Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар!

 

Сіздерді Қазақстанның Республикасының ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Іргелі елдің көк туын желбіреткен бұл күн – Ұлтымыздың рухы жаңғырған, сан ғасырлар бойғы асқақ арманы орындалған тарихтың тағылымы мол алтын парағы.

Егемендік еңсесі аз уақытта Қазақстанды елу дамыған елдің қатарына қосты. Шаңырағына татулық туын тіккен, саяси тұрақты қоғам құра білген жас мемлекеттің әлем алдындағы биік беделі, ең алдымен, біртұтас халықтың жасампаз еңбегі мен бірлігінің арқасы. Егемендіктің 27 жылында Ұлт көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел басшылығы мен сарабдал саясатының арқасында Қазақстан қуатты экономикасы бар, әлеуеті артқан елге айналды.

Қадірменді жерлестер, осынау маңызды мейрамда баршаңызға зор денсаулық, баянды ғұмыр, әр шаңыраққа ынтымақ пен ырыс тілеймін!  

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 14.12.2018 / 14.12.2018