Жаңалықтар

Облыс әкімі жаңа пәтер кілттерін табыс етті

Жаңа жыл қарсаңында өңір басшысы Даниал Ахметов "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның 52 салымшысына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Айта кету керек, тұрғын үй «Нұрлы жер» ипотекалық бағдарламасы аясында облыс орталығының 19-шы шағын ауданындағы көпқабатты үйден берілді. 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев айтқандай, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несиелік тұрғын үй бағытында 430 пәтерлік 4 тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді. Келесі жылы осы бағдарлама бойынша 742 пәтерге 9 үй салу жоспарлануда.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 30.12.2019 / 30.12.2019