ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы

ШҚО ҚХА хатшылығы

Құқықтық база

ШҚО ҚХА Кеңесі

ҚХА Республикалық сайт: www.assembly.kz

 

Мәңгілік ел – патриоттық акт
Қазақстандық пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы
Қазақстан халқы ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы заңы
Ел бірлігі доктринасы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 227 мүшесі бар.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты:

Қазақстандық бірізділік пен бірлікті нығайту және дамыту, жалпыұлттық келісім мен қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, Ұлт Жоспарының ІV бағыты – 100 нақты қадамды іске асыру.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері:

рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен халықаралық келісімді нығайту және сақтау;

өткізілетін мемлекеттік ұлттық саясатта көптүрлі ұлттық мүдделерді есепке алу;

этникааралық қатынастар саласында жағдайды мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қоғамның консолидациясын қамтитын практикалық ұсынымдарды олардың негізінде шығару;

этномәдени ұйымдармен конструктивті өзара қатынасты нығайту; оларды өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге тарту.

ШҚО ҚХА тікелей құрылымы жоғары басшылық органнан – сессиядан тұрады, сессиялар арасындағы кезеңде Ассамблея Кеңесі жұмыс істейді.

2018 жылғы 20 шілдеде облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, онда Шемонаиха және Ұлан ауданы әкімдерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында берілген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс туралы, сонымен қатар облыстық Ассамблея мүшелерін ротациялау туралы отырысы өткізілді.

Облыстық Ассамблеяның атқарушы органы хатшылық, жұмыс органы «Қоғамдық келісім» КММ болып табылады. 2017 жылы «Достық үй – Қоғамдық келісім орталығы» КМК материалдық-техникалық базасы іс жүзінде нығайтылды. Облыстық Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығына жалпы ауданы 6800 ш.м. Металлургтер мәдениет үйінің ғимараты берілді. 2018 жылы облыстық Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджеті  184 млн. теңгені құрайды, 2017 жылмен салыстырғанда көбеюі 114% құрады.

2017 жыл ШҚО ҚХА үшін ерекше болды, ол еліміздегі алғашқы Шығыс Қазақстанның Достық үйінің 25 жылдығына арналды. Мерейтой аясында «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық процестер», халықаралық конференциясы, «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» - «Общая Родина, разные языки, одна цель» фестивалі, Достық үйлері директорларының форумы өткізілді.

ШҚО ҚХА орындардағы тірегі 13 қалалық және аудандық Халықтар достығы үйі болып табылады, олардың базасында 123 этномәдени бірлестіктер (ЭМБ) әрекет етеді. 2017 жылы сегіз жаңа ЭМБ қосылды, соның ішінде Семейде(3), Катонқарағай (3), Глубокое (1), Бесқарағай (1) аудандарында. Соңғы үш жыл ағымында 13 этномәдени бірлестіктер қайтадан құрылды.

2017 жылы Семей қаласының Достық үйінің материалдық-техникалық базасынығайтылды. Катонқарағай ауданының Достық үйі өзінің меншік ғимаратына көшті. Глубокое және Ұланаудандарында аудандық «Қоғамдық келісім» КММ ашылды.

Ассамблея құрылымына ШҚО ҚХА 284 қоғамдық институттары кіреді: Қоғамдық келісім кеңестері, Отбасыда толерантты тәрбиелеу бойынша аналар кеңестері, олар қалалар мен аудандар, ауылдық округтер деңгейінде әрекет етеді.

2018 жылы облыстық Ассамблея желісінде мына жобалар іске асырылады: «Қазақстанның 100 жаңа бейнесі» республикалық жобасының екінші кезеңі, «Шығыс Қазақстандағы этностардың мәдени мұрасы» жобасы. Жоба мақсаты: облыс аумағында дәстүрлі тұратын этностардың фольклорын меңгеру. Ағымдағы жылғы шілде-тамыз кезеңінде қазақ, орыс, татар фольклорын жинау бойынша облыстың 8 ауданын аралау жүргізілді. Сонымен қатар, осы жоба аясында 2018 жылғы маусым-қазанда: «Беловодье», «Сабантуй», «Прииртышские напевы» халықаралық фестивальдары, дәстүрлі қазақ кәсібі фестивалі, украин мәдениетінің фестивалі, «Бабалар мұрасы» қазақ фольклоры, белорус мәдениетінің «Ад минулага да сучаснага» этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өткізілді.

