалауға ерекше назар аударылатын болады.

 Жоғары білікті лекторлар химиялық өнімді өндіру үрдісіне, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және кәдеге жаратуға (қайта өңдеуге), сонымен қатар классификациясына, сақтандырғыш таңбалауына және химиялық өнімнің қауіпсіздік құжатына қатысты талаптар бойынша түсініктемелер береді.

Өтетін орны: Өскемен қ., Протозанов көш., 69 үй /Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ әкімшілік ғимараты/,  4 - қабат, 405 аудитория.

Басталуы: сағат 10.00.

Байланыс деректері: Байшокина Адия Сансызбаевна, «ҚазСтИн» РМК Шығыс-Қазақстан филиалының директоры, телефон 8(7232) 25 39 36.

«ШҚО арнайы жасөспірімдер Үйі» КММ 20 – жылдығына арналған мерекені өткізу бойынша пресс-релиз

Өскемен қаласы  2018 жылғы 19 қаңтар

«ШҚО арнайы жасөспірімдер Үйі» КММ 1997 жылғы 10 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің өкімімен құрылды. Мұнда балалар үйінің түлектері (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар), 9  және 11 сынып бітіргендер, Өскемен қаласының колледждері мен университеттерінде орта кәсіптік, техникалық немесе жоғары білім алушылар тұрады. Жасөспірімдер Үйі біздің облысымызда жалғыз, оған барлық балалар үйінің түлектері жіберіледі: Семей қаласы, Жаңа Шульба, Риддер, Науалы, Серебрянск қаласы.

ШҚО білім басқармасының «ШҚО арнайы жасөспірімдер Үйі» КММ интернаттық мекемелердің соңғы түйіні болып табылады. Жасөспірімдер Үйінің педагогтарының қызметтері тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне, әлеуметтік бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындалуына бағытталған. Мамандар мен ғалымдар, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін зерттеушілер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамында  әлеуметтік бейімделу мен бірігу проблемасын айрықша  қиын деп есептейді. Олардың жақсы өмірге қосылуы, әлеуметтік құндылық пен нормаға қатысуы үшін олардың өмір салтын, өздеріне, өзінің өткеніне, осы күнге, болашағына, өзін қоршаған ортаға және қоғамға деген қарым-қатынасын өзгерту қажет.

Жасөспірімдер Үйінің 20-жылдығына арналған мерекенің өтуі – тәрбиеленушілерге өз жаны мен жүрегін беретін, оларға барлық проблемаларды шешуге көмек беретін, тәулігіне 24 сағат және бір жылда 12 ай осы мекемеде қызмет етіп жүрген адамдарға құрмет көрсетілу үшін. Осы шараның тағы бір мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үлкен қолдау беріп жүрген ұйымдар мен мекемелерге алғыс білдіру.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және мемлекеттік орган өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, демеушілер, қамқоршылар кеңесінің мүшелері, БАҚ қатысады.

Мерекенің өткізілу уақыты: 2018 жылдың 19 қаңтары сағат 15:00.

Өтетін жері: Өскемен қаласы, Лермонтов көшесі, 50 (Абай даңғылының бұрышы), Өскемен көпсалалы технология колледжі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау үшін қатысуға шақырамыз.

«Интеллектум» бойынша өткізілетін бірінші облыстық олимпиада туралы баспасөз-хабарлама 

Қазақстанның болашағы – бұл заманауи, жоғары білімді, интеллектуалды дамыған жастар. Сондықтан жастарды қолдау – ең алдымен, жарқын болашақ қамы.

Балалардың логикалық ойлауын, интеллектуалды қабілеттерін дамыту мақсатында облыста «Интеллектум» кабинеттері ашылуда.

2017 жылы «Интеллектум» кабинеттері республикада алғаш рет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 5 білім беру ұйымында, өңірлік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернатында ашылды. Педагогтар үшін «Нұр Орда» мектебінде арнайы курстар ұйымдастырылды. Курсты «Интеллектум» ойындарының авторы жүргізді.

ШҚО білім басқармасымен «INTELLEСTUM балаларды дамыту орталығы» ЖШС бірлесіп Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Интеллектум» бойынша бірінші облыстық турнир өткізіледі.

Турнирге балалар үйлерінің, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және «Нұр Орда» мектебінің оқушылары қатысады.

Жеңімпаздар турнирдің республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Іс-шараның өткізілу уақыты: 2018 жылғы 8 қаңтар, сағат 09.00.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 53, Назарбаев зияткерлік мектебі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау үшін шақырамыз. 

ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Телефон: 705939

«Рождество» мерекесінің баспасөз ақпараты

Күні: 7 қаңтар 2018 жыл

Сағат: 09:30

Өтетін орны: Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

( Тәуелсіздік даңғылы 68)

Ұйымдастырушылар:Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы

Қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері.

Бағдарламада: «Рождество» мерекесіне арналған концерт

Мақсаты: 7 қаңтар — христиан әлемінің басты мерекесі — Рождество. Дүниежүзінің 145 мемлекетінде тойланатын православтар мен католиктердің діни мейрамы қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы болады. Мерекелік шараның мақсаты мейірімділік пен татулыққа, шақырған Рождество мерекесін кең көлемде атап өту

Байланыс телефондары: 8(702) 906 15 27

Мұрағат

2017 жыл

2016 жыл

<p class="rubrikser">Президенттің &laquo;болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; бағдарламалық мақаласының шығуына бір жыл толуына орай, &laquo;рухани жаңғыру: ұлы абайдың рухты сөзі&raquo; open space іс-шаралар кешенінің Баспасөз мәлімдемесі</p><p class="main">Өтетін орнындары: Семей қаласы: А. Құнанбаевтың ескерткіші, Семей қаласының мұражайлары, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Семей қаласының орталық алаңы.</p><p class="main">Өтетін уақыты: 2018 жылғы 20 сәуір. Сағат 10.00-21.00</p><p class="main">Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО білім басқармасы, ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО ішкі саясат басқармасының&nbsp; &laquo;Жастар ресурстық орталығы&raquo; КММ, Семей қалалық әкімдігі.</p><p class="main">Қатысушылар: қалалар мен аудандардың жастар орталықтары директорлары, қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттары, белсенді жастар, студенттер.</p><p class="main">2018 жылғы 20 сәуір күні Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының &laquo;Жастар ресурстық орталығы&raquo; КММ, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат, Білім және Мәдениет басқармаларымен бірлесіп &laquo;Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасының бір жылдығына орай &laquo;Ұлы Абай рухты сөзі&raquo; тақырыбындағы кешенді шаралар жоспарын өткізеді.</p><p class="main">Аталған шараға студенттер, мектеп оқушылары, жастар ресурстық орталықтары директорлары, жастар мәслихаты депутаттары мен басқа да белсенді жастар қатысады.&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;</p><p class="main">Іс-шаралар кешені ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, артынша&nbsp; &laquo;Қазақтың бас ақыны&raquo; тақырыбында шараға қатысушылар мен облыстың жоғарғы оқу орындары студенттерінен жаппай диктант алынады. Бағдарламадағы келесі шаралар &ndash; Семей қаласының мұражайларымен танысу, &laquo;Қазақстанның 100 жаңа есімі&raquo; республикалық жобасының жеңімпазы, зергер, мүйізден ойып өрнек жүргізуші, былғары шебері Абылайxан Асылбаймен кездесу, &laquo;Жас Абай&raquo; театрландырылған қойылымды тамашалау. Іс-шаралар кешенін&nbsp; &nbsp;&laquo;OPEN SPACE&raquo; кешкі бағдарламасы аяқтайды.</p><p class="main">Аталған шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп,</p><p class="main">Қосымша ақпараттар үшін:&nbsp; 8 72 32&nbsp;610&nbsp;942, 8 72 32&nbsp;710&nbsp;234</p><p class="rubrikser">&laquo;Рухани жаңғыру: Ұлы Абайдың рухты сөзі&raquo; жастар форумы аясында өтетін қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттарының кешенді шаралар БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ</p><p class="main">Өтетін орны: Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы кітапхана ғимараты.</p><p class="main">Өтетін уақыты: 2018 жылғы 19 сәуір. Сағат 13.00-18.00</p><p class="main">Ұйымдастырушылар: ШҚО ішкі саясат басқармасы, ШҚО ішкі саясат басқармасының&nbsp; &laquo;Жастар ресурстық орталығы&raquo; КММ, Семей қалалық әкімдігі.</p><p class="main">Қатысушылар: қалалар мен аудандардың жастар орталықтары директорлары, қала/аудандық жастар мәслихаты депутаттары, белсенді жастар, студенттер.</p><p class="main">2017 жылы облыс аумағында жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, азаматтық ұстанымдарын нақтылайтын тың жоба қолға алынған болатын. Осы жоба аясында қалалар мен аудандарда жастар мәслихаты депутаттығына сайлау өтіп, облыс бойынша 384 жас депутат жеңіске жеткен болатын.