Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда екі ет өңдеу комбинаты салынады

 

ШҚО ет және ет өнімдерін өңдеу бойынша екі комбинат салынады. Бұл қадам мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттауда өте маңызды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 105%-дық өсіммен 270 мың тонна ет өндірілді, бұл республикалық үлестің 15%-ы. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан ел ішінде екінші орында.

Облыстың экономикалық дамуы деңгейінің басым бағыттарының бірі - аграрлық сектор. Мәселен, экспорт әлеуетін арттыру үшін аймақ мал шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын іске асыруда. Ал ет өндіру және өңдеу ісі өңір экспортын алдыңғы қатарға бастауы тиіс.

 

– Ең бастысы, бәсекелестікке бастар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, артықшылықтар тиімді қолдану, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есебінде. – Сондықтан жоғары сапалы дайын өнімдер нарығына шығу үшін «Евразия АгроХолдинг» ЖШС австралиялық компаниясымен тізе қосып, Аягөз ауданында ет өңдейтін комбинат салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек біздің тараптан нысанға 468 млн. теңгеге барлық қажетті инфрақұрылымы жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, «АгроПортал» ЖШС ирандық компанияның қатысуымен Семейде ет өңдеу комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын. Осы ретте өткен жылдың соңында ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті мен «АгроПортал» ЖШС арасында инвестициялық келісімшартқа қол қойылғандығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудың бүкіл жиынтығын жүзеге асыратын зертхана ашылады. Аймақ басшысының айтуынша, «Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау – аспан асты елінің нарығына апаратын төте жол».

– Біз үшін Қытай нарығы маңызды. Қазіргі күні облыста қазақстандық өнімдерді қытайлық стандарт бойынша сертификаттау зертханасын құру жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе бойынша биыл қаңтарда Қытай Халық Республикасынан бір топ мамандар біздің облысқа келіп қайтты. Зертхананы орналастыратын ғимарат дайындалуда. Құны миллиардтан астам теңге болатын қондырғыны жеткізу жұмысын қазан айында бастаймыз, – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, бұл зертхана елдегі бірегей орталық болмақ.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі