Өзін –өзі тану

Баланың жеке басын қалыптастырудағы функционалдық маңызды пәндердің бірі - «Өзін-өзі тану» пәні. Оның оқытылуын облыстың 1002 оқытушысы жүзеге асырады, оның ішінде 757 мұғалім жоғары білімді, 195 орта арнайы білімді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 оқу жылының басынан 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 бұйрығымен Жарма ауданының «Маяковский орта мектебі» КММ-не, «Зырян қаласының № 8 орта мектебі» КММ-не, Ұлан ауданының «Б. Ахметов атындағы орта мектеп» КММ-не, Семей қаласының «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК-ға - ҰБО бойынша «Өзін-өзі тану» пилоттық білім беру ұйымдарының мәртебесі берілді.

2016-2017 оқу жылына пилоттық білім беру ұйымдарында бірдей білім беру кеңістігінде ҰБО «Өзін-өзі тану" пәні бойынша кіріктірілген сабақтардың іс-шаралар жоспары жасалып, тұтас педагогикалық процесіне өзін-өзі тану пәні бойынша кіріктірілген сабақтардың тереңдетіліп оқытылуын жүзеге асыру және ҰДО «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асырудың диагностикасын жүргізу үшін мұғалімдердің жұмыс топтары құрылды

Іс-шара жоспары бірыңғай моральдық-рухани кеңістікті құруға бағытталған, тұлғаны тәрбиелеу үшін адамның жалпыға ортақ құндылықтарына бағдарланған білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекше түрін көздейді.

Пилоттық жобаны әдістемелік қамтамасыз ету шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының делегациясы 2017 жылдың 25-30 қазанында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы Алматы қаласының «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығына орай өткізілген халықаралық педагогикалық форумына қатысты..

2017 жылдың қараша айында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу барысында пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының оқу үрдісінде 12-сағаттық семинар-тренингтер өткізілді. Семинарға мұғалімдер, ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты. Семинарды ШҚО «Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлері Г.Н Зайсанбаева, Л.Н Гаврилова жүргізді.

2017 жылғы 22 желтоқсанда ШҚО «Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлері, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскерлерімен бірге пилоттық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу сапасын бақылау мониторингінің кіріс кезеңі өткізілді, соған орай орта және жоғары деңгей оқушыларын қамту мақсатында 4,7,10 сыныптарда өзін-өзі тану сабақтары, кіріктірілген сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп, ата-аналармен жұмыстар жүргізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 3 курс студенттерімен 2 топта мониторинг жүргізілді.

2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысынан «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ай сайын ақпарат беріліп отырды. Осыған орай, ШҚО барлық білім беру ұйымдарының жұмыстарын басшылыққа алу үшін білім басқармасымен жылдық медиа-жоспар жасалып, бекітілген.

2018 жылдың 1 ақпанынан 12 ақпанына дейінгі кезеңде облыстың білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жоспарланған.

Онкүндіктің мақсаты - мейірімділікке, ізгілікке, сұлулыққа, шыншыл болуға, шындық арқылы іздеу арқылы нағыз адам болудың қаншалықты маңызды екенін жеткізу. Онкүндікті өткізу облыстың барлық білім беру ұйымдарында алдын ала жоспарланған және бекітілген.

ШҚО білім беру ұйымдарына пилоттық жобаны енгізу бойынша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ШҚО білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру жұмыстары жалғасуда.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2017 / 06.02.2018