Облыстық Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары: қайырымдылық істерінің медиациясы мен үйлестірудамуда.

Облыстық Ассамблеяның медиативті желісі 2016 жылы құрылды. Шығыс Қазақстанның қоғамдық медиаторлар тізбесі 223 адамды құрайды. Облыста 73 медиация кабинеті бар. Облыстық Достық үйі базасына облыстық сотпен бірге дауларды сотқа дейін реттеу кабинеті ашылған, оның базасында тұрғындарға консультативтік көмекті медиаторлар, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері көрсетеді. Медиацияның виртуалды кабинеті жұмысын жалғастыруда.

2016 жылы ШҚО медиацияны дамыту бойынша облыстық сотпен, әділет, ішкі істердепартаменттерімен, адвокаттар алқасымен, білім, денсаулық сақтау басқармаларымен, «Альтернатива», «Шаңырақ» медиация орталықтарымен, ювеналдық сотпен Меморандумдарға қол қойылды және жүзеге асырылды.

2018 жылғы 3 тамызда кәсіби және қоғамдық медиаторлардың, этномәдени ұйымдардың қатысуымен Бірегей республикалық «Медиация күні» өтті. Медиацияны қолдау саласын кеңейту бойынша диалогта онлайн-трансляция арқылы Бесқарағай, Ұлан, Зырян, Глубокое аудандарының және Семей қ. Достық үйлері қатысты. Медиация институттары туралы мәлімет алулары бойынша тұрғындар арасында блиц-сұрау өткізілді. Орындарда отбасылық, әкімшілік, мектеп дауларын шешу бойынша кәсіби медиаторлардың қатысуымен ситуациалық тренингтер өткізілді. Жастар үшін «Медиация гүлі» қауымдастықты эксперимент және «Медиация – конфликтісіз өмір»флэш-мобы өткізілді. Үшінші тоқсанға 1174 даулар мен жанжалдар медиаторларды тартумен шешілді, 109 көп форматты іс-шаралар өткізілді.

Алғаш рет заңнамалық деңгейде ҚХА қайырымдылық қызметін үйлестіру белгіленді. Осыған байланысты, 2016 жылы ШҚО ҚХА меценаттар клубы құрылды. Клубтың төрағасы Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, ШҚО ҚХА мүшесі С.В.Коротин болып табылады. Меценаттар пулы құрылды, онда 301 адам бар.

«Білім күні» қарсаңында облыс Ассамблеясы меценаттарының клубы «Мектепке барар жол» республикалық акциясына белсенді қатысты, әлеуметтік-осал отбасыларының  олармен 200 балаға көмек көрсетілді. Барлығы облыс бойынша әр түрлі көздерден 180 065 мұқтаж балаларға көмек көрсетілді.

Облысты ШҚО ҚХА қоғамдық институттары жұмыстарын белсенді жүргізуде.

284 Қоғамдық келісім кеңестері. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ҚХА мүшесі – Л.Б.Шик

284 Отбасыда толерантты тәрбиелеу мәселелері жөніндегі аналар кеңесі. Облыстық аналар кеңесінің төрағасы, ҚХА мүшесі – М.Б. Бейсеканова, «Үміт» балалар үйінің директоры.

«Шығыс Қазақстан – конфликттерден ада аумақ» жобасын іске асыруда барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестері қатысады: облыстық, ауылдық және қалалық және ауылдық округтік. Жобаның мақсаты – конфликттік жағдайлардың алдын алу, әсіресе этникааралық сала қатысында, медиация институтын алға тарту. Сәйкесінше, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық округтік Отбасыда толеранттық тәрбие бойынша аналар кеңесі ШҚО ҚХА «Отбасы – мемлекеттің негізі» жобасына қатысады, оның мақсаты отбасылық жағдайларды нығайту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Достық үйлерінің директорлары, этномәдени ұйымдарының белсенділері, қалалық/аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңестерінің төрағалары үшін  «Шығыс Қазақстан –конфликттерден ада аумақ», «Отбасы – мемлекеттің негізі» жобаларын және облыстық Қоғамдық танымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға олардың қатысуы бойынша отбасыдағы толеранттық тәрбие мәселелері бойынша облыстық семинар өткізілді.

