Қазақстан халқы Ассамблеясы

Шығыс Қазақстан облысы өзінің түрліэтностылығымен ерекшеленеді. Мұнда 105 этнос өкілдері тұрады. 1992 жылы тоғыз ұлттық – мәдени орталық негізінде республикада бірінші болып Достық үйі құрылды.

Қазіргі кезде (2011 жыл 1 шілдедегі деректер бойынша) облыста 8 Достық үйі, 73 этномәдени бірлестіктер, «Ынтымақ - Содружество» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Қазақстан халқының бірлігін нығайту саласындағы жұмысты үйлестіру, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Ассамблея жанында кеңестік – сараптамалық орган – ғылыми эксперттік Кеңес жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының мәдениетін, тарихын, тілдері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарады; этномәдени бірлестіктер мүшелерінің тарихи отандарымен байланысын кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді. Облыстық «Халықтардың тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебінде» әртүрлі этностардың 15 түрлі тілі оқытылады.

 Қазақстан халқы Ассамблеясы

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 16.10.2018