Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда басқарма басшылары тағайындалды

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен екі басқарманың жаңа басшылары тағайындалды.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Дәулет Бахитұлы Батырбаевкелді. Дәулет Батырбаев 1976 жылы Семей қаласында туған. 1998 жылы «Семей» университетін «экономика», 2001 жылы Новосібір гуманитарлық институтын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Дәулет Бахитұлы 2009 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2012-2016 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017жж. Ұлан ауданының, 2017-2019жж. Бесқарағай ауданыныңәкімі лауазымдарында болды.

ШҚО ауылшаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы лауазымына Ержан Ахтанұлы Нұрбаев тағайындалды. Ержан Ахтанұлы 1963 жылы Катонқарағай ауданы Берел ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекет университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдады. 2007-2019 жж. аралығында  Ержан Нұрбаев«ШығысАгроХолдинг» ЖШС басқарды. Сонымен қатар, әр жылдары Зырян және Өскемен қалаларындағы ауылшаруашылықсаласы бағытындағыкәсіпорындарға басшылық  етті.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.11.2019 / 08.11.2019