Балалар құқығын қорғау

 

Облыста балалардың жағдайы
Жобалар
Өзін-өзі даму
Ынтымақтастық
ШҚО балалар құқығын қорғау департаментінің Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, көмек көрсету бойынша «Шұғыл желі» телефоны.:8 /7232/ 26 46 36.
ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің өмірдің қиын жағдайларына тап болған балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, көмек көрсету бойынша «Шұғыл желі» телефоны.: 8/7172/ 74 25 28
   

Шығыс Қазақстан облысында  «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы  басталды

Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 1 тамызда оқумен қамтылмай қалған оқушыларды анықтау, сабаққа себепсіз және  әлеуметтік себептермен бармаудың алдын алу,  оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы басталды. «Акция  ағымдағы жылғы қыркүйектің 30-на  дейін өткізіледі. Биылғы жылы акция «Болашақты біз бірге жасаймыз» ұранымен өтеді.

ШҚО Балалар құқықтарын қорғау басқармасы Өскемен қаласы әкімдігімен бірлесіп қалалық әсем «Жастар» саябағының орталық алаңында а.ж. 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуына арналған салтанатты шара өткізді.

Саябақта ән-күй төгіліп, көңілді атмосфера орнады, тамаша көңіл-күймен «Мектепке жол» дәстүрлі мерекесіне балалар  мен  ата-аналары, әжелері, балалар шығармашылық ұжымдары, ұстаздары мен қонақтар, демеушілер мен  республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

 ШҚО балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Исаев және  «Темірбанк» АҚ филиалының директоры м.а. Л.Дорош қатысушыларды құттықтап, әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына оқу құралдарымен портфельдер табыс етті.

Балалар кеңсе тауарлары салынған ертегі кейіпкерлері бейнеленген портфельдерге қуанса, ата-аналары ұйымдастырушылар  мен демеушілерге балаларын назардан тыс қалтырмай мектепке дайындауға  көмектескендері үшін алғыстарын білдірді.

Көрермендер Шығыстың жас дарындарына, Өскемен қалалық әкімдігінің өнер мектептерінің оқушыларына қызу қолдау көрсетті.

Шара шеңберінде Өскемен қаласының Отбасы мен балалықты қолдау орталығының заңгерлері ата-аналар мен балаларға  толғандырған сұрақтары бойынша кеңес берді.  

Барлық қатысушылар мерекелік-ойын алаңында жағымды әсер алып, бос уақыттарын көңілді өткізді.  

Біз балалықтың тұрақты достары-демеушілер: «Казцинк» ЖШС, «Евразия» сауда орталығы, «Темірбанк» АҚ ШҚФ-на  қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.

«Мектепке жол» акциясы бойынша осындай шаралар облысымыздың барлық елді мекендерінде өтеді, біз еліміздің жүрегі кең жомарт азаматтары балаларды жаңа 2013-2014 оқу жылына дайындауға белсенді қатысады деп үміттенеміз.  

Дата создания / изменения страницы: 01.02.2012 / 02.08.2013