Жаңалықтар

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс атауы:

2019/2020 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурсты ұйымдастырушы:

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 22 шілдеден 26 шілдеге дейін, сағат 9: 00-ден 18:00-ге дейін.

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі-Ереже).

Мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа әскери, арнайы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және жоғары оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші шекті мәннен төмен емес (85%), әкім өкімімен бекітілген мамандықтар тізбесіне (2 қосымша) сәйкес жоғары оқу орындары қатысады.

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары білім басқармасының жұмыс органы «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ келесі құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді береді (44 тармақ, 6 тарау):

- Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО-ның өтінімі;

- Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО сауалнамасы;

- Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен расталады және «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ ұсынылады.

Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестік дәрежесін анықтайды.

Осы қосымшалар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ұсыныстардың электрондық нұсқасын center_tipo@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер жапсырылған конверттерде мына мекен-жайға жіберіледі:

Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1 қабат 2 кабинет.

Байланыс телефондары 8/7232/701 025, 701 130.

Предворительное размещение  государственного образовательного заказа по группам образовательных программ на 2019-2020 учебный год за счет средств местного бюджета

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.07.2019 / 12.07.2019