Қазақстан иновациялық университеті

Қазақстан иновациялық университеті

Қазақстан иновациялық университетінің ректоры Апсалямов НәдірбекАпсалямұлы

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 56-22-53

Сайт: http://kiu.kz/kz/

Қазақстан инновациялықуниверситеті– жас жоғары оқу орны ( бұдан былай қысқаша— ЖОО), бірақ оның дүниеге келіп, әуелгі қалыптасуы мен даму негізі Қазақ қаржы-экономикалық академиясы болғандықтан жинақтаған бай академиялық дәстүрлері бар. 

Қазақ Қаржы-экономикалық академиясы 1992 жылы Агротехнологиялық университет болып негізін қалады. 1994 жылы атауы Семей бизнес және кәсіпкерлік институты болып өзгерді. 2000 жылы Қазақ қаржы-экономикалықинституты, ал 2008 жылы Қазақ Қаржы-экономикалық академиясы болып құрылды.Оның негізін салушы және президенті Әпсәләмов Нәдірбек Әпсәләмұлы –экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «В.И.Лениннің 100 жылдығына», «Тәуелсіздікке 20 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған. «ҚазКСР білім беру ісінің үздігі», «КСРО білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісіне еңбегі сіңген қайраткер», 2006 ж. Женевада мінсіз іскерлік абыройлы қызметі үшін «INSAM» төсбелгісін( медалін) алды және т.б.

Қазақ Қаржы-экономикалық академиясында үш факультет болды: «Қаржы-экономикалық», «Есеп-экономикалық» және сырттай оқыту бөлімі. Академия түрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша мамандар даярлады.

Бакалавриат: «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент,» «Құқықтану», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Туризм», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамту», «Бағалау».

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.02.2018 / 22.02.2018