Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар! 

Сіздерді Жаңа 2019 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін, бірлік пен береке қанат жайып, тұрақтылық пен татулық салтанат құрған табысты жыл болды. Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім артқан көпұлтты Қазақстан халқы биік белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жеткізді.

Жасампаздық пен жарқын істердің бастамашысы болған, Шығыс Қазақстан облысы да талай жаңалықтар мен жеңістердің жаршысына айналды. Аймағымызда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді.
Бұның барлығы – өмір сапасын жақсартуға негізделген, ортақ істің оң нәтижесі.

Осы ретте, мен, берекелі бірлігі – үлгіге айналған, Шығыс Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын!

Келер жыл да, баршамыздың жұрт болып жұмылып,
Ұлы замандасымыз ұсынған – ұлы міндеттерді абыроймен іске асыратын жыл болады деп, бек сенемін!

Қадірлі ағайын!

Жаңа жыл әр шаңыраққа береке-бірлік, кетпес дәулет, мол ырыс әкелсін!

Ел іргесі аман, жеріміз тыныш болып, Ұлы Дала елі – Қазақстан Республикасы өркендей берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Даниал Ахметов

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 29.12.2018 / 29.12.2018