Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Сәрсен  Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы  -  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 252316
Сайт: http://www.vkgu.kz

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылғы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген.

1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1997 ж. - 2001 ж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алған. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі.

2001 - 2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарған: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маманы-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2002 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыған. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады, «12.00.08-қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

2003 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарған: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.

2006 - 2007 жж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің  құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі.

2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болған.

2007 - 2008 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.).

2008 - 2012 жж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарған: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).

2012 жылдың 26 қаңтарынан 2016 жылдың 24 мамырына дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.

2016 жылдың 24 мамырдан 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы.

2017 жылдың 07 сәуірінен 2018 жылың 29 қаңтары аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры.

2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №7-жқ бұйрығына сәйкес С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж. ДЦ №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лейтенанты.

Оның «Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралдарын және «Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» атты монография (Қостанай, 2014), 70-тен аса ғылыми мақалалар жариялаған. Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Турцияда, Германияда, Беларуссияда, Ресей Федерациясында («Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» Middle East Journal of Scientific Research журналы (Scopus, index, 2,0) ғылыми басылымдары бар.

2012 жылы Шығыс-Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өткен. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарында оқыған.

2012 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша Кеңестің интеграциялау Комитетінің (Минск қ.) мүшесі.

2012-2016 жылдары аралығында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі.

2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми грант жеңімпазы.

Еңбек атқару барысында көптеген ведомстволық және Үкіметтік наградаларға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2009 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» толуына орай мерейтой төсбелгісімен марапатталған.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.02.2018 / 22.02.2018