Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айының бірінші онкүндігінде  Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі  Р.А. Арыстанбекпен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Аягөз, Үржар, Абай аудандарында семинарлар-кеңестер өткізілді.            Семинар-кеңестің жұмысына мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған салаға қатысты сұрақтар қойылып, семинар өзара пікір алмасу түрінде өтті. Семинар-кеңестің соңынан Әдеп жөніндегі уәкілмен өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, семинар барысында мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.09.2018 / 11.09.2018