Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

26 наурыз

1. ШҚО-дағы тасқын жағдайы туралы брифинг

Нәтиже: Өскемен қаласындағы жекеменшік тұрғын үйлерді тасқын су басу салдарын жоюдың материалдық шығыны анықталды.

Аягөз қаласындағы тасқын судан зардап шеккендер үшін үйлер сатып алу жұмыстары аяқталды.

Аягөз қаласындағы тасқын судан зардап шеккендердің үйлерінде жөндеу жұмыстарын атқаруға кірісу тапсырылды.

Катонқарағай ауданындағы тасқын судан зардап шеккендер үшін үйлер сатып алу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Шемонаиха ауданындағы тасқын судан зардап шеккендер үшін үйлер сатып алу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Тасқын су басу жағдайына мониторинг жүргізу, тұрғындармен қабылданған шараларды түсіндіру жөнінде кездесулер өткізу, жедел шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жалғасты.

 

2. Трамвай паркін дамыту туралы кеңес

 

Нәтиже: сот орындаушыларының еңбекақы қарызын дереу өтеуі бақылауға алынды.

Тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді: жылжымалы құрам мен трамвай жолдарына.

Трамвай паркінің жұмысын ширату бойынша Іс-шаралар жоспары ұсынылды (ағымдағы жөндеу, қажетті қаржы және т.б.). 

 

27 наурыз

1. ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысы

 

2. Тасқын су басу жағдайына байланысты Аягөз ауданынан жұмыс сапары

 

Нәтиже: Семей қаласы және Тарбағатай ауданы мердігер ұйымдарын тарта отырып Аягөз қаласындағы тасқын судан зардап шеккендердің үйлерін жөндеу бойынша шаралар қабылданды.

Аудан мәслихатын және жұртшылығын тарту арқылы Аягөз қаласында атқарылып жатқан тасқын салдарын жою шаралары туралы тұрғындармен жұмысты ширату тапсырылды.

 

28 наурыз

 

1. ШҚО-дағы тасқын су басу жағдайы туралы кеңес

 

Нәтиже: тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеуге арналған сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша шаралар қабылданды, жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Тасқын салдарын жою бойынша шаралар қабылданды, қажет бойынша Катонқарағай ауданына сапарға шығу іске асырылды.

Тасқын су басу жағдайын зерттеу мақсатында Зырян, Катонқарағай, Шемонаиха аудандарын тікұшақпен барлау іске асырылды.

Тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеу бойынша сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаржы бөлу бойынша шаралар қабылданды.

Аягөз қаласындағы тасқын судан бүлінген үйлердің орнына үйлер (33 үй) сатып алу бойынша жұмыстар аяқталды.

Глубокое ауданындағы тасқын су басу жағдайына мониторинг жүргізуге бекітілген жауапты тұлғалардың қызметін бақылау тапсырылды, тексерулер күн сайын ақпаратты ұсыну арқылы жүргізілуі тиіс.

 

2. Қалалар мен аудандар әкімдерімен ШҚО-дағы тасқын су басу жағдайы туралы селекторлық режимдегі кеңес

 

Нәтиже: Глубокое ауданы Прогресс, Предгоное, Белоусовка ауылдарындағы тасқын судан зардап шеккен үйлерді сметаларға сәйкес жөндеу бойынша шаралар қабылданды.

 

29 наурыз

 

1. ШҚО-дағы тасқын су басу жағдайы туралы кеңес

 

Нәтиже: Семей қаласындағы үйлерді су басуға әкеп соқтырған Шүлбі су қоймасынан су босатуды ұлғайтуға қатысты ҚР АШМ СРК су ресурстарын сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су шаруашылығы инспекциясы басшылығының жауаптылық мәселесі қаралды.

Семей қаласындағы тасқыннан зардап шеккен үйлерге комиссиялық байқау жүргізілді, оларды жөндеу бойынша шаралар қабылданды.

