Үштілділікті дамыту

«2015-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдарында үш тілде білім беруді сынақтан өткізу туралы» ҚР БҒМ 10.02.2016 жылғы №136 бұйрығына сәйкес үш тілді білім беруді енгізу бойынша Шығыс Қазақстан облысы пилоттық облыс болып анықталды.

Кешенді жоспарды іске асырудың бірінші кезеңі (2015/16 оқу жылында) іс-шараларды өткізу сапасын қамтамасыз етумен байланысты жағдайлар (қаржылық, ұйымдастырушылық, кадрлық) көзделді.

Қаржылық жағдайды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 2015/16 оқу жылдарына 1,8 млн теңге, оның ішінде 2016 жылы – 1 млрд 274,9 млн теңге бөлінген. Ұйымдастырушылық жағдайларды құру үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірыңғай деңгейлік оқулықтарымен қамтамасыз ету қарастырылған, оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеру үшін сағат санын көбейту (қазақ тіліндегі мектептер үшін), кең жолақты интернетке (4 Гб-қа дейін) қол жеткізу көзделген.

Осылайша, 2016 жылы облыстың барлық білім беру ұйымдары 1-11 сыныптар үшін 350 мың дана бірыңғай "Cambridge University Press" баспасының ағылшын тілі оқулығын сатып алды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап оқыту қазақ тілінде емес мектептер үшін  іс-әрекеттің барлық 4 дағды  бойынша деңгейлік дайындыққа сәйкес профессор Ф.Ш Оразбаеваның оқулығымен қамтамасыз етілді. Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, славян тілдері кафедрасы және оларды оқыту әдістемесі арасында жасалған меморандумға сәйкес Қазақстанға  бейімделген орыс тілді емес мектептердегі 1-4 сыныптар және 5- 11 сыныптарға арналған Е.А Хамраеваның авторлығымен құрылған орыс тілі бойынша деңгейлік оқулықтар дайындалды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақ тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі мұғалімдері орыс тілін деңгейлеп оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешенінің электрондық нұсқасымен  қамтамасыз етілді.

ШҚО әкімшілігінің 2016 жылғы  8 шілдедегі №202 Қаулысына сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында қамтамасыз етілді:

1) 1-3-сыныптарда ағылшын тілін оқытуға оқу жоспарының вариативті бөлігінің есебінен 2 сағатқа дейін, 4-сыныпта 3 сағатқа дейін, 5-8 сыныптар арасында 4 сағатқа дейін, 9-11 сыныптарда-5 сағатқа дейін, 1-11 сыныптарда қазақ тілінде оқытылатын мектептерде орыс тілін оқыту үшін 1 сағатқа дейін арттыру; 

2) ағылшын, қазақ тілдерін (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілін (мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін) оқытуда сыныптың толымдылығы 10-12 оқушыдан артпаған жағдайда топтарға бөлу;

3) қазақ тілі ( орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (мемлекеттік тілді оқытылатын мектептер үшін), ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерін саралап материалдық көтермелеу қарастырылған.

Кешенді жоспарды жүзеге асырудың бірінші кезеңінде қажетті кадрлық шарттарды қамтамасыз етуде алдыңғы қатарлы іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.  Тіл пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігіне кіріс бақылауы жүргізіліп, нәтижесінде мұғалімдердің тек 14,3% кәсіби деңгейде тілдік құзыреттілігін меңгереді: орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 28,6%, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінің мұғалімдері 10,6%, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері 3,6%. Тиісінше, 2016 жылы барлық санаттағы педагогтарға  тілдік құзыреттіліктер мен оқыту әдістемесі бойынша курстар жоспарланып  өткізілді:

- Ф.Ш Оразбаеваның оқыту қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулығының авторларын шақыра отырып, қазақ тілін д

- оқыту қазақ тілді мектептерде орыс тілін оқыту әдістемесі бойынша оқулық авторлары РФ ММПУ профессор, п. ғ. д. Е. Хамраева  және РФХДРУ доценті, п. ғ. к. А Новикова курстарға шақырылып, аталмыш курстардан 985 орыс тілі пәнінің мұғалімдері өтті;

-.ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған тікелей тіл тасымалдаушылардың қатысуымен өткен курстарда 1291 ағылшын тілі мұғалімдері оқыды, соның ішінде: Семей қаласы 2016 жылдың 5-6 желтоқсанында 510 адам (өтініш берген  518) ТКТ емтихан тапсырды.Өскемен қаласы бойынша 540 адам (өтініш берген 558) емтихандарын тапсырып 2016 жылғы 8-9 желтоқсанда 211 мұғалім және Зайсан қаласында 2016 жылғы 12 желтоқсанда 215 тапсырыс берген мұғалім ішінен 211 мұғалім емтихан тапсырды;

- ағылшын тілі мұғалімдерінің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында оқыту мазмұны мен әдістемесі бойынша "Cambridge University Press" баспасының оқулықтары жайында 2016 жылғы маусымда «Study Innovations» Халықаралық білім беру орталығы Өскемен және Семей қалаларында оқыту семинар-тренингтерін өткізді.

