Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

5 ақпан

1. Шағын аппараттық кеңес

Нәтиже: мемлекеттік қызмет жүйесін ары қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Семей қаласындағы ЖЭО-1, РК-1, Өскемен қаласындағы 3 подстанцияның (Жаңа, Орталық, Ахмер), Өскемен қаласындағы 200 төсек-орындық балалар ауруханасының құрылысы бойынша жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды.

 

2. Облыс әкімі ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне дәріс оқыды.

 

Нәтиже: 50 әкім ай бойы бюджеттік үрдісті басқаруды оқып үйренетін болады. Алғашқы дәріс ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы рөліне арналды.

 

3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес

 

Нәтиже: - Шыбындыкөл көлінде демалыс аумағын ұйымдастыру бойынша мәселелер талқыланды.

- Өскемен және Семей қалалары театрларының, филармонияларының қалалар мен аудандар бойынша гастрольдік қызметінің кестесі ұсынылды.

- «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің «ШҚО-дағы Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасын іске асыруға арналған бюджеттік өтінімі түбегейлі қарастырылды.

«ШҚО-дағы Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасы аясында облыстық Достық үйі базасында есептік концерттер өткізу туралы ұсыныстар енгізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық қолдау тұжырымдамасы талқыланды.

Ономастика саласындағы түсіндірме жұмыстары бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

6 ақпан

 

1. Облыс әкімі бейнеконференцбайланыс режимінде республика үкіметінің отырысына қатысты.

2. Семей қаласына жұмыс сапары

 

Нәтиже: «Абай Арена» кешені маңында 6 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылды.

Ертіс көпірін жарықтандырудың сметасы ұсынылды.

Ертіс көпірі ауданында бақылау алаңшаларын жасау бойынша ЖСҚ әзірлеу жүктелді.

Түйемойнақ аралы ауданындағы дюкерді зерттеуге смета әзірлеу, нәтижелері бойынша ЖСҚ әзірлеу шараларын қабылдау жүктелді.

Обсужден вопрос по внедрению электронного билетирования в общественном транспорте.

Қарағайлы шағын ауданына апаратын жолды қайта құру бойынша ЖСҚ әзірлеу тапсырылды.

Семей қаласы ЖМЖА базасындағы Полижарақат және ортопедия орталығына қажет құрал-жабдықтар тізімін ұсыну, оны Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтымен келісу тапсырылды.

Семей қаласы ЖМЖА базасында 2018 жылы ангиограф орнату нұсқалары талқыланды.

Семей қаласы Перинатальды орталығын медициналық құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтау бойынша құжатты әзірлеу және негіздеу тапсырылды.

 

7 ақпан

 

Зырян ауданына жұмыс сапары

 

Нәтиже: Зырян қаласында 600 орындық мектеп құрылысы бойынша ұсыныстар енгізілді.

Зырян қаласындағы жыл сайын көппәтерлі тұрғын үйлер (100 пәтер) құрылысы бойынша ұсыныстар енгізілді.

Зырян қаласындағы және Зырян ауданындағы автожолдар жөндеуі бойынша ұсыныстар әзірлеу жүктелді.

Зырян қаласында жарықты-музыкалық субұрқақ құрылысы бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Зырян қаласындағы шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты секцияларын толтыру (әр секцияға 150 баладан) және қажетті жабдықтар сатып алу бойынша шаралар қабылданды.

Робототехника және жаңа үлгідегі кабинеттерді бекітілген жоспарға сай әзірлеуді жалғастырылды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептерде өлкетану мұражайларын ашу жұмыстарын жалғастыру жүктелді.

8 ақпан

 

1. «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ қызметі бойынша кеңес

 

Нәтиже: «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ қазметі бойынша ұсыныстар зерделенді және енгізілді (штаттық кесте, 2018 жылдың соңына дейін санды, қызметтерді, мақсаттарды, міндеттерді және жоспарларды негіздеу).

 

9 ақпан

 

1. Астана қаласына жұмыс сапары