Қазақстан-Американдық еркін университеті

Қазақстан-Американдық еркін университеті

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ректоры

Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 22-23-24

Сайт:http://www.kafu.kz/

1994 жылы ҚАЕУ құрылғаннан бастап (ол кезде экономика және гуманитарлық ғылымдардың халықаралық жоғарғы деңгейдегі колледжі болған) бүгінгі күнге дейін біздің университет ұлтты жаңартуға қауқарлы көшбасшыларды дайындау саласында алда келе жатыр. Университет білім сапасының озық болуын үнемі қадағалап отырады, оған мысал ретінде мемлекеттік аттестациядан сәтті өту мен ISO 9001:2008 (NQA Global Assurance United, Ұлыритания) сапа менеджмент жүйесінің сертификатын алуын айтуға болады. ҚАЕУ Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып бизнес-мектептер мен бағдарламаларды акредиттеу бойынша Халықаралық Кеңесте ACBSP(АҚШ) толық халықаралық аккредиттеуден өтті.

Университеттің құрылымындағы элиталы лицей, екі көп салалы колледж, бакалавриат, магистратура, Ph.D докторантурасы, «Іскерлік білім беру орталығы», «Карьера мен Жеке тұлғаны дамытудың халықаралық орталығы» үздіксізбілімберужүйесін жүзеге асыруға қол жеткізуді қамсыздандырады.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық ынтымақтастық негізінде жұмыс істеу ерекшелігі студенттердің АҚШ-та тәжірибе жинақтауы тәрізді маңызды қосымша халықаралық білім беру бағдарламаларын кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Біздің университетте студенттерді кәсіби дайындау мен қоса жеке тұлғаны үйлесімді дамытудың барлық жағдайлары жасалған. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстары үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Студенттердің өмірі жан-жақты, қызықты оқиғалар мен шығармашылыққа толы.

ҚАЕУ түлектері өз бетімен әрекет етуге қабілеттілігі және өз күшіне деген сенімділіктерімен ерекшеленеді. Олардың кәсіби шеберліктеріне Мәскеу мен Санкт-Петербургтың айтулы фирмалары және Ресей мен ТМД елдерінің ірі қалалары оң баға берді. ҚАЕУ түлектерінің білімі көптеген алыс шетелдердің білімімен тең дәрежеде бағаланады.

Болашақ – терең білімді меңгеріп қана қоймай оны дұрыс пайдалана алатын адамдардың ғана қолында. Біздің ЖОО осыған баса назар аударады. Біз студенттердің еш кедергісіз өз бастамашылдығын көрсетіп, жан-жақты ашылуына мүмкіндік жасаймыз.

Сөз соңында, біздің университеттің есігін ашқан кез-келген адам көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын атап айтқым келеді. Университеттің бүгінгі күнгі мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан оқи аласыздар.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, ҚР ҰҒА академигі, «Білім берудің еңбек сіңірген қайраткері»

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.02.2018 / 22.02.2018