Пәндерді интеграциялап оқытудың әдістемесі мен кәсіби ағылшын тілін оқыту үшін перспективті пән мұғалімдерінің деректер базасы құрылды. 2016 жылдың тамыз айында "Нұр Орда" мектеп –лицейі және Семей қаласындағы қазақ –түрік лицейі базасында облыстағы гимназиялар мен физика, информатика, химия және биология пәндері лицейлерінің мұғалімдері үшін кәсіби ағылшын тілі курстары өткізілді.

2015-2019 жылдарға арналған үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспарына сәйкес 2017 жылдан  бастап жоспардың 2 кезеңін іске асыру үшін келесі бағыттар бойынша ісшаралар қарастырылды:

- ТКТ емтиханы нәтижелері бойынша төмен деңгей көрсеткен мұғалімдер үшін ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша тіл тасымалдаушыларын шақыра отырып, ағылшын тілі мұғалімдері үшін курс ұйымдастыру;

- ең үздік ағылшын тілі мұғалімдері арасынан тренерлер даярлау үшін СELTA халық аралық емтиханын тапсыруға ағылшын тілі мұғалімдерін дайындау (Кембридж, Ұлыбритания);

- Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің профессоры  оқулық авторы п.ғ.д. Е. Хамраевамен (РФ) шеберлік –сыныбы;

- оқушылардың төрт сөйлеу дағдысының түрлері бойынша тілдік коммуникативтік құзыреттілігінің диагностикасын өткізу (жылына 4 рет);

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылатын жоғарғы сынып оқушыларына пән бойынша сыныптан тыс үш тілде білім беру бағдарламаларын  әзірлеу;

- ағылшын тілі, қазақ тілі (орыс мектебінде), орыс тілі (қазақ мектептерінде) бойынша оқушылардың білім нәтижесін жоғары деңгейде  қамтамасыз еткен мұғалімдерге сараланған материалдық көтермелеумен қамтамасыз ету;

- пән мұғалімдеріне кәсіби ағылшын тілін және пәндерді кіріктіре оқыту  әдістемесін оқыту;

- Кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында педагогтар мен оқушылардың әрекеті арқылы ұсынылған мектеп тәжірибесіндегі ағымдағы бағалаудың өзгерістерін жүргізу.

2017 жылдың 3 мамыр мен 27 маусым аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдері үшін курстық дайындық өткізуге байланысты конкурс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қызмет көрсетудің өнім берушісі «Астана Білім Ордасы» ЖШС-мен 2017 жылдың 28 маусымында №82-17 келісім шартқа қол қойылды.

2017 жылдың тамызынан бастап желтоқсанға дейін орыс тілде оқытылатын мектептерде қазақ тілін, қазақ тілде оқытылатын мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша курстар жоспарланды:

2017 жылдың тамыз - желтоқсан аралығында 2460 тілдік пән мұғалімдері курстық дайындықтан өтуде, оның ішінде:

- ағылшын тілінде 1160 мұғалім;

- қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінің 850 мұғалімі;

- орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінің 450 оқытушысы.

Төменгі деңгейді (Band 1-1, 1-2 екі модульдері бойынша) көрсеткен 650 (51,4%) және жаңадан келген ағылшын тілі мұғалімдері ТКТ, CELTA және DELTA сертификаттары бар жаттығушылармен ағылшын тілін оқыту әдістемесін және 144 сағаттық ТКТ сертификатына ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіру бағдарламасын өтеді.

Орташа деңгейге ( BAND 2-2, 2-3 екі модулі бойынша) мұғалімдердің 500 (39,5%) жетті. Олар тікелей иегерлерімен ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттейді және ТКТ YOUNG LEARNERS сертификатына ағылшын тілін оқыту әдістемесін жақсарту үшін 120-сағаттық бағдарламасын өтеді.

Өте жақсы(Band 3-4,4-4 екі модульдерде) нәтижелерімен мұғалімдердің 10 (1%) Celta сертификатына халықаралық емтихан  тапсыру үшін 120 сағаттық дайындыққа жіберілген.

Төмен деңгей (A1, A2) көрсеткен,  қазақ тілінде оқытылатын мектептерде  250 (23%) орыс тілі мұғалімдері 144 сағаттық курстарынан өтеді.

Орташа деңгейі (В1, В2) көрсеткен екінші тіл ретінде орыс тілінің 600 (55%) оқытушылары 72-сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Төмен деңгей көрсеткен (А1, А2) қазақ тілінің 150 (13%) мұғалімдері үшін, 144 сағаттық курстық  дайындық  ұйымдастырылған.

Орташа деңгейді (B1, B2) орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілінің 300 (26%) мұғалімдері көрсетті. Олар 72 сағаттық даярлықтан өтеді.

Облыстық тамыз конференциясында жалпы сомасы 5,9 млн теңгеге 12 мұғалімге 170 мың теңге, 500 мың теңге, 800 мың теңге бір жолғы сыйақы берілді.

2017 жылғы  29 тамызда облыстық тамыз конференциясының шеңберінде орыс тілі шет тілі ретінде оқулығының авторы ММПУ профессоры, п. ғ. д. Е. Хамраевамен қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі мұғалімдерінің шеберлік-сыныбы өтті.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2017 / 06.02.2018