Жаңалықтар

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған мемлекетіміздің Негізгі Заңы біздің еліміздің демократиялық жолды ұстанып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруымыздың берік іргетасы болып қаланды. Осы уақыт аралығында, Қазақстан, зайырлылық және құқықтық қағидаттарын берік ұстанып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел басшылығымен әлемдік аренада өз орнын тауып, биік белестерді бағындырды.

Бұның барлығы, Қазақстан Конституциясы – дамудың, бейбітшілік пен келісімнің негізі болғанын айқын дәлелдейді.

Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді осынау атаулы күнмен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыстар мен туған елдің одан әрі өркендеуін тілеймін!

Еліміздің бейбіт туы көкте желбіреп, Ата Заңымыз абыройымызды асқақтата берсін!

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі                                                      

Даниал Ахметов