Жаңалықтар

ШҚО-да Бесқарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Аймақ басшысының өкімімен бұл лауазымға облыс әкімінің орынбасары болған Шалқар Заманбекұлы Байбеков тағайындалды. Ол 2017 жылдан бері ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары мен ветеринария салаларына басшылық етті.

 Даниал Ахметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды.

Шалқар Заманбекұлы өте тәжірибелі басқарушы. Оның бұл лауазымға тағайындалуын мәслихат депуттары бір ауыздан қолдады. Ол өзінің тәжірибесін Бесқарағай ауданын дамыту барысында маңызды мәселелерді шешуде қолданатындығына сенімдімін, – деді Шығыс Қазақстан әкімі.

 

Айта келтсек, Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы, кейін Қазақстан мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының мемлекеттік сақтандырудың   аға инспекторы болып бастады.

 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылы Павлодар қаласы, кейін Астана мен Қарағанды қалаларында Салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы Салық департаментінің  Есіл ауданы бойынша  салық басқармасын басқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.11.2019 / 04.11.2019