Жаңалықтар

Аудан оқушылары оқушылар шығармашылық сарайында IT-көрмесін ұйымдастырып, жобаларын таныстырды. Өңір басшысы оқушылардың еңбегін жоғары бағалап, үздіктерін іске асыруды ұсынды. Мысалы, 8 сынып оқушысы Камилла Сафинаның "голографиялық пирамида" жобасы енді аудан орталығында төрт метрлік биіктікте пайда болады. Оны орнату арқылы барлық қасиеттері бар үш өлшемді нысанның нақты көшірмесін алуға болады. Бұл жобаның негізгі артықшылығы-360 градусқа дейін шолу жасайды.

​          – Мұндай жобаны үлкен ауқымда жасап, салынып жатқан мәдениет үйінің алдына қою керек. Балалар Start-up жобасын жасасын, ал біз бұл үшін қажет қаржыны бөлеміз, - деді Даниал Ахметов.

​          Камилла бұл жобаны құру тек IT-сыныптардың ашылуы нәтижесінде ғана мүмкін болғанын атап өтті.  Айта кетсек, Шығыс Қазақстан барлық мектептерінде төрт бағыт бойынша сандық кабинеттерді ашқан жалғыз өңір.

​          Сапар барысында аймақ басшысы Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонусовтың 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты.

​          Аудан әкімінің айтуынша, Глубокое өңірінде сапалы білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.

​          2019 жылы 14 IT–кабинетке жөндеу жұмыстары жүргізілді, 111 бірлік компьютерлік техника, 14 - 3D принтер, 20 ЛЕГО жиынтықтары, 14 белсенді панельдер сатып алынды. Осы жұмыстың жарқын нәтижесі – өткен жылдың наурыз айында өткен облыстық чемпионатта Глубокое ауданы оқушыларының жеңіске жетіп, үздік атанулары.

​          – «Тегін IT-сыныптар» партиялық жобасын іске асыру мақсатында тек Глубокое ауданында 147 IT-сынып ашылды, онда 2230 оқушы робототехника, бағдарламалау және 3Д-модельдеу бағыттары бойынша оқиды. IT бағытындағы жаңалықтарды көрсеткен балалармен кездесу барысында олардың жоғары қызығушылықтарын көрдім. Сондықтан биылғы жылы 1 қыркүйекке дейін облыстың ІТ – бағдарламалауды оқыту бағдарламасы әлемдік стандартқа сәйкестендірілетін болады. Бұл басты міндет, - деді Даниал Ахметов.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.02.2020 / 03.02.2020