Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтары туралы байқау

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы ереже

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына 2019 жылғы айрықша еңбектерін  ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.
2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі. Марапаттау рәсімі Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіледі.
3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

1. Жылдың жас көшбасшысы;
2. Жылдың студент көшбасшысы;
3. Жас кәсіпқой;
4. Жылдың жастар ұйымы;
5. Жылдың жас журналисті;
6. Жылдың жастар акциясы;
7. Жас отбасы.

Бір үміткер екі немесе одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, жастар ресурстық орталықтары, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін-өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыным хат, өмірбаян, мінездеме), сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұсынылады.
5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын «Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» ММ бекітеді.
6. Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы.
7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.
8. Сыйлықты Шығыс Қазақстан облысының басшылығы табыс етеді.
9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.
10. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

Конкурстық құжаттарды рәсімдеу талаптары:
Конкурсқа қатысушының өтініші Microsoft Word мәтіндік редакторымен, «Times New Roman» шрифті, мәтін өлшемі 14, жоларалық интервал 1, жиегі 20 см., барлық жағынан абзацтық бос орын болуы тиіс.
Негізгі (титульный) бетте үміткердің толық аты-жөні, тегі (ұйымның атауы), жұмыс орны, лауазымы (оқу орны, курсы, факультеті, мамандығы), келесі жолда қала/ аудан (оқу орын) атауы.
Одан кейінгі жолда номинацияның атауы толық, Ережеге сәйкес, қатесіз жазылуы тиіс.
Келесі жолда үміткердің 3*4 фотосы (ұйымның эмблемасы).
Қатысушылар туралы материалдар 2019 жылғы 16 қазан мен қараша аралығында Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде қабылданады. Анықтама телефондары:  8 (7232) 710-234, 610-942, 710-234.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.11.2019 / 11.11.2019