Жаңалықтар

Дәрігерлер біліктілігі – бірінші орында

Алдағы үш жылда тоғыз мыңға жуық облыс дәрігерлері озық шетелдік клиникаларда біліктіліктерін арттыратын болады. Ол - Англия, Израиль, Литва, Ресей, Польша, Корея, Украина, Италия мемлекеттерінің медициналық орталықтары.

Соңғы үш жылда 5511 дәрігер, оның ішінде 276-сы әлемнің жетекші клиникаларында оқытылды. Бұл дәрігерлерді даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде 1080 бірлік жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия және офтальмохирургия орталықтары ашылды. Сондай-ақ, Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы негізінде гибридті операция залы ашылды. Алтай және Аягөз аудан орталықтарында ІІ деңгейлі инсульт орталықтары құрылды.  

- Аймақтық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерінің енгізілуіне байланысты дәрігерлердің біліктілігін арттыру басты назарға алынып отыр, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.  

 ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.01.2020 / 06.01.2020