Жаңалықтар

Облыс әкімі Даниал Ахметов Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлерін кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойымен құттықтады


Осы жылдар аралығында бірнеше цехтен құрылған өндіріс ошағы өнеркәсіп алыбына айналды. Бүгінде Үлбі металлургия зауыты уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруден әлем мойындаған үздіктер қатарында.
⠀Аймақ басшысы Даниал Ахметов ҮМЗ қызметкерлеріне жауапты еңбектеріне алғыс білдірді. -  Біз зауыттың атақты ғалымдарымен, ардагерлерімен мақтанамыз. Олардың орасан зор еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. 70 жылдық тарихында зауытта 28 әулеттің дара жолы қалыптасты.
⠀Барша ұжымға және әрбіріңізге толағай табыс, зор денсаулық, мол бақыт, игілік пен молшылық тілеймін! – деді облыс әкімі. 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 29.10.2019 / 29.10.2019