Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мейрам біздің қоғамдағы бейбітшілік пен жасампаздықтың жарқын көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі, бүгінде беделіне айналған бірлігінің арқасында Қазақстан толағай табысқа жетіп, төрткүл тараптың жоғары мәртебесі мен құрметіне ие болды.

Халқымыз қастерлеген басты құндылықтар біздің қоғамның дүниетанымын нақтылап қана қоймай, ел дамуының айқын бағытына айналды.

Экономиканың, әлеуметтік саланың және қоғамдық сананың жаңғыруы халық достығының ары қарай нығаюына ықпал етеді. Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыруға өңірдің көпұлтты тұрғындары сүбелі үлес қосып келеді. 

Мамыражай айдың алғашқы мерейлі мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт пен амандық тілеймін.

Әр шаңырақтың ынтымағы пен бірлігі арта берсін. 

 

 

Даниал АХМЕТОВ,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.05.2019 / 01.05.2019