Облыста балалардың жағдайы

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, соның ішінде интернатты мекеме тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау.

Шығыс Қазақстан облысында 2909 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрып жатыр, соның ішінде 898 – 11 мемлекеттік мекемеде, 1851 бала қорғаншылықта (қамқорлықта), 160 – патронаттық тәрбиеде.

Облыста соңғы 3 жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 17%-ға (610), интернатты мекеме тәрбиеленушілерінің саны 24%  (293) азайды.

Жетім балаларға арналған ұйымдар санының азаюы, ең алдымен, қорғаншылық пен қамқоршылық, патронат, асырап алу, қабылдаушы отбасы сияқты отбасына орналастырудың баламалы түрлерін дамытумен байланысты.

Үш жылда интернатты мекемелердің 664 тәрбиеленушісі отбасына орналастырылды, соның ішінде 377 бала туған отбасына қайтарылды, 74 бала асырап алынды, 213 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілді. Бородулиха ауданында облыста алғаш рет қабылдаушы отбасы құрылып, оған балалар үйлерінен 4 бала берілді.

Тәрбиеленушілер санының кемуіне байланысты жетім балаларға арналған ұйымдар саны 6 бірлікке азайды: 1 балалар үйі мен 1 панажай жабылды, 1 балалар үйі, 1 мектеп-интернат және 2 панажай қайта құрылды.

Көкейтесті мәселелердің бірі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында облыста 2011 жылы Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың кешенді жоспары қабылданып, қазіргі уақытта ол республика бойынша насихатталуда.

Қазіргі таңда Кешенді жоспармен 2000-ға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қамтылған, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, орта және шағын бизнес кәсіпорындары, аймақтың ірі кәсіпорындары, екінші деңгейлі банктер, барлығы 1800 жуық кәсіпорын балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсетуде. Патронаттық ұйымдар  балалардың есепшоттарына алдағы уақытта тұрған үй алу үшін 280 млн. теңге қаражат аударды. Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында 604 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары.

Облыс көлемінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қанғыбастық пен қараусыздықтың алдын алу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнайы білім беру мекемелеріне жолданған және қатыгездік салдарынан өмірлік қиын жағдайларға тап болған балаларды қабылдау, уақытша баспанамен қамтамасыз ету, өмірге бейімдеу және орналастыру мақсатында (жобалық қуаты 115 орындықты құрайтын, бала саны – 62) Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма ауылында орналасқан 4 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызмет көрсетуде. 

Арнайы білім беру мекемелері.

Облыс көлемінде 2 арнайы білім беру мекемесі қызмет көрсетуде: Зырян ауданы, Серебрянск қаласында орналасқан «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» және Кокпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты» КММ.  Екі мекеменің жобалық қуаты 170 орындықты құрайды, бала саны - 50.

Мүмкіндігі шектеулі балалар.

Облыс бойынша 0-18 жас аралығындағы 15661 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады, ол барлық баланың (368392) 4,3 % құрайды. Оның 3784 мектепке дейінгі, 11877 мектеп жасындағы бала. ШҚО 6 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (әрі қарай-ПМПК) балалардың білімдік, медициналық және әлеуметтік қызмет алу  құқықтарын, олардың арнайы білім алу жағдайына мұқтаждығын анықтайды. Балалар ПМПК  жолдамасы бойынша 12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде оңалту мен әлеуметтік бейімдеуден өтеді (646). 62 логопедиялық пунктте сөйлеу тілі бұзылған 1447 бала түзетумен қамтылған. Одан басқа мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалар 18 арнайы білім беру (соның ішінде 6 мектепке дейінгі) ұйымдарында арнайы біліммен 2524 бала қамтылған.

Облыстағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуы туралы.

Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ТжКББ жүйесі оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып, бітірген түлектердің жұмыспен қамтуына арналған индикаторы бойынша     2017 жылы 5936 түлек оқып бітірді (оның ішінде жабық түзету мекемелерін қоспағанда), олардың ішінде 5476 білім алушы жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтуды дамыту үшін білім басқармасы аудандық, қалалық әкімшіліктермен бірлесіп, еңбек нарығына қажетті мамандарды анықтау жұмыстарын жүргізуде. 

         (14-24 жас аралығында) Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға арналған индикатор бойынша 2016 жылғы жоспарда 15,5 %, дәлелді түрде                    15,7%. Техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылған 30261 адамның                    19230- ы аталған жастағы мамандар.

Білім алуға ниет білдірген жастарға жұмысшы біліктіліктерін беру мүмкіндіктері қарастырылған ісшаралар жоспары ШҚО білім басқармасы басшылығымен құрастырылып, жұмысшы мамандықтарға деген төмендегі механизімдерді ұсынады:

1.Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 122 кәсіптік бағдар беру кабинеті  құрылған;

2.Ақпараттық насихаттау жұмыстары бойынша («Менің мамандығым-еліміздің өркендеу кепілі!» стенд-мобы, «MY PRO» мамандықтар фестивалі);

3.10 ресурстық орталық жұмыстары бойынша ересек тұлғаларды оқыту орталығының жұмысы құрылған;

4.Жастар арасында кәсіби аймақтық чемпионаты «WorldSkills Shygys»;

5.«Мектеп-интернат-колледж» жобасы.

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бюджеттік орын үлесі жыл сайын артып келеді. 2016 оқу жылындағы бюджеттік орын саны 3911 орынды құраса,                       2017 жылы 4500 орын, сонымен қоса дәрігерлік мамандықтарға 325 орын бөлінсе, қосымша 1730 орын «2017-2021 жылдарға бұқаралық кәсіптік және еңбек ресурстарын дамыту бағдарламасы» бойынша, « Мәңгілік ел жастары- индустрияға» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша 210 орын бөлінді.

«Технологиялық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары» бойынша дуалды оқыту элементтерінің негізінде енгізілген колледждер үлесі жоспар бойынша 50% орындалды.

2016-2017 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысындағы 82 колледждің дуалды оқыту элементтері ТжКББ жүйесі оқу орындарының барлығында қолданылып отырылса, оның ішінде 44 оқу орны дуалды оқыту жүйесіне толық көшіп 50% құрап, 3356 студентті қамтыды. Колледждердегі 414 әлеуметтік серіктестік кәсіпорындары таратылып, 47 мамандық бойынша оқыту жүргізілген. Барлық студенттер өндірістік тәжірибеден өтумен қамтылған.                                  Өндірістік тәжірибеден өткен студенттер аралық және қорытынды аттестация бойынша жұмысшы біліктіліктерін иеленген.

Студенттерге арнайы білім беруге арналған кедергісіз қол жеткізуге жағдай жасалып, ТжКББ ұйымдардағы үлесі орындалған.

2017-2018 оқу жылында ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі студенттердің саны 211 адамды құрайды (0,6%).  ШҚО  ТжКББ жүйесі оқу орындарындағы төрт оқу мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі студенттерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген: «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК (61 адам), «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ                 (34 адам), «Өскемен көпсалалы колледжі» Мекемесі (92 адам), «Глубокое техникалық колледжі» КММ  (24 адам). Мүмкіндігі шектеулі студенттердің жәрдемақы көлемі 29329 теңгені құрайды. Бұл студенттер үшін оқу орындарында барлық жағдай жасалынып, әлеуметтік серіктестік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.02.2012 / 06.02.2018