 

2. Тасқын су басу жағдайына байланысты Глубокое ауданына жұмыс сапары

 

Нәтиже: Глубокое ауданындағы тасқын судан зардап шеккен үйлерді мемлекеттік қызметшілерді, студенттерді, Ұлттық Ұлан күштерін тарту арқылы тазарту ұйымдастырылды.

Глубокое ауданы Прогресс, Предгорное, Белоусовка ауылдарындағы тасқын судан зардап шеккен үйлерді жөндеу бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалды.

Үйлерді кептіру бойынша жұмыстар басталды.

Үйлерді тасқын судың қайта басуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданды.

Глубокое ауданы елдімекендерінде Глубочанка өзені бойындағы бөгендерді бекіту жұмыстары ұйымдастырылды.

 

3. ШҚО-дағы тасқын су басу жағдайы туралы кеңес

 

Нәтиже: Глубокое ауданындағы тасқын су басу жағдайының салдарын жоюға көмектесу үшін 200 студент тартылды, адамдарды жеткізуге арналған техникамен қамтылды.

Глубокое ауданына (Предгорное, Прогресс, Белоусовка ауылдары) барып, аудандағы тасқын су басу жағдайының салдарын жою жұмыстарының барысын тексеру тапсырылды.

 

4. Индустриалдық аймақтарды дамыту бойынша кеңес

 

Нәтиже: «AGRO PORTAL» ЖШС жобасын әзірлеу мәселесі қаралды.

«КХ «Игеру» ЖШС-да шығарылатын жылжымалы теміржол құрамына арналған тежегіш қалыптарын сертификаттау мәселесі қаралды.

Өскемен қаласындағы Машиностроителей көшесінде орналасқан индустриалдық аймақта компаниялар жобаларын іске асыру бойынша жұмыс кестесін әзірлеу және ұсыну тапсырылды.

Өскемен қаласындағы Машиностроителей көшесінде орналасқан индустриалдық аймақта жобаны (жарықдиодты жарықтандыру аспаптарына және басқа жарықдиодты шамдарға арналған қосалқы бөлшектерді өндіретін және шығаратын зауыттың құрылысы) іске асыру бойынша мәселе қаралды.
 

31 наурыз

1. Тасқын су басу жағдайына байланысты Семей қаласына жұмыс сапары

 

Нәтиже: Семей қаласындағы Түйемойнақ аралы, Пристань шағын ауданы, Бобровка, Мирный кенттері маңындағы Ертіс өзені жағалауын бекіту жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылданды.

Семей қаласындағы тасқын жағдайынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданды (киім-кешек, көмір, ағаш отын және басқалар).

Тасқыннан зардап шеккен үйлерде тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Су басудан зардап шеккен үйлердің жағдайын бағалау үшін оларға комиссиялық байқау ұйымдастырылды.

Үйлерді су басудан зардап шеккен адамдар орналасқан орындарда жедел мәселелерді шешу үшін Семей қаласы әкімі орынбасарларының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

 

2. Тасқын жағдайы бойынша селекторлық кеңес

Нәтиже: Зырян ауданына 4 тонна жарылғыш зат жөнелту және Малеев ауылы аумағындағы Бұқтырма өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Глубокое ауданындағы су басу салдарынан зардап шеккен үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылданды.

Үйлерді су басу салдарын жоюға және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тартылған адамдардың саны бойынша мәліметтер ұсынылды.

Су басудан зардап шеккен үйлерде тазарту жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласы ЖОО-ларының студенттері тартылды.

Су басу салдарынан бүлінген үйлердің орнына үйлер сатып алу және адамдарды жеделдете қоныстандыру бойынша шаралар қабылданды.

Үйлерді су басу салдарын жою үшін барынша көп адам тартылды.

Катонқарағай ауданындағы су басудан зардап шеккен үйлерде күрделі жөндеу жүргізу үшін қажет соманың есептері бар құжаттарды ұсыну тапсырмасы берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін қаржы бөлу бойынша мәселе қаралды.