Ассамблея қызметін ғылыми-экспорттық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін 18 адам құрамында ғылыми-сараптама тобы жұмыс атқарады. Ғылыми-сараптама тобының төрағасы тарихи ғылымдардың қандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік және азаматтық даму бойынша департаментінің директоры Н.Л. Краснобаеваболып табылады.

Облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобымен белсенді жұмыстар атқарылады. Жетекші ЖОО-мен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің қазақ мәдени орталықтарымен және Алтай өлкесінде ЖОО-да оқитын Қазақстан Республикасының студент-азаматтарымен ғылыми-ағарту жұмыстары жақсарды. «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық процестер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстанның жетекші оқымыстыларының қатысуымен дәстүрлі түрде өткізіледі. «Мәдениетаралық толерантты кеңістікті қалыптастыру және жастар саласында диалогты дамыту» жобасы аясында Толерантты жастар мектебі, «Жаңа құрылымдардың нәтижесі ретіндегі қазіргі заманғы қазақстандық» жастар дебатының циклы жыл сайын өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында ШҚО ҚХА сараптама тобының мүшелерімен жыл сайын этникааралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша лекториялар өткізіледі.

Жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Достық үйлерінің жанында жастар клубтары әрекет етеді. 2016 жылдан бастап облыста ШҚО ҚХА Жастар лигасы белсенді жұмыс істейді. 2017 жыл ағымында Жастар лигасымүшелерімен жастардың қатысуымен жобалар қатары іске асырылады: Толеранттылық мектебінің VIII сессиясы, үш тілдегі жастар дебаттары, «Жігер» балалар-жасөспірімдер лагеріндегі ШҚО ҚХА «ҚХА-мен жаз» және басқа жобалар.

2018 жылғы 9 сәуірде «Жаңғыру жолы» ШҚО Республикалық жастар қозғалысының жастар штабы құрылды, оның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы қанатының астында жастар ұйымдарын біріктіру. Штаб басшысы, ШҚО ҚХА мүшесі, Өскемен қалалық жастар мәслихатының депутаты Р.А. Юнусов.

Алтай өлкесімен, Татарстан Республикасымен, Новосибирск облысымен, Қытай және Монғолиямен қол қойылған меморандумдар мен ниет-хаттамалар, сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің халықаралық ынтымақтастығы бойынша шекаралас ынтымақтастық дамуда. «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық жобасына қатысу жалғасуда.

Есептік кезеңде мыналар өткізілді: XXVI Гребенщиковтік оқулар, Шемонаиха ауданында жазушы А.С. Ивановтың Ресей Федерациясы делегациясының қатысуымен мерейтойлық іс-шаралар. Маусымда Өскемен және Семей қалаларында «Сабантуй» халықтық мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар Татарстанның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткізілді. Бородулиха ауданының Достық үйінің делегациясы Ресей федерациясы, Алтай өлкесі, Угловский ауданы, Беленькое а. «Сабантуй» мерекесіне қатысты, Семей қ. Достық үйлерінің шығармашылық ұжымдары Алтай Республикасындағы«Сабантуйды» мерекелеуге қатысты. Облыстық Достық үйі және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ біріккен делегациясы Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей округіне қазақ диаспорасымен байланысты кеңейту және ЖОО-да оқуға жастарды тарту мақсатында барды.

2018 жылғы 9-16 шілде аралығында Семей қаласынан «Казаки Прииртышья» хоры қатысушылары Новосибирск қаласында өткен Г. Заволокин атындағы халықаралық фестивальға қатысты. 2018 жылғы 1-6 тамыз аралығында Өскемен, Семей қалаларынан, Бесқарағай ауданынан жастар делегациясы ТатарстанРеспубликасының Қазан қ. өткен Бүкіләлемдік татар жастары форумына барды. Ағымдағы жылғы 26 тамызда Бородулиха ауданының шығармашылық ұжымдары Ресей федерациясы, Алтай өлкесі, Угловский ауданы, Лаптев Лог а. «Ауыл күні» мерекесіне қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты, әлеуметтік желілерде арнайы парақтар әрекет етеді (сайтадресі: oddvk.kz). Облыс Ассамблеясының Instagramәлеуметтік желісінде парақ ашылған. «Ассамблея жаршысы-Вестник Ассамблеи» газеті ай сайын шығарылады. ШҚО ҚХА Журналисттер клубы қызмет етеді, оның төрағасы белгілі журналист А.И.Кратенко болып табылады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 14.11.2018