Жаңалықтар

Ең әуелі, Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұрайында болып, Абайдың тағлымы терең ғұмырынан сыр шертетен құнды жәдігерлер мен тарихи мәліметтермен танысты. Мұражай ұжымы Ұлы ақынның биыл аталып өтетін 175 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, атқарылатын әдеби-мәдени шараларға қысқаша тоқталып өтті. Айта кетсек, осы жылы ақын мерейтойына орайластырылған 500-ден астам іс-шара өткізу жоспары бар.

Одан кейін Нұрлан Нығматулин Семейдегі жедел жәрдем ауруханасындағы бірегей гибридті операция залымен танысты. Өткен жылы облыстық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы аясында бірегей ангиографиялық қондырғысы бар гибридті операция залы іске қосылып, бір мезетте бірнеше операция жасау мүмкіндігі туды. Еліміздегі теңдесі жоқ операция бөлімімен танысқан Нұрлан Нығматулин дәрігерлермен кездесіп, облыстың медициналық әлеуетін жоғары бағалады. – Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары үздік медициналық ауруханалар мен орталықтар іске қосылуда. Оның барлығы, ең бастысы ұлт саулығына бағытталып отыр. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан медициналық үздік тәжірибелерді іске асыру бағытында ауқымды шаралар атқарылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда, - деді Палата төрағасы.

Семей қаласына жасаған жұмыс сапары соңында Мәжіліс төрағасы Қарағайлы шағын ауданында жаңадан бой көтерген көп салалы мәдени-спорттық кешенде болып, заманауи конструкциялы нысанды аралап қайтты. Олимпиадалық стандарттарға сәйкес салынған бірнеше ж8зу бассейндерінде халықаралық жарыстар мен 5000 көрерменге арналған арнайы залда түрлі мәдени іс-шараларды өткізуге болады.

Нұрлан Нығматулин Шығысқа жасаған жұмыс сапарын Өскемен қаласында жалғастырды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.01.2020 / 10.01.2020