</p><p class="main">2018 жылғы 19 сәуір күні Семей қаласында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іс-шаралар кешені жоспарланған. Шара барысында қала/аудандардан келген жастар мәслихаты депутаттары мен белсенді жастарға арналған түрлі бағыттардағы семинар-тренингтер өтеді. Жұмыс күні соңында&nbsp; облыстық жастар мәслихаты депутаттарының алғашқы отырысы өтіп, күн тәртібінде жастар мәслихаты төрағасы, хатшысын, сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелерін сайлау мен қала/аудандардан келген жастар мәслихаты депутаттарының есептері тыңдалатын болады.</p><p class="main">Аталған шарамыз Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.</p><p class="main">Қосымша ақпараттар үшін:&nbsp; 8 72 32&nbsp;610&nbsp;942</p><p class="rubrikser">ПРЕСС-РЕЛИЗЫ&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;</p><p class="main">20 сәуір 2018 жылы сағат16.00 Өскемен қаласы Сатпаев даңғылы, 53 Назарбаев Зияткерлік мектебінде &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласына байланысты және келе жатқан Ұлы жеңістің 73 жылдығы, сонымен бірге биылғы жылғы &laquo;Назарбаев Зияткерлік мектептері&raquo; дербес білім беру ұйымы 10 жылдығына орай мектеп оқушыларының бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халықына деген кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезім ұялату, ұлттық рухты сіңіру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық &ndash; атқару жүйесі ардагерлері оқушыларға қызықты сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу өткізеді. Кездесу соңында ШҚО бойынша Қылмыстық &ndash; атқару жүйесі Департаментінің қасынан құрылған &laquo;Ардагерлер&raquo; ансамблің үлкен концертімен жалғасады.</p><p class="main">20 сәуір 2018 жыл Архат ауылы</p><p class="rubrikser">&nbsp;&laquo;100 түп ағаш&raquo; акциясы</p><p class="main">2018 жылдың 20 сәуірінде Архат ауылында ауылдық округтің оқушылары мен шаруашылық фермаларының басшыларының қатысуымен көгалдандыру шарасы өтеді.</p><p class="main">Ұйымдастырушылар:</p><p class="main">- Архат ауылдық округінің әкім аппараты;</p><p class="main">- Ауыл еріктілері.</p><p class="main">Бұл шараның мақсаты - ауылдық округті көгалдандыру, аумақтың экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту, халықтың белсенді қатысуын арттыру және дамыту.</p><p class="main">Бұл іс-шараның өзектілігі - көгалдандыру маңызды қызмет саласы болып табылады. Дәл осындай іс-шаралар өте пайдалы және ауылдық округтің әдемі болуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өткізілгелі отырған акция - сіздің болашаққа із қалдыруға деген тамаша мүмкіндігіңіз. &laquo;Жерге өз қолымен көшеттерді отырғызу арқылы адам табиғатқа мұқият қарайтын болады және онымен тығыз байланысты сезінеді&raquo;.</p><p class="main">Іс-шараға әкім аппаратының мамандары, еріктілер, мектеп бітірушілері және шаруашылық жетекшілері қатысады.</p><p class="main">Өткізілетін орны: Абай ауданы,Архат ауылы.</p><p class="main">Басталуы: сағат 15:00-де.</p><p class="main">Қамту аймағы: 80 адам.</p><p class="rubrikser">&laquo;Жұлдызай&raquo; Республикалық спартакиадасының &nbsp;облыстық кезеңінің Пресс-релизі</p><p class="main">Өткізу орны:&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; &nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;Күні: 20 сәуір&nbsp; 2018 жыл</p><p class="main">О. Рыпакова атындағы &nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;Уақыты: 14.00</p><p class="main">жеңіл атлетика орталығы</p><p class="main">Сәтпаев даңғылы, 82/2&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;</p><p class="main">2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалардың екінші &laquo;Жұлдызай&raquo; республикалық спартакиадасы өткізіле бастады. Спартакиада Астананың 20 жылдығына арналған.</p><p class="main">Өскемен қаласында фестивальдің облыстық кезеңі&nbsp; О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 14.00-де өтеді.</p><p class="main">Спартакиаданың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру. Зияткерлік әрі дене бітімі ерекше дамыған балаларға қоғамның көзқарасын өзгерту және назарларын аударту. Балалар спортын дамыту әрі қолдау саласында мемлекеттік ұйым, бизнес-құрылым және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесу жаңашыл әдістерін қалыптастыру.