Жаңалықтар

Нұрлан Нығматулинге қалалық жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік көмекті белгілеу жұмыстары таныстырылды. Орталық күнделікті жүзге жуық тұрғынды қабылдайды. Мында көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелері мен ерекше күтімді қажет ететін адамдар әлеуметтік көмек алуға келеді. Сонымен қатар орталықта Мәжіліс төрағасы көпбалалы аналармен кездесті. 12 баланың анасы Евгения Черкашина мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекке өз алғысын жеткізді. - Облыста көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету шаралары мен аймақтық бағдарламар көңіл қуантарлық.  Аталмыш әлеуметтік топ отбасыларынан шыққан балаларға колледждер мен жоғары оқу орындарында тегін гранттар берілуде. Бұл үрдісті еліміздің өзге де өңірлерінде енгізу керек екен,- деді Мәжіліс төрағасы.

          Өткен жылы 598 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

          Сонымен қатар Палата төрағасы құрылысы жақында аяқталған 200 орындық балалар ауруханасында болды. Ана мен бала саулығына бағытталған орталық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Педиатрмялық, невролгия, нейрохирургия, травматология, реанимация бөлімдері мен жаңа технологиялы бес операция залы орналасқан. Қабылдау бөлімінде TRIAGE-жүйесі іске қосылған, яғни науқас балаларды жедел түрде қабылдап, тиісті шараларды жүргізу мүмкіндігі бар. Жаңа медициналық нысан балалар сауықтыру қызметінің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен «Қамқорлық» жол картасы аясында 50 орынға арналған балалар сауықтыру бөлімі іске қосылады, яғни кішкентай науқастар облыстан алысқа бармай, жоғары мамандандырылған ем шараларын қабылдай алады.  - Ауруханада Израиль мен Лондонда, еуропа елдерінде қолданылатын томографиялық диагностикалау мен  цифрлы рентгенді көп фунционалды операциялық аппаратура іске қосылатын болады. Бұл сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді,-деді аурухананың бас дәрігері Ермек Омарбеков.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.01.2020 / 10.01.2020