Жаңалықтар

Құрылысшы мамандығы қашанда жоғары сұранысқа ие, экономиканың дамуына аса қажетті жасампаз кәсіптердің бірі. Құрылысшы еңбегі әр тұрғынның өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін игілік пен тұрақталықтың негізі.

Шығыс Қазақстанның құрылыс ұйымдары өңір үшін маңызды ауқымды жобаларды жүзеге асырып, облыстың білім, медицина, көлік салалары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік базаларын жаңартуға сүбелі үлес қосып келеді. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі бізді ұзақ жылдар бойы қуантып, ұрпақ игілігі үшін қызмет етсін. Әрдайым халықтың алғысына бөлене беріңіздер!

Баршаларыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін!

 

Шығыс Қазақстан

облысының әкімі                                                                                                                    Д. Ахметов

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.08.2019 / 10.08.2019