</p><p class="main">Спартакиадаға арнайы білім беру ұйымдарының 10-15 жас аралығындағы оқушылары асық ату, бес тас, үстел теннисі, жеңіл атлетика (О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында), (Назарбаев зияткерлік мектептың спортзалында) шағын футбол бойынша қатысады.</p><p class="main">Үздік командалар республикалық кезеңіне қатысады.</p><p class="main">Білім басқармасы барлық қатысуға тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін спартакиадаға қатысып, баспасөз басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.</p><p class="main">ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық</p><p class="main">және интернаттар ұйымдары бөлімі</p><p class="main">8(7232) 705939, 705941</p><p class="rubrikser">XІІI &laquo;Жұлдызай&raquo; Республикалық балалар шығармашылығы &nbsp;фестивалінің&nbsp; облыстық кезеңінің Пресс-релизі</p><p class="main">Өткізу орны:&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; &nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;Күні: 20 сәуір&nbsp; 2018 жыл</p><p class="main">Оралық мәдениет үйі &laquo;Ертіс концерт&raquo;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; &nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;Уақыты: 12.00</p><p class="main">Протозанов көшесі, 43</p><p class="main">&nbsp;</p><p class="main">2018 жылы еліміздің барлық облыс орталықтарында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар шығармашылығына арналған XІІІ &laquo;Жұлдызай&raquo; республикалық фестивалі&nbsp; өткізіле бастады. &laquo;Жұлдызай&raquo; балалар шығармашылығы фестивалі Астананың 20 жылдығына арналған.</p><p class="main">Өскемен қаласында фестивальдің облыстық туры &laquo;Ертіс концерт&raquo; Орталық мәдениет үйінде 2018 жылғы 20 сәуірде сағ. 12.00-де өтеді.</p><p class="main">Фестивальдің мақсаты: ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту. Фестивальдің әр қатысушысының ерекше шығармашылық әлеуетінің ашылуына қолдау және көмек көрсету.</p><p class="main">Облыстың қалалары мен аудандарынан дарынды балалар байқауда алты номинация: вокал, аспаптық орындау, ыммен ән салу, би, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бойынша қатысады.</p><p class="main">Облыстық кезеңнің республикалық қазылар алқасы: фестиваль режиссері -Галия Байбосынова, &laquo;Хабар 24&raquo; телеарнасының ыммен айту тілі бойынша аудармашысы - Хасан Исраилов,&nbsp; қордың директорының орынбасары &ndash; Алмагуль Салимбаева, Жүргенов ат. Өнер акдемиясының ұстазы, ҚР суретшілер одағының мүшесі - Анар Абжанова, &laquo;Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми практикалық орталығы&raquo; аға ғылыми қызметкері - Алмагуль Сейсенова және Қазақстан эстрадасының әртісі &ndash; Ернар Айдар.</p><p class="main">Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы тілек білдірушілер мен бұқаралық ақпарат өкілдерін фестивальге қатысып, баспа басылымдары мен телеарналарда дарынды балалардың жетістіктерін белсенді жариялауға шақырады.</p><p class="main">Өйткені, ерекше балалар үшін жиналып, айналадағы адамдардың махаббаты мен жылылығын сезіну өте маңызды!</p><p class="main">ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық</p><p class="main">және интернаттар ұйымдары бөлімі</p><p class="main">8(7232) 705939, 705941</p><p class="rubrikser">&laquo;Қазақ тіліндегі 100 &nbsp;жаңа оқулық&raquo; республмкалық жобасын талқылау бойынша Бірыңғай күн аясындағы &nbsp;&laquo;Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100&nbsp; жаңа оқулық&raquo; дөңгелек үстел отырысының</p><p class="rubrikser">БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ</p><p class="main">Күні: 19 сәуір 2018 жыл</p><p class="main">Сағат: 11:00</p><p class="main">Өтетін орны: Достық үйі &ndash;қоғамдық келісім орталығы</p><p class="main">( Тәуелсіздік даңғылы, 68)</p><p class="main">Ұйымдастырушылар: Достық үйі &ndash; қоғамдық келісім орталығы</p><p class="main">Қатысушылар: Достық үйі &ndash; қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ғылыми - сараптамалық тобының, ШҚО &laquo;Жаңғыру жолы&raquo; жастар штабының мүшелері және Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері.