Ынтымақтастық

Тоғызыншы партиялық конференция

Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының көмегімен Өскемен қаласының облыстық жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты 2010 жылдың 19 ақпанында «Көңілді старттар» өткізді. Толығырақ...

 

Құқық сақтаушылар ШҚО мектептерінде

Шығыс Қазақстан облысы орталығында "Құқықтық тәртіп" акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда. Сонымен, ағымдағы жылдың 19 ақпан күні №19 мектептің оқушылары құқық қорғаушылармен кездесті, онда Өскемен қаласының ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, криминалдық полиция бөлімінің бастығы, балалардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы, сонымен қатар "Феникс" қоғамдық бірлестігінің өкілдері, дәрігер-нарколог және т.б. қатысты.
Кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Қызу пікірталас кезінде балалар көптеген толғандырған сұрақтарға жауап алды:  Мектепшілік есепте тұрсам құқық қорғау органдарына жұмысқа ала ма? Егер менің досыма үйінде қатыгездік жасалса қайда баруға болады? және т.б.

Өскемен қаласының отбасын және балалықты қолдау орталығында "Құқықтық тәртіп" акциясы аясында іс-шара өтті, мұндағы "Бүгінгі таңда ер азамат болу деген не?" атты дебаттың ұйымдастырушысы ретінде Өскемен қаласы балалар аула клубтарының бірлестігі шықты, оған Өскемен қаласының балалары мен жасөспірімдері қатысты.

 

Директордың орынбасары А. Тоқтарбекова

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.02.2012 / 06.02.2012