Бітірушілер

2016-2017 оқу жылы түлектердің саны 9047 адамды құрады. 2017 жылғы 20-24 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 16 ҰБТ пунктінде 6239 (69%) түлек (3 лекте) қатысты.
Өткен оқу жылында ҰБТ қатысқан түлектердің үлесі 68,3% (5727 адамды) құрады. Облыс бойынша ҰБТ орташа балы - 82,2, бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 0,2 баллға өскен.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша «Алтын белгі» төс белгісіне 553 үміткерлер арасынан 549 түлек қорғап,99,3 % құрады.
2016 жылы төс белгіні алуға 398 оқушы үміткер болды, олардың ішінен 223 түлек қорғап, 56% құрады.
Ең жоғарғы 136-138 дейінгі балды облыстың 13 оқушысы алды: Аягөз-(3 оқушы), Абай аудандары(1 оқушы) және Семей (7 оқушы), Өскемен қалалары(2 оқушы).
10-19 дейінгі ең төмен балл алғандар: Бесқарағай (1 оқушы), Бородулиха (1 оқушы), Аягөз (1 оқушы), Абай аудандары (1 оқушы), Семей қаласы (2 оқушы). ҰБТ қатысудың ең үлкен пайызы: Аягөз-88,8%, Зайсан-82,9%, Тарбағатай аудандары-78,6%

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 14.07.2017