Жаңалықтар

Құрметті шығысқазақстандықтар!

 

Ұлы Дала елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Өткен күн мен болашақты бойына сіңіріп, халқымызды Ұлы мақсаттарға жетелеу жолында бас қаланың тарихи ролі мен саяси мәні ерекше.

Әлемдегі ең жас, ХХІ ғасыр қаласы – Астана, жаңа идеялар мен инновациялардың тоғысқан орталығы, түрлі ұлт пен ұлыстың, діндер мен конфессиялар өкілдері жиналып, жаһан жұртын бейбітшілікке үндеген Жерұйық мекен.

Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел басшылығымен салмақты саяси шешімдер қабылданып, халықаралық маңызы бар басқосулар өтетін Астана – дүние дидарын өзіне аудартып, батыл бастамаларымен болашақ алдындағы бітімгерлік борышын абыроймен атқарып келеді.

Күллі Қазақ Елі Елордаға қарап бой түзейді.

Күншығысты мекендеген көпұлтты халқымыздың жасампаз еңбегінің арқасында өңір өндірісінің өрісі кеңейіп, экономика нығайып келеді.

Бұның барлығы – берекелі бірліктің, тату тірліктің жемісі!

Қадірлі жерлестер, баршаңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, отбасыларыңызға баққуаттылық, егемен елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Даниал АХМЕТОВ