Жаңалықтар

019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат

«ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі №90 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, инновациялық қызмет субъектілері арасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы (бұдан әрі - АӨК) инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

АӨК саласындағы инновациялық жобаларды іріктеу облыстың АӨК қажеттілігіне сәйкес және агроөнеркәсіп кешенінің мынадай салалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

мал шаруашылығы саласында:

- «Ет бағытындағы мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, ет өндіру көлемін және оның экспортқа бағыттылығын өсіру үшін инновациялық технологияларды енгізу»;

- «Сүт өндіруді арттыру, оның сапасын, сүт экспортын және өңделген сүт өнімін арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу»;

- «Бал ара шаруашылығының экспортқа бағытталған өнімін алу үшін технологиялық тәсілдерді енгізу»;

- «Панты өнімдерін өндіру, дайындау және қайта өңдеудің инновациялық технологияларды енгізу»;

- «Шығыс Қазақстан жағдайында тауарлы балық шаруашылығын жүргізудің жаңа түрлері мен технологияларын енгізу»;

өсімдік шаруашылығы саласында:

- «Шығыс Қазақстан облысының шаруашылықтарында мал азығы дақылдарын өсірудің инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»;

- «Шығыс Қазақстан жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді арттыру үшін IT-әдістерін енгізу»;

- «Шығыс Қазақстан облысының фермерлік шаруашылықтарында нақты фермерлік техниканы (егістің электрондық карталары, арамшөптің электрондық карталарын, метеостанцияларды пайдалану) енгізуді үйрету және тарату»;

- «ШҚО-да картоптың ерте пісетін сорттарын өсіру үшін органикалық жасыл технологияларды қолдана отырып, өндірістің инновациялық технологияларын енгізу, топырақ құнарлылығын  сауықтыру және қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу»;

- «Сауықтырылған және элита өнімді ауылшаруашылық дақылдарын алу үшін негізгі ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығында биотехнологияның инновациялық тәсілдерін енгізу».

Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін өтінім берушілер ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны енгізу жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасы;

5) аталған ауданда және атап айтқанда аталған шаруашылықта жобаны іске асыруды таңдауға негіздеме;

6) инновациялық жобаны іске асыруға қатысушы өтінім беруші мамандардың түйіндемесі;

7) аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;

8) заңды тұлғалар үшін:

заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы белгіленген нысандағы анықтаманың немесе тіркеуші орган берген куәліктің түпнұсқасы;

салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударылымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

өтінім берушінің банкке немесе банктің филиалына міндеттемелердің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан артық  мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің және банктердің филиалдарының, оның ішінде шетелдік банктердің  қол қойылған және мөрі бар анықтамаларының түпнұсқалары. Анықтама өтінім берілген сәтте бір айдан ерте берілмеуі тиіс;

ғылыми-зерттеу ұйымының аккредиттелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелері;

9) жеке тұлғалар үшін:

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басы куәлігінің, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін не салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларымен қоса берілген олардың көшірмелерін;

салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

Өтінім және оған қоса берілетін барлық басқа да құжаттар бір папкаға салынып, беттері нөмірленеді және конвертке салынады.

Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Құжаттар конкурс өтетіні туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Өскемен қ. Головков к-сі, 38/40, № 20 кабинетте қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7232) 700-706.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 29.03.2019 / 29.03.2019