Орта білім

Среднее образование

Облыстағы күндізгі жалпы білім беру мектептерінің саны – 661, оның ішінде 655-і мемлекеттік және 6 жеке меншік.

Жалпы білім беру мектептері оқушыларының саны 184 мыңнан асады, бұл дегеніміз былтырғы оқу жылымен салыстырғанда екі мың адамнан көп деген сөз.

Жаңартылған білім беру мазмұнына 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 сыныптар көшірілді. Оқушылардың оқу жетістіктерін кретиралды бағалау жүйесі енгізілді.

2018 жылы 9740 мектеп бітірушілерінің 6864-і қатысты, жалпы оқушы санынан 70,5% құрайды. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда ҰБТ қатысқандардың саны 2,2%-ға артты (2017г.- 68,3%).

Екіншіден, жоғары білімге қол жеткізу едәуір өсті. 2017 жылы ҰБТ тапсырған түлектердің 48%-ы, 2018 жылы 56%-ы республикалық және жергілікті гранттарға ие болды.

Үшіншіден, шетелдерге оқуға түскен мектеп бітірушілердің саны 30%-ға төмендеді. 2016 жылы облыс мектептерінің 1800-і, 2017 жылы – 890-ы кетсе, 2018 жылы 636-сы шетелдердегі ЖОО-на оқуға түскен.

Жыл сайын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жаңартылып отырады. 2018 жылы 3, 6, 8 сынып оқушылары 2 млрд.теңгеден астам сомаға оқулықтармен (1 млн. 548 дана) қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 5-7 сынып оқушылары үшін "Өлкетану" пәні бойынша 100 млн.теңгеге 54 434 дана оқулық сатып алынды. Оқушылардың оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі 2018 жылы 100% құрады.

2019 жылы 2 млрд.теңгеден астам сомаға 4,9,10-сынып оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 02.09.2019