Жаңалықтар

Құрметті жерлестер! 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттік мереке - елдің Елбасына деген ізгі ілтипатынан туған нағыз халықтық мейрам.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қуатты мемлекетке айналып, дамудың даңғыл жолымен жүріп келеді. Елбасының кемеңгер саясатының негізінде экономикамыз еселене өсіп, заман талабына сай қайта құрылды. Кемел басшымыздың қажыр-қайратының арқасында ынтымағы жарасқан Отанымыз бейбітшілік пен татулықтың тал бесігі атанып, халықаралық аренада сенімді әріптес ретінде танылды.

Қадірменді жерлестер! Осындай айтулы мерекеге орай, әр отбасына амандық пен бақыт-береке тілеймін! Дара да дана көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз бұдан да биік белестерді бағындыра берсін!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 30.11.2018 / 30.11.2018