Гендерлiк саясат

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы

Заңнамалық актілер

2011 жылғы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Әйелдер форумы болып өтті. Оның жұмысына әртүрлі қызмет салаларының 500 делегаты қатысты. Форумда «Шығыс Қазақстанның көшбасшы әйелдері» облыстық байқауының қорытындысы жасалды. Ол атаққа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 20 әйел ие болды.

Форум женщин
Фотогалерея «Жемчужное ожерелье Востока»
 
Женщины-лидеры Восточного Казахстана
 

 

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніңдегі Шығыс Қазақстан облыстық комиссия

2011 жылғы 25 шілдеде «Status» Әйелдер федерациясы» қоғамдық бірлестігі (И.Унжакова) Өскемен қаласының № 13 Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің әйелдері үшін әйелдерді саяси алға ұсыну мәселелері жөнінде Көшбасшы шеберханасы тренингін өткізді.

«ШҚО 19 қаласы мен ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі консультативтік пункттердің қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде 2011 жылғы 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының 19 қаласы мен ауданының консультативтік пункттері қызметкерлерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық – зомбылық: проблемалары, шығу жолдары» атты семинар-тренинг болып өтті.

Семинардың мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі консультативтік пункттер қызметкерлерін оқыту және әлеуетін көтеру.

 

 

Шығыс Қазақстан облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Қала және аудандарда мектеп жәрмеңкесін және «Балалықты қорғауға 20 қадам» қайырымдылық марафонын өткізу туралы кестелер бекітілді. 2011 жылдың 11 тамызына ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қоғамдық қабылдауына және «сенім телефонына» балаларды мектепке жинау көмекті қажет ететін 28 азаматтардың арызы түсті. Бұл салада демеушілерді тарту бойынша жұмыс атқарылады. Былтырғы жылмен салыстырғанда Департаментке көмек қажет ететін 3 және одан артық балалы отбасылыр өтінішпен келеді.

Бүгінгі күні Өскемен қаласында («Заречный», «Достық», «Орталық» базарларында) 12 мыңнан астам адам қамтылып 10-15 пайыз жеңілдікпен мектеп киімдері мен оқу құралдарын сату бойынша 7 мектеп жәрмеңке ұйымдастырылды. Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 37 пайызы аз қамтылған және тұрмыс жағдайлары төмен отбасылырға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетуге дайын.
Глубокий ауданының аумағында 3 жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілген, онда 80 мың теңге соммасына өнімдер сатылған болатын. Сонымен қатар, мектеп киімі және оқу құралдар күнделікті 3 мамандырылған, содай-ақ аудандағы басқа дүкендерінде сатылады.
Курчатов қаласында «Грамотей», «Незнайка» дүкен иелерімен 1 тамыздан 15 қыркүйек аралығында 10 пайыз жеңілдікпен оқу құралдарын және мектеп әдебиетін сату акциясы ұйымдастырылған.

Риддер қаласында және Шемонаиха ауданында 2 жәрмеңкеден өтті 2500 астам адам қамтылған, тек қана оқу таураларының емес сонымен қатар мектеп жабдықтарының да бағалары анағұрлым төмендетілген. Акцияны өткізу туралы ақпараттар баспа және электронды БАҚ-да үнемі жарялануда. Акцияны ұйымдастыру және өткізу мәселесі Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бақылауына алынған.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.02.2012 / 04.05.2012