Облыс әкімінің аптадағы жұмысы

 25 желтоқсан       

1. Шағын аппараттық кеңес

 

Нәтиже: Өскемен қаласындағы бұрынғы ЖМЖА ғимаратын тиімді пайдалану бойынша және орташа жөндеу жүргізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

- Спорттық диспансерді көшіру және оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізілді;

- Индустрияландыру аумақтарының әлеуетті қатысушылары шақыртыла отырып, Индустрияландыру аумақтарын дамыту бойынша кешенді ұсыныстар әзірленді.

- Замануи билер ансамблін құру ұсынылды.

 

2. «Digital East» жобасы бойынша кеңес

 

- «Қауіпсіз Smart қала», «Жедел басқару орталығы», «Smart көше жарықтандыру», «ШҚО Бірыңғай есептесу орталығы», «Smart емхана» және «Smart payments» қанатқақты жобаларын іске асыру бойынша Іс-қимыл алгоритмдері әзірленді және ұсынылды.

 

26 желтоқсан 

 

1. ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысы

 

2. 2018-2021 жылдарға арналған ШҚО-да ет пен сүтті өңдеу және қайта өңдеу бойынша жобаның таныстырылымы

 

Нәтиже: - «Агрофирма Приречное» ЖШС-нің малды бордақылауға арналған орынжайлар құрылысын арзандату жөніндегі тәжірибесі зерделенді.

- Отбасылық бордақылау алаңдарында малды көбейту, ұстау, бордақылау және сою технологиялары бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді, жауапты қалалар мен аудандар әкімдері, ауылдық округтер әкімдері және округтердің ветеринар дәрігерлері көрсетілді.

- АӨК нысандарын мемлекеттік қолдаудың көлемдері мен нормативтерін анықтау бойынша ұсыныс енгізілді, олардың жер телімдерін тиімді пайдалануларын және нақты өнімділікті байланыстыра отырып.

- Сүтті өндіру және қайта өңдеуді дамыту бойынша жоба аясында СТФ заманауи сүт құрал-жабдықтарын сатып алуға және орнатуға кететін шығындарын мемлекеттік қолдау және облыс бюджетінен субсидиялау шаралары бойынша ұсыныстар әзірленді және енгізілді.

- Өңдеуші кәсіпорындардың белім беру және денсаулық сақтау мекемелерін сүтпен және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындаулары бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

3. Облыс әкімі «ШҚО құрметті азаматы» және «Жомарт жүрек» облыстық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

 

27 желтоқсан

 

1. Өскемен қаласындағы денсаулық нысандарын аралау

 

Нәтиже: Күленов кентіндегі емхана үшін қайта өзгертіліп жатқан ғимаратта болды, шағын аудан тұрғындары көптен күткен жоба құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарланған. 

- Облыстық онкологиялық диспансердің жаңа құрал-жабдықтарымен танысты. Операциялық блоктардың жағдайын тексерді, жуық арада оларды халықаралық стандарттарға сәйкес ретке келтіруді тапсырды.

- Өскемен қаласындағы елдегі бірден-бір Роботты хирургия және трансплантология орталығының құрылысы аяқталуда. Бірегей орталық 1 қалалық аурухана базасында орналасқан. ШҚО әкімі осы орталықта болып, сатылып алынған медициналық құрал-жабдықтармен танысты.

 

29 желтоқсан

 

1. ШҚО-дағы Гематология орталығының құрылысы бойынша

 

- Гематология орталығы қуаттылығының есептері әзірленді және ұсынылды.

- Гематология орталығы медициналық қызметкерлерін оқыту концепциясы қарастыруға ұсынылды.