Арнаулы орта оқу орындары

ТжКББ бойынша ақпарат

Облысымызда 86 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 52-сі мемлекеттік тілде және 34-і жеке меншік. Оларда 115 мамандық және 231 біліктілік бойынша 35 мыңнан астам студент білім алады.  

ШҚО ТжКББ жүйесіндегі оқытушылық қызметін 2018-2019 оқу жылы 3395 адам жүзеге асырды, олардың ішінде оқытушылар құрамының жалпы санынан 43,3 % -ын құрайтын 1473 адам жоғары және бірінші санатты. 2018-2019 оқу жылында колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің 1179-ы біліктілік арттыру курсынан өтті, олардың ішінде ҚР БҒМ «Өрлеу» БАҰО АҚ – 97 адам, «Холдинг «Кәсіпқор» - 360 адам, шетелдік орталықтар – 38 адам, кәсіпорын базасындағы тағылымдама – 65 адам.     

35 мың студенттен 52%-ы (18799 адам) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып, жыл сайын 10%-ға артып отырады (2018 жылы - 7 290 орын, 2019 жылы - 7 930, олардың ішінде 1730 орын республикалық бюджет қаражаты есебінен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша).    

Заманауи талаптарға сәйкес кадрларды даярлауға 56 колледжде облысымыздың 562 кәсіпорнымен бірлесіп, 3 мың студентті қамтыған 53 мамандық бойынша дуалды оқыту технологиясы енгізіледі.

Кәсіпорындармен 539 үш жақты келісім-шарттар мен келісімдер жасалды, оның аясында түлектер тағылымдамадан өтіп одан ары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Дуалды оқытудың аясында оқыған колледж түлектерінің 95%-ы жұмысқа орналасуда.  

Жалпы алғанда, облысымыздағы колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 77%-ды құрайды (жұмыспен қамту және жұмысбастылық - – 93%).

Облыста екі ІТ-Орталық, Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасындағы «Құзыреттілік орталығы» ашылды. KAZ Minerals компаниясымен бірлесіп, «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ базасында оқу орталығының ашылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 WorldSkills қозғалысына қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылғы 13-17 мамыр аралығында ШҚО-да 43 құзыреттілік бойынша (республика бойынша көрсеткіші жоғары) 270 адамды қамтыған IV өңірлік чемпионаты өткізілді.

Чемпионат кезіндегі бір уақытта өткізілетін кәсіби бағдар жұмысы 5 мыңнан астам оқушыны қамтыды.  WorldSkills кәсіби шеберлігінің ұлттық чемпионатында ШҚО командасы 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медалімен 1 жалпыкомандалық орынды иеленді. Жеңімпаздар республикамызды Қазан қаласында өтетін әлемдік чемпионатта танытады.

Елбасымыздың үшінші бастамасының аясында осы оқу жылында 700 орындық (Электротехникалық колледж – 350 орын, Д. Калматаев атындағы жоғарғы медициналық колледж – 350 орын) колледж студенттеріне арналған 2 жатақхана ашылды. 2022 жылға дейін 1308 орынға арналған колледж студенттеріне 5 жатақхана салу жоспарлануда.

 

 Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тізімі 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 02.09.2019