Жаңалықтар

Ардагерлерге алғысымыз шексіз 

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Ардақты ардагерлер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жылдан-жылға біз әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін терең түйсінетін болдық, олар барлық 1418 күн мен түн бойы 1945 жылдың жеңісті мамырын жақындатуға күш салды.

Облысымыздың аудандары мен қалаларынан майданға шамамен 180 мың азамат аттанды. 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Береке-бірліктің алапат күші тек ұрыс даласында ғана көрініс берген жоқ, сондай-ақ тыл еңбеккерлері де Жеңіс үшін ерлікке пара-пар істер атқарды. Біздің облыс ондаған эвакуацияланған зауыттарды қабылдап, жауды жеңуге айтарлықтай үлес қосты. Жерлестеріміз күн-түн демей тылда қызу жұмыс істеп, әскерді оқ-қарумен, азық-түлікпен, киім-кешекпен барынша қамтамасыз етуге тырысты.

Біз жауынгерлеріміздің ерен ерліктерін, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктері мен адалдықтарын жүрегімізде мәңгі сақтайтын боламыз. Бейбіт заман үшін майданда жан беріп, тылда жанқиярлықпен тер төккен барша азаматтардың даңқы арта береді, есімдері халық жадынан өшпейді! Сіздерге – ардагерлер, батырлықтарыңыз бен батылдықтарыңыз үшін, ашық аспан үшін, жас ұрпақтың бақытты өмірі үшін тағзым етіп, алғыс білдіреміз!

 

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.05.2019 / 09.05.2019