Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

2 сәуір

1. Шағын аппараттық кеңес

Нәтиже: Облыс әкімінің орынбасарына Аягөз ауданына барып, 70 үйге олардың апаттық жағдайына баға беру үшін комиссиялық байқау жүргізу, әкімдіктің табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (шығынды) өтеу ережесін сақтау бойынша қызметін талдау тапсырылды.

Тасқын жағдайының салдарын жою, баспана сатып алу, үйлерді күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпараттың БАҚ-тарда жариялануын қамтамасыз ету тапсырмасы берілді.

Облыс қалалары мен аудандарындағы тұрғын үйлердің орташа құны мәселесі қаралды, су басудан бүлінген үйлердің орнына үйлер сатып алуға қажет қаржы сомасын есептеу жүргізілді.

Өскемен және Семей қалаларындағы жер телімдерін цифрландыру мәселесі бақылауға алынды.

Бизнесті жүргізудің жеңілдігі рейтингісі бойынша талдау әзірлеу тапсырмасы берілді.

 

2. Қалалар мен аудандар әкімдерімен тасқын жағдайы бойынша селекторлық кеңес

 

Нәтиже: Малеев ауылы аумағындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Су басқан үйлердің орнына үйлер сатып алуға қажет соманы алдын ала есептеу тапсырылды.

Болжанып отырған температуралық режимнің көтерілуіне (+17°С дейін) байланысты су тасуы мүмкін барлық бағыттар бойынша бақылау гидробекеттерін орнату бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісі бойынша мәселе қаралды.

 

3 сәуір

 

1. Облыс әкімі ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысына қатысу

 

2. Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуін іске асыру бойынша кеңес

 

Нәтиже: 1) «Әр отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» 1-ші бастамасы бойынша:

- «ҚТҚЖБ» АҚ аясында ипотекалық баспана алу үшін экономикалық және қаржылық мүмкіндіктері бар адамдар санын анықтау;

- тұрғындардың түрлі топтарының орташа статистикалық еңбекақылары негізінде қалалар мен аудандарда ипотекалық баспананы ықтимал алушылардың индикативті көлемін анықтау (тұрғын үйдің орташа нарықтық құнын, 2 еңбек ететін адамды, тұруға қажет шығындарды және басқаларды ескере отырып);

- 2020 жылға дейін қалалар мен аудандардағы тұрғын үйлер құрылысына арналған бос жер телімдерінің санын анықтау;

- тұрғын үй құрылысының ықтимал көлеміне ЖСҚ әзірлеу;

- ИКИ тартуды қамту;

- ЖТҮҚ құрылысы;

2) «Жалақысы аз жұмысшылар еңбекақысын арттыру үшін салықтық жүктемені азайту» 2-шы бастамасы бойынша:

- 25 АЕК-тен төмен еңбекақысы бар адамдар санын анықтау;

- тұрғындардың осы санатын несиенің түрлі формаларымен қамту;

3) «Жоғары білім қолжетімділігін және сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» 3-ші бастамасы бойынша:

- облыстағы ЖОО-лар мен колледждердің шекаралас мемлекеттермен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу;

- ЖОО-лар мен колледждер студенттеріне қосымша гранттар ұсыну;

- ЖОО-лар мен колледждерге қажетті жатақханалар санын анықтау;

- жатақхана құрылысы үшін жер телімдерін бөлу;

- жатақхана құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу;

- ИКИ тарту;

- жатақхана құрылысында МЖС дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) «Шағын несиелендіруді кеңейту» 4-ші бастамасы бойынша:

- шағын несиеге мұқтаж адамдардың ықтимал қосымша санын анықтау;

- шағын несие алу мүмкіндігі бар адамдардың қосымша санын бизнес-үрдістерге оқыту:

- оқыту бағдарламасын әзірлеу;

5) «Елді ары қарай газдандыру» 5-ші бастамасы бойынша:

- облысты 2 кезеңмен газдандыру жобасын әске асыру: 8 және 50 елдімекен.

Студенттерге арналған жатақханалардың қажетті санын анықтау тапсырылды.

Жатақханалар құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

 

4 сәуір

 

1.  Тасқын жағдайы бойынша брифинг

 

Нәтиже: ШҚО-дағы тасқын жағдайының себептерін талдау, алдын алу (жол бермеу) үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу тапсырылды.

 

2. Зырян ауданына жұмыс сапары (тасқын жағдайын бақылау)

 

Нәтиже: Зырян қаласы сорғы стансасын бөгеу, суды сору және оны іске қосу, қуаты 2000 мың т.м./сек қосымша сорғыларды қою тапсырылды.

Су басқан үйлердің орнына үйлер сатып алу мәселесі қаралды.

Зырян қаласына суды тарту үшін диаметрі 1 м 4 құбыр төсеу тапсырылды.

Зырян ауданы Сенное ауылы аумағын тікұшақпен барлау, Бұқтырма өзенінде мұз жаруды ұйымдастыру тапсырылды.

 

5 сәуір

 

1. Астана қаласына жұмыс сапары

 

2. Қалалар мен аудандар әкімдерімен облыстағы тасқын жағдайы бойынша селекторлық кеңес

 

Нәтиже: ҚР Үкіметі қорынан тасқын жағдайы салдарын жою үшін қаржы бөлуге қажет құжаттарды әзірлеу бойынша шаралар қабылданды.

Жұмыс топтарына жұмысты үйлестіру және құжаттарды әзірлеу үшін аталған аудандарға шығу тапсырылды.

 

 

6 сәуір

 

1. Семей қаласына жұмыс сапары

 

Нәтиже: әуежайды қайта құруды аяқтау, яғни жертөле орынжайын жөндеу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Семей қаласындағы ЖЭО-1-да қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау және ыстық суды 01.06.2018 ж. дейін беру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Семей қаласындағы Арбат жобасын қайта қарау тапсырылды.

Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру шаралары қабылданды, 1-ші ауланы абаттандыруды 31.05.2018 ж. дейін аяқтау (үлгі ретінде) тапсырылды.

Семей қаласындағы ЖМЖА-да 2-ші қабаттағы қолданыстағы операциялық залдар базасында гибридті операциялық зал орнату мәселесі қаралды.

Қажеттілікті жоспарлау кезінде медициналық жабдықтарды қолданудың барынша тиімділігін қамту тапсырылды.

 

 

2. Қалалар мен аудандар әкімдерімен тасқын жағдайы бойынша селекторлық кеңес

 

Нәтиже:

Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысын және үйлерді су басу салдарын жою бойынша қабылданған шараларды түсіндіру үшін үйлері су басудан зардап шеккен Аягөз қаласы тұрғындарымен кездесу өткізу тапсырылды.

Шемонаиха ауданы әкімінің м.а. Д.А. Горьковойдың, Семей қаласы әкімі Е.Б. Сәлімовтің, Зырян ауданы әкімі Н.Т. Тоқсейітовтің ақпараттары назарға алынды.

ҚР Үкіметі қорынан қаржы бөлгізу үшін қалпына келтіруге жарамсыз үйлер бойынша құжаттама әзірлеу тапсырылды.