Жаңалықтар

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен өткізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Арыстанбекпен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша тұрақты түрде семинарлар өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйек күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылы мен Шар қаласында кездесулер ұйымдастырылып, оған жұмысына мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған салаға қатысты сұрақтар қойылып, семинар өзара пікір алмасу түрінде өтті.

Кездесу барысында Жарма ауданының әдеп жөніндегі уәкілі  Д.Т. Ақзамовтың 2018 жылдың 8 айында атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалып, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинар-кеңестің соңынан Әдеп жөніндегі уәкілмен өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, семинар барысында мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізіліп, әкім аппараттарында құрылған тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жасалды.

2018 жылдың 20 қыркүйек күні осыған ұқсас іс-шаралар Көкпекті ауданынынң Көкпекті ауылында ұйымдастырылып өткізілді.

 

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.09.2018 / 24.09.2018