Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даңқы мен айбынын паш етіп, ардагерлеріміздің ерлігін дәріптейтін, жауынгер ұрпақтың сабақтастығын жалғайтын ерекше күн.

Бүгінгі күні біздің жерлестер әскері қатарында өзінің әскери қызметін абыроймен атқарып жүр. Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап олар аса абыройлы міндет – еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты қорғауды, шекараның бүтіндігін сақтауды, барша қазақстандықтың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуді мойындарына алды. Бұдан артық құрметті әрі маңызды міндет жоқ.

Олардың асқақ рухы, ерлігі мен антқа адалдығы нағыз азаматтық пен патриотизмнің жарқын үлгісі.     

Отан қорғаушылар, Сіздерге Отанға деген ерекше құрметтеріңізді бейбіт өмірде ғана дәлелдеуге тілектеспін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен кәсіби тұрғыда биік белестерді бағындыруды тілеймін!

                                                                                                                           

 

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.05.2019 / 07.05.2019