Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Баршаңызды жарқын үміттер мен асқақ армандарға бастайтын – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл әр адам ақ ниетпен күтетін ерекше мереке. Жаңа жыл – іргесі сөгілмес бірліктің, ырысы төгілмес тірліктің мейрамы.

Еліміз үшін 2019 жыл аса маңызды саяси оқиғалармен ерекшеленді. Елбасымыз негізін қалаған Жаңа Қазақстан тарихи дамудың тың кезеңін бастады. Тұрақтылық пен тыныштықты  таңдаған Қазақстан халқы берекенің бақытқа бастарын жаңа Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа білдірген сөзсіз сенімімен тағы бір айқындай түсті.

Отанымыздың қарыштап дамуына ынтымақ пен бірлікті ту еткен біздің облысымыз да мол үлес қосып келеді. Елімізді өркендету жолында аянбай еңбек еткен барлық жерлестеріме шынайы алғыс білдіремін!

Келер жыл - әрбір үйге бейбіт өмір, қуаныш пен шаттық, мол табыс әкелсін!

Келешегіміз кемел, болашағымыз баянды болсын! Жаңа жыл құтты болсын, құрметті жерлестер!

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 31.12.2019 / 31.12.2019