Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

19 - 20 ақпан 

1. Астана қаласына жұмыс сапары 

Облыс әкімі Үкімет Үйіндегі республика үкіметінің отырысына қатысты.

21 ақпан

 

Облыс әкімі Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы Жәмішев Болат Бидахметұлымен кездесті.

 

Нәтиже: Жарма ауданындағы Цемент зауытын ары қарай несиелендіру және дамыту, Өскемен мен Семей қалалары автобус парктері үшін автобустар сатып алу мәселелері талқыланды.    

 

22 ақпан 

 

1. Облыстық әкімдік отырысы 

 

Нәтиже: - «2017 жылдың өртқауіпті маусымының қорытындылары және 2018 жылдың өртқауіпті маусымына дайындық туралы» қаулының жобасы орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нормативтерге дейін жеткізуге қатысты толықтырулар енгізіле отырып, бекітілді.

- Экономикалық тиімділікке орай қосымша техника бірліктерін және құрал-жабдықтарды сатып алу мәселесі қарастырылды.

- Денсаулық сақтау және білім беру салаларын цифрландыру бағдарламасын әзірлеу және ұсыну тапсырылды.

- Өңірлік ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мектеп түлектерінің кетуін азайту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

- Астананың 20 жылдығына арналған Іс-шаралар жоспары талқыланды.

- Жұмыс комиссиясын құру және Өскемен, Семей қалалары мектептеріндегі білім беру сапасына талдау жүргізу тапсырылды.

- Шалғайдағы елді мекендердің интернет желісіне тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

- Нақты іске асыру мерзімдері және жауапты орындаушылары көрсетілген «Энергиятиімді жарықтандыру» жобасы бойынша іс-қимыл алгоритмі талқыланды.

- «Сергек» жобасы («Қауіпсіз ақылды қала») бойынша іс-қимыл бағдарламасы талқыланды.

- Туристік маусым кезеңінде «Алматы – Үржар», «Астана – Үржар» бағыттары бойынша коммерциялық әуе қатынасын іске қосу бойынша ұсыныстар енгізілді.

- Алакөл көлі жағалауында орналасқан демалыс базалары иелеріне салық салу бағдарламасын нақты шараларды көрсете отырып, әзірлеу тапсырылды.

 

2. Қалалар мен аудандар әкімдерімен кеңес

 

Нәтиже:

Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді:

Аула бойынша аралау барысында анықталған жеке кәсіпкерлерді белгіленген тәртіпте есепке алуды қамтамасыз ету.

- Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша индикаторларды орындау бойынша тиянақты жоспарлар әзірлеу.

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2 бағыты аясында АӨК субъектілерін шағын несиелендіру және субсидиялау бойынша 2018 жылға арналған жоспарларды қалалар мен аудандар бойынша жобалар санын және қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып түбегейлі сипаттау.

- Шемонайха ауданындағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстау. 

- Субсидиялау бойынша критерийлерді (бір сиырдан кем дегенде 4 мың литр сүт алу) әзірлей отырып, ТСФ субсидиялау (заманауи сүт құрал-жабдықтарын сатып алушыларды) бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.

- Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін сүтпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс ұсыну жүйесімен байланыстыра отырып, тұрғындардан сүт сатып алу жүйесі бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

 

23 ақпан  

 

1. Облыс әкімінің ШҚО тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 

 

Нәтиже: - өндіріске енгізу арқылы ҒЗТКЖ жобаларын, кәсіпорындарды 4.0 индустриясы элементтерін қолдана отырып жаңарту жобаларын, Кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларын іске асыру бақылауға алынды.

- Жарма ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының іске қосылуы және Зырян, Ұлан, Жарма аудандарындағы күн, жел және су электр станцияларының құрылысы бақылауға алынды. «Таза» энергияны дамыту және «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері бақылауға алынды.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды сапалы және уақытында іске асыру туралы мәселе талқыға салынды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша барлық міндеттерді орындау қамтамасыз етілді, ет өндейтін комбинаттардың құрылысы бойынша жобаларды іске асыру бақылауға алынды.

«Менің мектебім», «Білікті маман» жобаларының іске асырылуын бақылауға алу қамтамасыз етілді, ТжКББ деңгейін көтеру бойынша жаңа кешенді бағдарлама әзірленді.

Тиянақты Жол картасы бар денсаулық сақтау саласын цифрландырудың кешенді бағдарламасы әзірленді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс бақылауға алынды.

Облыс мұражайларына мектеп оқушыларының тегін негізде барулары бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

24 ақпан

 

1. «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылысы бойынша кеңес

 

Нәтиже: Семей қаласындағы «Абай-Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылысы» жобасының ЖСҚ-ға өзгерістер енгізуді қажет ететін бірқатар анықталған мәселелер бойынша талдау жүргізілді.

Семей қаласына барып, «Абай Арена» кешені базасында Жеңіл атлетика академиясын ұйымдастыру мәселесін пысықтау тапсырылды.