Жаңалықтар

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде 8 - (7232) - 24-06-05 нөмірі бойынша сенім телефоны қызмет жасайды.

Сенім телефоны арқылы Сіздер экономика саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде жалған кәсіпкерлік, бюджеттік қаржыны ұрлау, экономикалық контрабанда, мұнай және мұнай өнімдерінің, алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы, ойын бизнесі, салықтық саласындағы қылмыстар, әдейi банкроттық, төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу, жалған банкроттық, кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану, банктiң ақшасын заңсыз пайдалану (ұсыну), жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу, ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, терроризм мен экстремизмді қаржыландыру, параға коммерциялық сатып алу және басқа да деректері туралы фактілерді хабарлай аласыздар.

Сонымен қатар, басқа сұрақтарға байланысты 8-(7232)- 29 56 51 телефон нөмірі арқылы немесе 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі 10/1 мекен-жайы бойынша хабарлауға болады.

Басқа экономикалық құқық бұзушылықтар сұрақтары бойынша әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін Департаменттің жауапты лауазымды тұлғаларымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.05.2019 / 06.05.2019