Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу қызметі –8 - (7232) - 29-56-51 (кезекші бөлім),   8 - (7232) - 24-06-05 сенім телефондарының қызмет жасайтындығын хабарлайды.

Сенім телефондары арқылы  Сіздер  экономика саласындағы  құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде жалған кәсіпкерлік, бюджеттік қаржыны ұрлау, экономикалық контрабанда, мұнай және  мұнайөнімдерінің, алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы, ойын бизнесі, салықтық саласындағы қылмыстар, әдейi банкроттық,төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу,жалған банкроттық,кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану,банктiң ақшасын заңсыз пайдалану (ұсыну), жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу,ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, терроризм мен экстремизмді қаржыландыру,параға коммерциялық сатып алу және басқа да деректері туралы ақпараттарды кезекші бөлімнің телефондары: 8 -(7232)- 29-56-51,  8- (7232) - 57-89-99, 8 - (7232) - 24-06-05- сенім телефоны арқылы немесе 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі 10/1 мекен-жайы бойынша хабарлай аласыздар.

Сонымен қатар, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі  қызметкерлері  тарапынан   орын  алған  сыбайлас  жемқорлық (сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік), оның ішінде  қызмет  бабын  асыра  пайдалану, пара алу, пара беру  және   т.б. деректері  хабарлауға  болатындығын  ескертеміз.

Әр аптаның  сәрсенбі  күндері  Департаменттің  жауапты лауазымды тұлғаларымен  аталған сұрақтармен азаматтарды  жеке  қабылдау    өткізіледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2019 / 11.04.2019