Жобалар

«Мектепке жол» республикалык акцияның нәтижелері туралы

Мемлекет басшысының оқушыларды толық оқумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облысымызда «Мектепке жол» республикалық акция (ары қарай - Акция) екінші рет өткізілді.

2009 жылдың 29 шілдесінде облыс әкімімен акцияны өткізу бойынша ұйымдастырушылық комитеттің құрамы бекітілді. Ұйымдастырушылық комитет отырысында 2009 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акцияны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары қарастырылып бекітілді.
Акция 2009 жылдың 31 шілдесінде Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз-конференциямен басталды.
Барлық облыстық және қалалық БАҚ арқылы басталған акция, оның мақсат, міндеттері, серіктестер, өткізу мерзімдері және т.б. туралы ақпарат таратылды.

Акция барысында барлық қалалар мен аудандардың білім мекемелері рейд, семинар, тренингтер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, аз қамтамасыз етілген балаларға көмек көрсету және т.б. жұмыстар өткізген.
Осылайша, өткізілген 4711 рейд барысында 12468 білім, ішкі істер, балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қорғау органдары, қоғамдық, жастар ұйымдарының өкілдері, ата-аналар қатысып, түнгі уақытта далада болған 168 кәмелетке толмаған бала анықталды. Сабақтан бас тартып жүрген 43 бала анықталып, өткен жылдың аяғында 6-уы сабаққа қайтарылды да, қалғаны тергеу, іздестіру үстінде, емеделуде және т.б.
Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларда, ата-анасының қасқорлығынсыз қалған 18230 балаға 37 921 457 теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Олардың ішінде 11167 бала 18 550 255 тенгеге демеушілер, ал 7063 бала 19 371 202 тенгеге жергілікті бюджет есебінде көмек алды, 15 интернаттық ұйымдардың 971 тәрбиеленушілер және  2  балалар  үйлеріне  2 387 593 тенге сомасына спонсорлық көмек көрсетілді.  


Қомақты көмек көрсеткен демеушілер, меценаттарға алғыс хаттар табыс етілді, ақпарат жергілікті БАҚ жария етіліп, орындарда салтанатты жиналыстарға оларға марапаттау мен құрмет көрсетілді. Тұрақты демеушілер арасында : «Казцинк» ЖШС, «ВИТА» кәсіпорындар тобы» ЖШС,  «Донер» дәмханасы, СМУ «Шыгыс», «Шемазат» АҚ, «Казахмыс» корпорациясы, «Касымханов» ЖК, «Просто Мария» ательесі, «Казцинкмаш» ЖШС, «Ореол» ЖШС. Акция барысында «Имидж» дүкені, аудандар әкімдіктер, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер тағыда көмек көрсетті.
Облыстың қалалар мен аудандарында кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді қатыстыра отырып мектеп формасы, мектеп құралдары мен оқулықтарды жаппай сату бойынша 270 мектеп жәрмеңкелер өткізілді, оған 108 мың бала қатыстырылды.

Жұмыстары нәтижелі болып, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне уақытылы ақпарат беріп отырған бірқатар аудардарды атап өткен жөн: Семей қаласы, Бородулиха, Глубокий, Зырян, Қатон-Қарағай аудандары.
Сонымен қатар, Өскемен қаласы, Көкпекті, Бесқарағай, Үржар, Тарбағатай аудандары ақпаратты уақытында бермей, ұсынған ақпараттың сапасы айтарлықтай болмағандығын айтуға болады.

«Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі

Өткен жылдың қарашасында 13 балалар үйінде, 2 сәбилер үйінде және 5 панажайда «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.

Қазақстан Ресубликасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан балалар үйлеріне әкімдік, облыс, қала, аудан мәслихаттарының, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдері жалпы сомасы 1,8 млн. теңгеге: балалар ауылына, «Үміт» балалар үйіне, Семей қаласының №3 балалар үйіне, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, Новошульба облыстық балалар үйіне плазмалық теледидар мен видеотека жинақтамасымен 6 үй кинотеатрын, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, «Достық» панажайына, Науалы балалар үйіне 5 плазмалық теледидар, «Үміт» балалар үйіне, мектепке дейінгі балалар үйіне, жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына, Семей қаласының №8 балалар үйіне, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, «Подросток», «Светоч», «Сауле», «Арман» панажайларына 13 караокені салтанатты түрде тарту етті.

Сонымен қатар, демеушілермен 3 компьютер, музыкалық орталық тарту етілді, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына 500000 теңгеге спорттық жабдықтар және спорт залын безендіру үшін 250000 теңге телефон аппараты, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына – 8 DVD плеер, туған жер туралы 50 фото-сурет, жұмсақ ойыншықтар мен балмұздақ тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ақ тілекті ашық хаты 1701 балаға мерекелік түскі ас кезінде салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шараға облыстың БАҚ өкілдері белсенді түрде қатысты. Өткізілген іс-шаралар туралы сюжеттер 26 және 27 қарашада «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ», «Қазақстан-Семей», «Алва» телеарналарының, «Мақсат» радиосының жаңалықтар мен қорытынды шығарылымдарында берілді.
Қайырымдылық мерекесін балалар үлкен қуанышпен қабылдады және алғыс ретінде Сара Алпысқызы Назарбаеваға 25 алғыс білдіру открыткаларын әзірледі.

 

Директорының орынбасары А.Тоқтарбекова

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.02.2012 / 06.02.2012