</p><p class="main">Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; мақа&shy;ла&shy;сында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бой&shy;ынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. Осыған орай таңдаулы 100 оқулық бағдарламасының маңызын студенттер мен жастарға түсіндіру және&nbsp; талқылау.</p><p class="main">Байланыс телефондары: 74-27-37</p><p class="rubrikser">Баспасөз-ақпарат</p><p class="main">2018 жылдың 13сәуірі күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан Өнер музейінде &laquo;Наурыз - береке, Наурыз - мереке!&raquo; атты көктем&nbsp; мерекес іөткізіледі.</p><p class="main">Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары! Облыстық өнер музейі халқымыздың ұлттық мейрамы &ndash; Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады.</p><p class="main">Наурыз &ndash; көктем мейрамы және күн мен түннің теңесуі кезіне дәл келетін, Жаңа жылдың басталуы ретінде тойланатын, парсы тілінен аударғанда &laquo;жаңа күн&raquo; деген мағынаны білдіретін көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі Балқан түбегі, Қара теңіз аймағы, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдері сияқты дүниежүзі халықтарының тұрмыс-салтындаүш мың жылдан бері бар. 2009 жылдың 30-қыркүйегінен ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізген болса,&nbsp; 2010 жылдың 10-мамырынан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 21-наурызды &laquo;Халықаралық Наурыз күні&raquo; деп атап келеді.</p><p class="main">Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, әр отбасына&nbsp; &laquo;бақ-береке, құт пен байлық, ырыс әкелсін&raquo; деп тілеген.</p><p class="main">Міне, осылайша жаңарып, жаңғырған Наурыз тойы кернейлетіп, сырнайлатып Шығыс Қазақстан өнер музейінде де өткізілмек. Әсем ән мен тәтті күй тыңдап, тіл үйірер Наурыз көжеден ауыз тиген көпшілік ағаш көшеттерін егу рәсіміне атсалысады.Көп жерлерде енді ғана жандана бастаған, жігіттердің білек күшін байқататын &laquo;Жілік сындыру&raquo;, &laquo;Қол күресі&raquo; сияқты&nbsp; ұлттық ойындарына белсене қатысып, бәйгеге тігілген&nbsp; сыйлықтарға ие болады деген сенімдеміз.</p><p class="main">Мерекелік бағдарламада Өскемен қалалық жастар мәслихатымен бірлесе жас суретшілер көрмесі, скетчинг техникасымен, акварель бояуларымен шеберлік сыныптары, аквагрим өткізілетін болады.</p><p class="main">Өнер музейімен бірге Наурыз мейрамын тойлайық!</p><p class="main">&laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасының бір жылдығы аясында атқарылған шараларына қорытынды жасау мен алдағы жоспарларды талқылауға арналған &laquo;Рухани жаңғыру: жастар әлеуеті&raquo;&nbsp; тақырыбындағы белсенді жастардың қатысуымен өтетін дөңгелек үстелінің</p><p class="rubrikser">БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ</p><p class="main">Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты.</p><p class="main">Өтетін уақыты: 2018 жылғы 12 сәуір, сағат 16:00.</p><p class="main">Қазіргі таңда, Елбасының&nbsp; &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламалық мақаласы аясында көптеген игі бастамалар мен іс-шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Осындай бастамалардың негізгі қозғаушы күші мен жаңа идеялардың бастауы &ndash; жастар болып табылады. Жастардың Рухани жаңғыру бағытында жасап жатқан жұмыстары жемісті, болашаққа қойған жоспарлары жарқын.</p><p class="main">Аталған шараға облыстық, қалалық&nbsp; жастар ресурстық орталықтарының, &laquo;Жас Отан&raquo; жастар қанатының, Өскемен қаласындағы белсенді жастар мен жастар мәслихатының депутаттары, жайдарманшылар мен пікірсайысшылар, оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі комитеті жетекшілері,&nbsp; құқық қорғау органдары мен жастар ұйымдары өкілдері бас қосатын болады.</p><p class="main">Кездесуде аталған шараларға қорытынды жасалып, енді атқарылатын шаралар талқыланатын болады.</p><p class="main">Жастар бастамасы Сіздер арқылы ақпараттық қолдау табатынына сенім білдіріп, алдын ала алғыс айтамыз.&nbsp;</p><p class="main">Қосымша ақпарат үшін: 8 72 32&nbsp;640&nbsp;942, 8&nbsp;701&nbsp;899 96 19</p>

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.09.2016 / 19.10.2018