Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы

Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің  Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(7222) 52-22-51
Сайт: http://www.ssmu.kz/ru
 
1974 ж. туған, медицина ғылымдарының докторы, «Қоғамдық денсаулық сақтау/ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» және «травматология және ортопдия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаттағы дәрігер.

1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін үздік дипломмен бітірген.   2013 жылы   Қазақ  гуманитарлық – заң инновациялық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Негізгі шет елде біліктілігін арттыруы (2010, 2011, 2012, 2014 жж)  Saint-Louis University (АҚШ. Миссури штаты) «Health management general director selected as a honorable member» бойынша өткен.

1997-2000 ж.ж. Семей мемлекеттік медицина академиясының травматология, ортопедия   және ӘДХ кафедрасының аспиранты;

2000-2001 жж. ҚР ҚК қатарында қызметте; 

2002-2003 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасының   оқу ісі меңгерушісі;

2003-2006 жж. Қазақ мемлекеттік  медицина академиясының емдеу факультетінің деканының орынбасары;

2006 -2009  жж.  Травматология және ортопедия ғылыми –зерттеу институтының бөлім бастығы;  

2009-2014 жж.  «Республикалық  жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ-да көптеген жарақаттар бөлімшесінің меңгерушісі, хирургия бөлімінің, ортопедиялық хирургия және коагулопатия бөлімінің басшысы, инновация және ғылым жөніндегі директоры;

2014-2016 жылдың сәуіріне  дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» бас дәрігерінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары;

2016 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қазанына дейін ШЖҚ РМК «Семей қ. мемлекеттік медицина университеті» стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;

2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың мамыр айына дейін  Астана қаласы әкімдігі ШЖҚ РМК «№1 қалалық аурухана» көптеген жарақаттар және қалпына келтіру ортохирургия орталығының басшысы;

2017 жылдың мамырынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің стратегиялық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, ректордың міндетін атқарады.

2017 жылдың тамыздан қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университетінің ректоры 

Қазақстан Республикасында жеке өзімен 80 аса денсаулық сақтау саласыда  инновациялық технологияларды және ауруханалық менеджментте заманауи концепцияларды ұйымдастыруды енгізді, бірнеше рет шетелдік жетекші ғалымдармен және ұйымдастырушыларымен шеберлік –класстар, тәлімгерліктер ұйымдастырды.

Қазақстанның көптеген ірі клиникаларында емдеудің заманауи концепциялары мен технологияларын  алғышқы рет енгізді және ұйымдастырды, атап айтқанда:

-  ТМД мемлекеттерінде және Қазақстанда алғашқы рет ауыр жарақаттар кезінде  (соның ішінде жаппай автожол, өндірістік жарақаттар кезінде) пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек үшін «damage control» заманауи концепциясын енгізді;

- Қазақстанда алғашқы рет жамбас сүйектері, омыртқа, ұзын түтікше сүйектер сынықтарын, буынішілік сынықтарды, жарақаттарды емдеудің жабық азинвазивті технологияларын енгізді;

- Орта Азияда және Қазақстанда алғашқы рет гемофилиямен ауратын пациенттердің ірі буындарын эндопротездеу бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастырды;

- Орта Азияда және Қазақстанда алғашқы рет мамандандырылған «остеоонкология» яғни тірек –қимыл жүйесінің қатерлі және қатерсіз ісіктерін емдеу бөлімшесін ұйымдастырды;

-  Қазақстанда алғашқы рет халықаралық байланыстарының және әріптестерінің арқасында белсенді түрде АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және ҚХР ірі Университеттік клиникаларында дәрігерлердің және орта медициналық қызметкерлердің оқуын (тағылымдамасын) ұйымдастырды;

-  Қазақстанда алғашқы рет дәрігерлік қызметкерлердің күнделікті тәжірибесінде (таңертеңгілік жоспарламалар өткізу, талқылаулар және т.б.) және ЖОО резиденттер мен студенттерін оқыту технологияларына ағылшын тілі арқылы оқытуды ұйымдастырды және енгізді;

-  Қазақстан Республикасы ДС министрлгі «Денсаулық -2016-2019»  бағдарламасының аясында алғашқылардың бірі болып Семей  мемлекеттік медицина университетімен АҚШ-тың Сент-Луис университеті арасында стратегиялық серіктестікті енгізді;

-  Үнемі шет ел ғалымдарымен тәжірибе алмасу арқылы және ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықаралық  деңгейде  Германия, ҚХР, Польша, Ресей елдерінде баяндамаларымен негіздеді.

Өнертабыстыққа   22 патенталды авторы, 1 ҚР инновациялық патенті, 8 әдістемелік нұсқаулықтар, 170 астам ғылыми мақалалар, алдыңғы қатарлы мақалалары Жапонияда, АҚШ-та, Ресейде, Украинада жарияланған. 

Емдеу және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдерде халықаралық конференцияларға үнемі қатысады және баяндамалар жасайды.

Е.Т. Жүнісовтің жетекшілігімен 1 ғылым  докторын және 2 ғылым кандидатық диссертация қорғауға дайындалған.  ҚР БҒМ және ДСМ гранты бойынша 2 ғылыми –техникалық бағдарламаларды орындаушы.

Көп  жылғы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Нұр-Отан» партиясының Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» және  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Ұлттық Медициналық Холдингінің «Үздік дәрігер зерттеуші» Құрмет грамотасымен, «Ортопедия және травматология саласында диагностика мен  емдеуде  инновациялық технологиялар»  енгізген жүйелері үшін «Әлеммен танылған Қазақстан» номинациясында «Жыл патриоты» Құрмет грамотасымен (2013) марапатталған.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.02.2018 / 22.02.2018